-майынша көсемше формасы ретінде Н.К. Дмитриевтің «Грамматика башкирского языка» деген еңбегінде аталған жəне Н.К. Дмитриев оны құ- рамды бір аффикс ретінде таныған34. Біз де осыған қосыламыз.
Қазақ тіл білімінде бұл форма сабақтас құрмалас сөйлем құруға қатысады.
Тана аман-есен босанып, қол-аяғын бауырына алмайынша, ұзақ алыс рейске бармайды (С. Мұратбеков). Шұғаның əке-шешесінің бір жақсы жері – Шұға он алтыға келмейінше, күйеуге бермеді (Б. Майлин). Алайда патшамөрібасылғанқағазкелмейінше,бұлатаудыңзаңсызекенінбілген (Қ. Исабаев).
Келтірілген мысалдар -майынша формалы етістік арқылы құрылған құрмалас сөйлемдер оқиғаларды мезгілдік қатынасқа түсіріп хабарлайты- нын көрсетеді. Мезгілдік қатынастың сипаты – бағыңқы хабарлаған оқиға іске аспай тұрған шақта басыңқы хабарлаған оқиға да іске аспайды.
Оқиғаларды мезгіл жағынан шарттастырып хабарлайтын бұл конструк- цияда шарттық қатынастың үстем көрінетіні болады.
«Алла»демейінше,істүзелмес,тəңірібермейінше,ербайымас(Қорқыт). Үш-үш тораңдының басын байлап, араларын ағашпен бекітпейінше, суға үйшіктеншайлатəріздіетіпқатартұрғызумүмкінемес(Ə. Шілтерханов).
-майынша– құрама əрі күрделі жолмен жасалған жұрнақ. Осы көсемше форманы қатыстырып жасалған конструкция оқиғалардың арасындағы мезгілдік қатынасты ерекше қиюластырып білдіреді. Осы себептермен бұл көсемше де, конструкция да өте сирек жұмсалады. Оның орнында күн- делікті сөзде оңтайлы келетін конструкциялар бар: менкелмей,келме;мен келгенше,келме; Осының бəрінің төте мағыналас варианты – Менкелгенде,кел.