Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Д


Талғаулықтық салалас құрмалас сөйлемдер



бет20/63
Дата16.09.2022
өлшемі229,89 Kb.
#39259
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   63

Талғаулықтық салалас құрмалас сөйлемдер


Оқиғалардың, кісінің танымдық əрекетін, болжамды талғамдық ретпен хабарлайтын құрылымдарды талғаулықтық салалас құрмалас сөйлем дейміз. Талғаулықтық салалас құрмалас сөйлемдерді ұйымдастыруға мына жал- ғаулықтар жұмсалады: не, я, болмаса, немесе, біресе. Бұл қызметте жоқ, əлде


сөздері де пайдаланылады.
Бұл талғаулықтық жалғаулықтардың, талғаулықтық қызметінде жұмса- латын сөздердің ерекшеліктері бар.
Жалғаулықтардың көбі негізінен бір позицияда компоненттердің жі- гінде жұмсалады.
Тарасын бұл арадан. Қу томардай сорайып жалғыз ұлықтың өзі қалсын немесе соның бауырына тығылған сұмдар қалсын (М. Əуезов).
Мына жалғаулықтар екі позицияда əр компоненттің басында тұрып қатысады: біресе, не, я, əлде.
Не мен жатырқаған шығармын, не сен өзгерген шығарсың (С. Мұқанов). Я белгілі мамандығым жоқ, я алға ұстаған мақсатым жоқ (Д. Досжанов). Жоқ, əлде сөздері сұраулы компоненттер қатысқан құрмалас сөйлем-
дерді ұйымдастыруға жұмсалады.
Жылқыға қасқыр шапты ма жоқ Əзімбайлар қашаған қуғызып жүр ме
(М. Əуезов).
Жоқ əлде бір сөйлемде қатар тұрып қатысады14.
Үйдің ішін тұмандата тұнып тұрған папиростың түтіні жыбырлат- ты ма жоқ əлде қалғып отырған Бөлекбасты оятқысы келді ме? (Ə. Əбішев). Талғаулықтық салалас құрмалас сөйлемдер іштей мынандай грамма-
тикалық-семантикалық топқа бөлінеді:

  1. Альтернативтік талғаулықтық салалас құрмалас сөйлемдер. Бұл құр- малас сөйлемнің компоненттері атаған оқиғалардың, іс-əрекеттердің біреуі ғана расталады, жүзеге асады.




13 Əбілқаев А. Де етістігінің мағыналары мен қызметі. – А., 1958.
14 Бұл сөздердің жалғаулыққа айналу процесіне байланысты.


«Қой, Оспан енді өзіңді өзің қолға ал» деген сөзді əлде көңлі айтты, əлде өзі айтты, əлде күңгірттенген көктен жетті (Ə. Тарази).
Бұл топқа жататын сөйлемдер формаға бай: баяндауыштары өткен шақ, келер шақ формада тұрып, бұрынғы, келешек оқиғаларды болжаулы талғауға түсіріп хабарлайды. Баяндауыш болжамды модальдық форма алады.

  1. Мезгілдік талғаулықтық сөйлемдер. Бұл құрмалас сөйлемдер біресе жалғаулығы қатысып жасалады. Сөйлем мезгіл жағынан алмасып, кезек- пен талғанып болатын оқиғаларды, іс-əрекетті хабарлайды.

Біресе лейтенант ашық жүзді, кең маңдайлы ақ құба жігіт сияқтанады, біресе ол күнге күйген күрең жүзді көрініп кетеді (Ғ. Мүсірепов).
Теңіздің беті біресе тынши қалады, біресе бұйра толқындары жағаға секіріп жатады (Ж. Аймауытов).
Потенциялды талғаулықтық сөйлемдер.
Қазір не жаз басындағы жастардың арасында таң атқанша отырып өлең айтатын сауық жоқ, не көңіл көтеретін бас қосқан той-топыры жоқ (М. Əуезов).
Не көз тоқтатар қылаң көрінбейді, не құлақ қағар дыбыс естілмейді. (С. Мұратбеков).
Əкемнің бар малын сол айдатып алып, сымпидық та қалдық. Не мал жоқ, не үй жоқ, не тамыр-таныс жоқ. Жаппаның астында жаттық (Ж. Аймауытов).
Талғаулықтық құрмалас сөйлемнің бұл түрінің баяндауышы болымсыз формада, болымсыз мағыналы сөзден жасалады. Компоненттер хабарлаған іс-əрекеттің, оқиғаның бəрі болмайды, іс жүзіне аспайды. Бірақ сөйлеуші, субъект үшін қалаулы.
Аталған құрмалас сөйлемдерді да, де демеуліктерін қатыстырып құруға болар еді: Көз тоқтатар қылаң да көрінбейді, құлақ қағар дыбыс та естілмейді. Осылай құрылған құрмалас сөйлем оқиғаларды санақтап атай- ды, талғаулықтық мағына жоғалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет