«Күлшеқыз» Күлшеқызға өгей шешесі «45 бұршақты үш ыдысқа бөліп, екеуіне бірдей, үшіншісіне 2 есе аз сал» деп тапсырма берді. Күлшеқызға бұршақтарды дұрыс бөлуге көмектесіңдер. (9+18+18)
«Шаштараз » Таныс емес қалаға келген математик шашын алмақшы болды. Қалада екі ғана шаштараз бар, әрқайсысының өз орны бар. Біреуіне кіріп, ол оның орны лас екенін көріп, шебердің алқам-салқам киімін көріп, шашы қалай болса солай алынғанын байқады. Ал екіншісінде тап-таза, иесі мұнтаздай таза және шашы тамаша алынған екенін байқады. Аз уақыт ойланып, математик бірінші шаштаразға барды. -Неге? (қалада екі ғана шаштараз болғандықтан әрқайсысы да бірін-бірі қырқады. Демек, біріншісі – жақсы шашатараз)
«Бір мая шөп» Бір мая шөпті жылқы 1 айдың ішінде жейді, ал ешкі 2 ай, қой 2 ай жейді. Үшеуі қосылып бір мая шөпті қашан бітіреді? (Жарты айдың ішінде)
4 кезең «Сандар сыры»
Өнерлі балаларға кім жеткен,
Әр салада небір өнер көрсеткен,
Төртінші сайысты біз бастайық,
Өнерлінің әрқашанда өрісі кең – деп «Сандар сыры» атты келесі кезеңге көшейік.
Мұнда сандардан құралған мақал-мәтелдер беріледі. Мақал-мәтелдің басындағы сөйлем оқылады, жалғасын сайыскерлер жалғастыруы керек. (әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан қосылады.
1 топ
1) Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас. 2) Бес бармақ жиналса, жұдырық болады. 3) Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге жетеді. 4) Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл. 5) Жүз сомын болғанша, жүз досын болсын. 2 топ
1) Бір тал кессең, он тал ек. 2) Бес саусақ бірдей емес. 3)Досынды үш күн сынама, үш жыл сына. 4) Айдың он бесі жарық, он бесі қараңғы. 5) Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішеді…
5 кезең « Сандар сөйлейді» бұл кезеңде әр топ киелі сандар жайлы мағұлмат береді.