Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Д


Телінбе компонентті іргелес салалас құрмалас сөйлемдер



бет31/63
Дата16.09.2022
өлшемі229,89 Kb.
#39259
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   63
Байланысты:
Қазіргі қазақ тліі, құрмалас сөйлемдер жүйесі

Телінбе компонентті іргелес салалас құрмалас сөйлемдер


Телінбе компонентті іргелес салалас құрмалас сөйлемдерді мына грам- матикалық белгілерін ескеріп, жеке грамматикалық-семантикалық тип ре- тінде даралаймыз.



    1. Бұл конструкцияның құрамына бір екі негізді толымды компо- нент қатысады да, екінші компонент толымсыз құрылым түрінде қатысады.

Немене бұ, қуыршақ ойнайтын, қыз ба едің сен, шешеңнің қасынан шықпайтын! (М. Əуезов).

    1. Толымсыз құрылым, екі негізді сөйлемге телініп, соған грамматика- лық, семантикалық жағынан байланысып тұрады.

    2. Толымсыз құрылымның телінуі құрмалас сөйлемнің интонациясынан көрініп тұрады. Телінбе компонент қысқа паузамен бөлініп айтылады.

    3. Телінбе компонент көбіне тұрлаусыз сөйлем мүшесі қалпында кө- рінеді.




23 Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі. – Алматы, 1995. – 121-б.


Бұл қайсың-ей, жеті түнде (Ə. Тарази). Мен болсам отырысым мынау, өрттен қалған ағаштай (Ə. Тарази). Мені қойшы, жаман ағаңды (М. Тиесов).
Телінбе компонент сөйлем құралып айтылып кеткен соң, сөзге қосымша тəрізді телініп қатысады.
Ағайын туған деп қайтесің, бұларға алаңдап (С. Мұратбеков). Қасенмен қосылдым. Қасенге өмірлік жолдас болдым. Бір ұлымыз бар, Қасеннің ау- зынан түскендей (Б. Майлин). Ойын көріп, сергіп, серпілген күнім болды ма, қайта өзің менен ұрланып кино көрер едің, онда да айында, жылында (О. Бөкеев). Ермекбайың кім, жаным? Бухгалтердің баласы ше, əскерден келген! (Қ. Жұмаділов).
Телінбе компонент негізгі сөйлемнің бір мүшесінің қайталануы ре- тінде де қалыптасады. Ол мүше өзін анықтайтын, пысықтайтын сөздер қатыстырып қайталанады.
Май топыраққа топылдап тиген тұяқтан осындай алдамшы дыбыс шығады, ат тұяғына киіз орап шапқандай тұйық дыбыс. Күлəш өзі əннен жаралған бір жан еді, əннен ғана, таза өнерден ғана (Ғ. Мүсірепов). Тау басын аппақ шық басыпты, кіршіксіз, шыңылтыр, таза таңғы шық (С. Мұратбеков).
Телінбе компонент негізгі сөйлемдегі бір мүшені айқындап атап, соның баламасы ретіндегі сөзден құралады.
Ол кітап, кинода ғой, отқа да, суға да түсетіні (А. Нұрманов).
Екеуміздегі сауын сиырлардың саны бірдей, жүз елуден (С. Мұратбеков). Соны шақырамын, Тоқжігітті (Ə. Тарази). Жүрейік былай таман, ағаңа! (Ə. Тарази).
Телінбе компонентті іргелес салалас сөйлемдер спонтанды, стихиялы түрде құралған (құрамы түгелденіп, жүйелі тұлға ретінде қалыптастырып айтылмаған) сөздің көрінісі ретінде қалыптасқан1. Бірақ бүгінгі тілімізде ол сөзге түрлі стильдік (коммуникативтік) өң беретін конструкцияға ай- налды. Көркем сөз шеберлері бұл конструкцияның потенциялын жақсы пайдаланып жүр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет