Біреуін де алғаным жоқ, алмаған себебім – со кезде батыс жақтанқалыңбұлтшығып,беріқарайдауылдатыпжылжибастады(С. Мұқанов). Байланыстырушы қайталама (алмаған себебім) былай жасалған. Бірінші компоненттің баяндауышы есімше формасын алып себеп сөзіне тіркескен де байланыстырушы қайталама болып жұмсалған. Себептəуелдік жалғауын
жалғап (себебі) субъектіге қатысын білдіріп тұр.
Гундар Европаға көшті, көшкен себебі – су тапшы болды («Қазақ ба- тырлары»).
Қайталамадан соң сызықшаның қойылуы осы үлгідегі себептік іргелес салалас сөйлем жүйесіне қатысына байланысты.
Қайталаманың ықшам ұйымдасуы бар: себеп сөзі қатыспайды, қайта- лама есімше тұлғада субстантивтеніп қатысады. Қайталама келесі компо- нентке сырт бастауыш болып байланысады.
ГундарЕвропағакөшті,көшкені– сутапшы болды.
Сөйтіпілгергі компонентті қайталап, оны кейінгі компонентпен себеп- тік қатынасқа түсіреді.
Қызбенуағдаласыпжүріп,құдатүсеміз,қолданаламыздепотырғанда қызды алып қашты, сөйтіп екі ауылды үлкен дауға қалдырды (Ə. Асқар).
Бірінші компонент атаған оқиға екінші компонент атаған оқиғаның бо- луына себеп ретінде байланысқан.
Деп-ті жалғаулық қатарына жатқызып, оның құрмалас сөйлемдер құ- руға қатысуын анықтап айтқан Н.Т.Сауранбаев болатын. Бұл тұжырымды Н.Т. Сауранбаев 1940 ж. шыққан еңбегінде айтқан12.
Н.Т. Сауранбаев деп ұйымдастыратын құрмалас сөйлемдер білдіретін синтаксистік қатынасты танытатын мысалдар да келтірген. Олар мыналар:
Хабаркелеме деп,күнсайынкүтеді.
Осыалдапқолғатүсіргеліжүрмедеп,ойлағанАмантайуəдеберген жоқ.
Бүгіндері деп анық жалғаулық болып қалыптасқаны анық. Ол күрделі процестерді басынан кешіріп жалғаулыққа айналды.
Депұйымдастырған салалас құрмалас сөйлемдер мынандай мағыналық қатынастарды білдіреді.
Себептік қатынас
Асан бұзылады деп, біз де бұзыламыз ба? (Б. Майлин). Қорыққанын сый- лайтын жұрт, сен Керімбайдың баласы деп, сенен де ығып жүретіндей еді (Б. Майлин).
Объектілік қатынас
Басқаның реті келмес деп, өздері де ойлап отыр (Б. Майлин). Күлтай болысболадыдеп,ешкімойланадаалғанжоқ(Б. Майлин). Оспаносында деп түсіндік (Б. Майлин).
Депбастапқы лексикалық мағынасынан түгел қол үзіп кеткен жоқ.
Лексикалық мағынасы бой көрсетіп тұрады.
Алдыңғы компоненттің бастауышы кісіге байланысты атауыш сөз бо- лып келсе, ол кейде депсөзіне тікелей қатынасып, табыс септік формасын алады да, объект ретінде көрінеді.
СеніКерімбектіңбаласыдеп,жұртсененсескеніптежүретін.
Деетістігі екі мағынаны бойына сидырып жұмсалады: «ойлады»,
12СауранбаевН.Т.Деспричастия и их семантика в казахском языке. – Академик Нығмет Сауранбаевтың еңбектері.– А., 2000. –1-т. – 243-246-б.
Осы екі мағынасы негізінде депжалғаулыққа ауысты.
Деп бірінші компоненттің жетегінде тұрып, соны екінші компонентке қатыстырады. Осы позициясына сай үтір жалғаулықтан соң қойылып жүр. Деп арқылы жасалған құрмалас сөйлемдер себептік, объектілік қаты- насты білдіретін басқа құрылымды конструкциялармен параллель жүріп жұмсалады. Бірақ бұлардың өз талғану себептері бар. Ол себептер мыналар:
Негізгі коммуникативтік талапты өзінше, өзгеше жолмен білдіруі.