Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Д


-ғалы, -гелі формалы көсемше етістік қатысып құрылатын сабақтас құрмалас сөйлемдер



бет41/63
Дата16.09.2022
өлшемі229,89 Kb.
#39259
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   63

-ғалы, -гелі формалы көсемше етістік қатысып құрылатын сабақтас құрмалас сөйлемдер




-ғалы, -гелі формалы көсемше етістік бағыңқы сөйлемнің баяндауышы болып, оны басыңқы компонентпен мезгілдік қатынасқа түсіреді. Бағыңқы хабарлаған оқиға басыңқы хабарлаған оқиғаның басталу межесі ретінде қатысады.
Сіз келгелі, сөзім жерде қалмай, ісім оңға басты (Д. Досжанов). Қой- шекең, қой төлдегелі, етігін шешпей, үсті сауыстанып, басы тиген жерге қор ете қалып, əбден титықтапты (Д. Досжанов).


Шартты рай формалы етістік қатысып құрылатын сабақтас құрмалас сөйлемдер


Шартты рай формалы етістік қатысып алуан түрлі қатынасты білдіретін сабақтас құрмалас сөйлемдер құрылады.


Бұл етістік баяндауыш болып бағыңқы компонентті басыңқымен бай- ланыстырады. Баяндауыш ретінде етістік жақтық жалғауды қабылдайды: келсе-м (-ң, -ңіз, т.т.).
-са, -се бастапқыда келер шақ мағыналы форма болған35. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің көпшілік грамматикалық семантикалық түрінде
-са, -се келер шақтық мағынасы негізінде қызмет етеді.
Шартты рай етістік жай сөйлемнің баяндауышы ретінде бірқатар ерек- ше мағына алып қатысатыны белгілі. Баяндауыштың осы жүйедегі түрлері



35 Щербак А.М. Очерки по сравнительной морфологии тюркских языков (глагол). – Л., 1981. – 62-б.

түгелдей құрмалас сөйлем құруға қатысады. Осы сияқты себептермен -са,


-се формалы етістік қатысып құрылған сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрылысы күрделеніп кетеді.
Бір негізден тарағандықтан бұл көп мағыналар өзара ұласып, ұқсастанып жатады. Оларды ажырату үшін -са, -се формалы етістік арқылы құрылған құрмалас конструкциялардың құрылысын, лексикалық құрамын, атқара- тын коммуникативтік міндетін үңіліп қарап, талдау қажет.
Бұл сабақтас құрмалас сөйлемдер қатарында мынандай грамматикалық- мағыналық қатынастар байқалады.

    1. Шарттық қатынасты білдіреді. Бұл сөйлемдерді құруға -са, -се тұл- ғалы етістік негізгі амал ретінде қатысады. Сонымен қатар егер деген жалғаулық, онда, сонда деген анафористік есімдіктер қызмет атқарып қа- тысады.

Егер бұл істі біздің кісілер атқара алмаса, онда қаладан маман шақырамыз. Өзі сөйлеп, өзгелер аузына қарап отырса, сонда жаны кіреді (Т. Иманбеков).
Егер, онда, сонда құрмалас сөйлем құруға факультативті түрде қатысады.
Онда, сонда бірінші компонентте хабарланған іс-оқиғаны қатыстыра- тын анафористік сөз: онда-олай болғанда.
А.Н. Кононов «Бағыңқы сөйлемнің басында парсы тілінен енген егер деген жалғаулық жұмсалады. Бұл жалғаулықтың жұмсалуы грамматика- лық (конструктивтік) қажеттілікке байланысты емес, стильдік мақсатқа сай жұмсалады. Өйткені шарттық қатынасты -са, -се көрсетеді»36 деп жазған болатын. Бірақ бұл жалғаулықтың нақты стильдік қызметі аталмай келеді. Біздің ойымызша, егер мен онда жеке-жеке дербес қызметі бар тұлғалар.
Олар бірімен-бірі байланысып пайда болған тұлғалар емес, қызметтері де дара-дара.
Егер – тыңдаушыға сөздің мағыналық сипатын ерте байқату үшін қа- тысады. Оны біз социолингвистикалық əдіспен анықтадық.
Шарттық қатынасты білдіретін конструкциялар егер, онда, сонда де- ген амалдары қатыстырылмай-ақ құрыла береді. Шарттық қатынастың көрінуіне бағыңқы компоненттің баяндауышының шарттық формасының көмегі бар.
Екінші компоненттің баяндауышы келер шақ формадағы етістік болып келеді.
Құтты қонақ келсе, қой егіз табар. Сенің осы қолпаштаған ықтия- рыңнан бірдеме шықса, мұрнымды кесіп берейін (Д. Досжанов).

    1. Шартты рай етістік қатысып құрылған құрмалас сөйлемдер оқи- ғалардың арасындағы мезгілдік қатынасты білдіреді. Мұндай құрмалас- тардың басыңқысында баяндауыш осы шақ, өткен шақ формада жұмсалады.




36 Кононов А.Н. Грамматика современного турецкого литературного языка. – М.-Л., 1956. – 527 -б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет