-стан (-стен) формалы көсемше етістік қатысып құрылатын сабақтас құрмалас сөйлемде -стан (-стен) – көнермеген көсемше формасы. Оның есімшенің болымсыз түрінің аясында туғаны көрініп тұр: келер-келместен. Көсемше пысықтауыш жəне бағыңқы сөйлемнің баяндауышы қызметінде жұмсалады: Көлік келместен, біз жолға шықпадық. Қызметіне қарай кей- де келер-келместен (келер есімше) түрінде қос сөз құрып та жұмсалады.
-стан тұлғалы көсемше қатысып жасалған сабақтас құрмалас сөйлем- дердің компоненттері мынандай қатынасқа түседі.
34ДмитриевН.К.Грамматика башкирского языка. – М.-Л., 1948. – 187-б.
Мезгілдік – бағыңқы компонент хабарлаған оқиға басыңқыда хабар- ланған оқиғаға мезгілдік меже ретінде қызмет атқарады.
Қазірдеқарашаортасынажетер-жетпестен,қыстауғақарайтарт- ты (М. Əуезов). Бас-аяғы бір ай өтпестен, Алматы қайдасың деп, бəрін тастап тайып отырды (Л. Омарова). Бұны қаладан алып қайтқалы барғанағайыны–Байтасты,таңатаратпастан,оятып,тұрғызыпалды (М. Əуезов).
Сын пысықтауыштық – бағыңқы хабарлаған оқиға басыңқы хабар- лаған оқиғаға сын, сапа ретінде қызмет атқарады.
Теміртепкішіккеаяғытиер-тиместен,жергесекіріптүсті (Ж. Қорғасбаев).
Себептік – бағыңқы хабарлаған оқиға басыңқы хабарлаған оқиғаға себеп ретінде қатысады.
Пост өткізбестен, көлік кейін қайтты. Жаңбыр жаумастан, егін қу- рап кетті.