Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Д



бет38/63
Дата16.09.2022
өлшемі229,89 Kb.
#39259
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   63
Байланысты:
Қазіргі қазақ тліі, құрмалас сөйлемдер жүйесі

Қар жаумай, егінді жинап алдық. Ұлжан қақпадан шығып үлгермей, оған қарсы Шолпан кірді (Х. Есенжанов).

  1. Бағыңқы компоненттің баяндауышы тұлғалы болымсыз көсемше, басыңқының баяндауышы келер шақ етістік болып құрылған сабақтас құр- малас сөйлем шарттық қатынаста тұрады. Бағыңқы шарт ретіндегі оқи- ғаны білдіреді.



Қасарысқан жауына Қанды көбік жұтқызбай, Халыққа тентек атанбай, Ерлердің ісі бітер ме!
(Махамбет)



  1. Болымсыз тұлғаны көсемше бағыныңқының баяндауышы болып оқиғаны басыңқыға сын-сапа ретінде қатыстырады.

Беті былш етпей, күзде кооперативке өткізген екі машина қауын, бір машина картопқа он бес мың теңге беріп қарап тұр (С. Асылбекұлы). Тасқыны басылмай, сарқырап аққан, ойнамалы жүйрік өзен сайды жайна- тып, жасартып тұр (М. Əуезов).
Болымсыз тұлғалы көсемше бағыңқының баяндауышы болып, оқиғаны басыңқыға себеп ретінде қатыстырады.
Биыл көктемде өзендер тасымай, қырға, жайылым мен шабындыққа су шықпай қалды (Ə. Қайдар) Орыс үйіне пəтерге қоюға əкеміздің шаруа- сы көтермей, мені ...Сағындық деген адамның үйіне орналастырды (Ғ. Мүсірепов).
формалы көсемше қатысып құрылған бұл сөйлемдер жəне -п фор- малы көсемше құрған сөйлемдердің білдіретін мағыналық қатынастары бірдей дерлік. Келер шақ формалы көсемшенің қатысып, осындай сапаға ие болуында себеп бар. формалы көсемше келтірілген мысалдарда бо- лымсыз формада жұмсалған жəне бұлар -п формалы көсемшенің орнын ба- сып жұмсалып тұр. Өткен шақ көсемше ежелден болымсыздық жұрнағын қабылдай алмаған. Оны кезінде Н.К. Дмитриев32 кейін В.Г. Кондратьев33 дəлелді етіп айтқан болатын. Бұл көсемше болымсыз форма алу үшін жұрнағын қабылдаған: жүгіріп (кірді) – жүгір-ме-п емес, жүгір-ме-й. Осылай өзгеріп келгенмен тіл оны бастапқы қалпында танып, болымды -п тұлғалы көсемшемен қатар жұмсаған. Бұл күрделі процедура сөйлеу прак- тикасында нақты орныққан.



32 Дмитриев Н.К. Грамматика башкирского языка. – Л., 1940. – 187-б.
33 Кондратьев В.Г. Очерк грамматики древнетюркского языка. – Л., 1970. – 54-б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет