Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Д


Өткен шақ көсемше формалы етістіктің қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер



бет36/63
Дата16.09.2022
өлшемі229,89 Kb.
#39259
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   63
Байланысты:
Қазіргі қазақ тліі, құрмалас сөйлемдер жүйесі

Өткен шақ көсемше формалы етістіктің қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер


Құрмалас сөйлем ұйымдастыруда əртүрлі жұмсалатын форма -п, -ып,


-іп (өткен шақтық көсемше формасы).
Бұл форманы А.Н. Баскаков бір ілгері болған іс-қимылды екінші іс- қимылға қатысты (пысықтауыш) етіп көрсететін амал деп анықтаған бо- латын28.
Осы мағынаны, қызметті -п, -ып, -іп формалы көсемше құрмалас сөй- лем ұйымдастырғанда да көрсетеді. Ол ілгергі компонентті кейінгі позиция- дағы компонентке байланыстырып, түрлі мағыналық қатынасқа түсіреді29.





28 Баскаков А.Н. Каракалпакский язык. Т. ІІ. Фонетика и морфология. Ч. І. – М., 1952. – 461-б.
29 Сауранбаев Н.Т. Семантика и функция деепричастий в казахском языке. – А., 1942. Бұл еңбекті мына кітаптан қараңыз: Академик Нығмет Сауранбаевтың еңбектері. 2-т. – А., 2000. – 184-б.

Көсемше формалы етістік бағыңқы компоненттің баяндауышы ретінде соңғы позицияда тұрып, оны басыңқы компонентпен байланыстырады. Көсемше ұйымдастырған құрмалас сөйлемдер көп мағыналық қатынасты білдіреді. Жай сөйлемде -п формалы көсемше мен басыңқы етістіктердің мағыналық үйлесіміне сай көсемше етістік себеп, мезгіл, сын-қимыл пы- сықтауыш ретінде көрінгені сияқты сабақтас құрмалас сөйлемде де ба- ғыңқы мен басыңқы компоненттердің мағыналық үйлесіміне сай түрлі син- таксистік қатынас көрінеді.


Аталып отырған сабақтас құрмалас сөйлемдердің компоненттері мына- дай мағыналық қатынастарға түседі.

  1. Жалғастық қатынасты білдіреді. Компоненттер бірін-бірі толықтырып жалғасып келетін пікірлерді хабарлайды.

«Апа, көбі кетіп, азы қалды, шыда», депті (Д. Досжанов). Күлген кез- де екі бетінің ұшына қызыл бояу ойнап, онысы өзіне сонша жарасады екен (Д. Досжанов). Əкесі арбасын жөндеп, шешесі құрт қайнатып жатыр еді (Ғ. Мүсірепов).

  1. Мезгіл жағынан қатар болған оқиғаларды хабарлайтын компонент- тер байланысады.

Үлкен таудың ішінде жел гуілдей соғып, ақ боран ұйытқып ой- нап тұр (М.Əуезов). Майдың күні көк жетіліп, гүл-жапырақ молайған (М. Əуезов). Дастарқандағы бауырсақтар мен қанттар жөңкіле үркіп, кеселер соқтығысып қалды (К. Оразалин).

  1. Мезгіл жағынан ілесе болатын оқиғаларды хабарлайтын компонент- тер құрмаласқа қатысады.

Жел тұрып, бұлттар ыдырады.
Күлипаның киімдері тегіс су болып, бойын суық алайын деді (С. Мұратбеков). Сай шеті ұшы-қиыры жоқтай созылып, трактор мен шөп таусылмас бір ұзақ еңіске қарай сырғанап келе жатқан сияқты (С. Мұратбеков).

  1. Сын-қимыл бағыныңқы компонент басыңқы компонентпен байла- нысады.

Өсітіп терге быршып отырғанда, көзінің асты қалталанып, Саясат келді (Д. Досжанов). Қоңыр қойдың көзіндей қарашығы кішірейер еді, қасын қағып, селдір мұрты дірілдеп, қамығар еді (Д. Досжанов).

  1. Себеп бағыңқы компонент басыңқы компонентпен байланысады.

Сөзіне көбінесе сыбыр араласып, не айтқандары ұғымсыз болды (М. Əуезов). Суық қармап, денесі тоңази бастады (Д. Досжанов). Жаз ор- тасы ауып, жұрт егін-пішенге қам қыла бастады (М. Əуезов). Көктемгі жауын қалың болып, шөп шүйгін шықты (Д. Досжанов).

  1. -п формалы көсемше бағыңқы компоненттің баяндауышы болып, қарсылықтық қатынасты білдіретін құрмалас сөйлем ұйымдастырады.



Шəнтитіп, осының қай жерін аға дейсің (С. Мұратбеков). Кішкентай болып, тілінің ащысын! (С. Мұратбеков). Тепсініп, не деппін оған! Ауыз- дарың айтып, арттарың көтерілмейді (Ғ. Мүсірепов). Əлгі айтылған жал- қау Байкен деген жігіт Қасымның баласына екі жердің тұқымын беріп жіберіп, артынан қоймай жүріп, қайырып алдық (Ғ. Мүсірепов).
-п формалы көсемше ұйымдастырған сабақтас құрмалас сөйлемнің көп мағыналығына байланысты кейде компоненттердің арасына жалғаулық немесе анафористік есімдік кірігеді.
Арқадағы Əлке Байдалы деген елге барымталы болып қалып, содан жылдағы жайлауға бара алмай, жолда отырып қалыпты (Тиесов). Ат табылып, бірақ боран көтеріліп, тоқтап қалдық. Ақбілек қайда екен? де- ген сұрақ келіп қап, бірақ сұрауға қаймыға берді (Ж. Аймауытов). Əкем шақырып, сондықтан асығып келдім.
Бұл типті сабақтас құрмаласқа жалғаулықтың кіруіне екі себеп бар.
Компоненттердің арасындағы мағыналық қатынас компоненттердің мағынасының үйлесуінен туып, -п формасы тек байланыстырушы ғана амал болып көрінеді. Осы себептен Н.И. Ильминский бұл форманы соеди- нительное днепричастие деп атаған болатын30. Бұл пікірде де шындық бар. Жалғаулықтар компонент арасындағы мағыналық байланысты анық таны- ту үшін енген.
Баяндауышы -п формалы бағыңқы тұлға лебізде экспрессивтік туды- рып дара жұмсала береді.
Не болса соны айтып! Бұның жарамайды. Байдың малын жарлы қызғанып!
Компоненттердің бойындағы осы сипат жалғаулықтардың кірігуіне жол береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет