Жаз
Жерің анау,
Жасыл жолақ кілемдей. Желің мынау,
Жігіт айтқан өлеңдей. Көлің анау,
Той ғып жатқан ауылдай. Күнің мынау,
Елжіреген енеңдей.
Күз
Жерің анау,
Шала илеген терідей. Желің мынау, Дарымшының деміндей. Көлің анау,
Насыбайлы түкірік, Күнің мынау, Ауылнайдың мөріндей.
Қыс
Жерің анау,
Ақ кебенек, кебіндей Желің мынау,
Ел күңіренген өлімдей. Көлің анау,
Көк пияла темірдей. Күнің мынау,
Тұманды, түк көрінбей.
(І. Жансүгіров)
Конструкция мынадай коммуникативтік қатынастарды атап жүр.
Конструкция сөзді эмоциялы етіп хабарлауға жұмсалып жүр. Бұл əсіресе негізгі компоненттің баяндауышы ретінде аффектілі сөздер жұм- салған сөйлемдерде анық байқалады.
Отырысы мынау, омалып (Б.Майлин). Не көретіні бар, мал болса анау, қотанда жатқан (А. Нұрманов). Шілденің ыстығы мынау, даланың ербең етер жəндігін жым-жылас жұтып қойған секілді (О. Бөкеев).
Күн еңкейіп, көкжиекке жақындай берді. Жайдары жатқан көк дала кешкі күнге кеудесін тосып, еркелей керілді. Бозторғайлар ұясының үстін- де қалықтап, шексіз даланы толқыта тыныштық əнін салады, бір-ақ əн, мөлдір таза əн... (Ғ. Мүсірепов).
Сөйлемді шұбалаңқы етпеу үшін ол сегменттер амалы ретінде қыз- мет етеді.
Ол біздің келін ғой, келі түйіп жатқан («Жас алаш»). Күшіңді мынауыңа қылсаңшы, көзіңді ағартып жүрген (І. Жансүгіров). Білсең, бұлар анадан туғалы теңіз кешіп, тор сүйретіп жүрген кісілер, теңіздің астын атының басындай білетін (Ə. Нұрпейісов).
Шымылдық түсірулі еді. Үй ішіне үш əйел кірді. Ортадағысы – Абайдың үлкен енесі, Алшынбайдың əйелі, семіз қара бəйбіше. Қасындағы орта жасты, ақ сары əйел – Абайдың өз енесі, Түсіптің қатыны (М. Əуезов).
Идентивтік қатынасты білдіретін салалас құрмалас сөйлемдер
Идентивтік қатынасты білдіретін құрмалас сөйлемдердің бірқатар бел- гілері мына тəрізді жай сөйлемдерге ұқсас.
Балам – инженер. Аллюминий – металл.
Бұл жай сөйлемдердің бастауышы да, баяндауышы да атау септік зат есімдер, атау септік баяндауыштар екі заттың идентивтік сапасын, таби- ғатын атап тұр. Бастауыш пен баяндауыштың арасында созылыңқы пауза бар. Осы пауза екі мүшенің арасындағы идентивтікті білдіреді. Берілген конструкция жай сөйлем жүйесінде биноминативті сөйлемедер деп аталған.
Осы сипат Жиренше шешен туралы аңыздан елге тараған мына құрмалас сөйлемде бар деп есептейміз.
Қатын өлді – қамшының сабы сынды.
Бұл конструкцияда екі компонент бар: а) екі компоненттің арасына созылыңқы пауза түскен; ə) екі компонент хабарлаған оқиғалар идентивті ретінде байланысқан.
Осы белгілеріне сай біз осы түпкі конструкцияны идентивтік қатынас- ты білдіретін іргелес құрмалас сөйлем деп атадық. Бұл конструкциялар фольклор аясынан көрініп жүр. Ілгеріде аталған сөйлеммен қатар сол тəрізді құрылған деп мыналарды атағымыз келеді.
Сиыр бақтым – сидаң қақтым. Ешкі бақтым – тентіреп бақтым.
Жылқы бақтым – серілік таптым.
Сөйлемдерде екі компонент бар деп есептейміз. Бастауыштары бір сөз болғанымен, олар дара-дара оқиғаларды айтып тұр. Бүгінгі жазба əдебиеттен көзге түскені – Ə. Тарази, Ə. Ақпанбет шығармаларындағы Қырына алды – құрыдың. Қатын алдың – қауашекке басыңды тықтың. Жаптым жала – жақтым күйе.
Бұл аталған конструкцияларда компоненттердің баяндауыштары шақ- тық, жақтық форма алып тұр.
Идентивтік қатынасты білдіретін іргелес сөйлем қатарына мына сөйлем де жатады.
Сенен қорыққаным – қара қойдан үріккенім. Бұл да ел аузындағы сөй- лем. Ерекшелігі: компоненттер – атаулы сөйлемдер. Олардың тірек мүшесі
Əр компонент – предикативтік құрылымының баламасы. Есімшелер предикативтік құрылымдар беретін мағынаны тұжырымдап, заттандырған түрде баламалап хабарлап тұр. Есімшелер арқылы жүзеге асатын бұл про- цесс қазақ тілінде кең орын алған. Оған дəлел фактілер осы еңбектің өн бойында көп көрінеді: Мұны паналағаным – жаңбыр жауып кетті – Мұны паналадым, өйткені жаңбыр жауып кетті.
Ел аузынан Айттым – бітті. Айттым – орындалды. Саған айтқаным
ержеткенің тəрізді құрылымдарды да естідік.
Аталған іргелес салалас құрмалас сөйлемдердің де түпкі қызметі идентивті оқиғаларды хабарлау. Бұлар да осы мағына негізінде функциясын кеңітіп мезгілдік, себептік қатынастарды өзіне үстеген. Оны ілгеріде аталған мысалдардан байқауға болады.
Тапсырма:
Салалас құрмалас сөйлемдердің негізгі грамматикалық түрлері, олардың ерекше- лігін атаңыздар.
Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық-семантикалық түр- лерін, олардың грамматикалық белгілерін айтыңыздар.
Іргелес салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық ерекшелігін, граммати- калық-семантикалық түрлерін атаңыздар.
Іргелес салалас құрмалас сөйлемдердің компоненттерін байланыстыратын амал- дарын атаңыздар.
Салалас құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілерін көрсететін мысалдарды жазып, түсіндіріңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: |