Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет3/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   118
Байланысты:
Шалабай

Сөздердің синтаксистік байланысу
тәсілдері мен түрлері
Сөздердің байланысу тәсілдері синтетикалық (қосымшалар 
арқылы), аналитикалық (сөз тәртібі, интонация), аналитика-син-
тетикалық (септеулік шылаулар арқылы) болып бөлінеді.
Сөздердің байланысу түрлері салаласа байланысу және 
сабақтаса байланысу болып басты екі топқа бөлінеді.
Сабақтаса байланысудың бес түрі: қиысу, меңгеру, матасу, 
қабысу және жанасу болса, олардың әрқайсысының тұлғалық, 
мағыналық белгілері бар.
Сөздерді байланыстыратын тәсілдер
Сөздер тіркескенде өзара синтаксистік байланыста болады. Ол 
байланысқа негіз болатын сөздердің мағынасы. Сөздердің ара сын-
да мағыналық байланыс болса ғана тіркеседі. Синтаксистік бай-
ланыс дұрыс болғанмен, мағыналық байланыс болмаса сөз тір кесі 
жасалмайды. Мысалы: көк шөп (дұрыс),темір шөп (дұрыс емес).


Қазіргі қазақ тілі
9
Сөйтіп, сөз тіркесіндегі сөздердің байланысы әрі мағыналық, 
әр синтаксистік бірлікте болуға тиіс.
Қазақ тілінде сөздерді байланыстыруға дәнекер болатын 
синтаксистік амалдарға:
1. Жалғаулар (септік, тәуелдік, көптік, жіктік);
2. Шылаулар (септеулік пен жалғаулықтар);
3. Сөздердің орын тәртібі;
4. Интонация (дауыс ырғағы) кіреді.
Бұлардың қосымшалар арқылы байланысу тәсілі синте ти-
калық, орын тәртібі, интонация арқылы байланысу тәсілі ана ли-
ти калық тәсілге, ал шылаулар арқылы байланысуы ана литикалық-
синтетикалық тәсілге жатады.
Синтаксистік байланыс – сөз тіркесін құраудың да, сөйлем құ-
раудың да, сондай-ақ мәтін құраудың да ең басты құралы; өйт кені 
тұлғалық, мағыналық жақтарынан өз үйлесімін таппаған жеке сөз дер 
сөз тіркесін де, сөйлемді де, ал сөйлемдер мәтінді құрай алмайды.
Сөйлемдегі сөздердің байланысы түрліше грамматикалық 
амал-тәсілдердің көмегімен жүзеге асады. Мұндай амалдар өздері 
жалғанған сөзіне әртүрлі грамматикалық мағына үстейді, жалпы 
сөйлемнің табиғатымен үндесіп жатады.
Жеке сөздердің байланысы – синтаксистегі ең басты мәселе. 
Жеке сөздердің байланысында мағыналық, тұлғалық үйлесімді-
лік болуы керек. Олай болмағанда жеке сөздердің байланысы 
шашырандылық, мағынасыз түсініксіздіктің аясында қалып қояр 
еді. 
Мысалы, үйге келдің 
деген бөлшекті 
үйдің келдім 
деп айтуға 
болмас еді. Демек, сөйлем құрамында сөздер өзара байланысты 
жұмсалу үшін, жеке сөздердің өзі ең алдымен, мағыналық 
үйлесімділікте жұмсалуы керек.
Жеке сөздер байланысы морфологиялық (жалғау, шылау) 
және синтаксистік амал-тәсілдер (орын тәртібі, интонация) ар-
қылы жүзеге асады. Сөйлемдегі сөздер байланысында, әсіресе, 
алғашқы жол айырықша. Олардың қолданылу өрісі кең. 
Бұдан 
морфологиялық амалдардың сөздер байланысында синтаксис-
тік сипат алатынын көреміз. 
Морфология саласында олар 
мор фо логияға тән заңдылықтармен тексерілсе, синтаксисте сөз-
дердің байланысы негізінде қарастырылады (морфология мен 
синтаксистің байланысын осыдан да көруге болады).


Бердібай Шалабай
10
В.Г. Адмони:
«Самый факт и характер соединения слов 
может выявлятся такими грамматическими средствами, которые 
имеют непосредственно не синтаксический, а морфологический 
характер. Система падежной флексии, например, изучает 
исключительно большую роль в выражении синтаксических 
отношений, так же как личные окончания глагола. Таким обра-
зом, синтаксис, образуя такие формы связи между словами, син-
так сические формы как согласование и управление опирается 
на морфологическую форму», – деп ой түйеді (В.Г. Адмони. 
Синтаксис современного немецкого языка. – Л., 1973. – 6-бет).
А. Ысқақов:
«Жалғаулар сөйлемдегі сөздердің аралықтарын да ғы 
әр қилы аса жалпы қатынастарды білдіреді де, сол қаты нас тар дың 
түр-түрінің көрсеткіші есебінде қызмет етеді», – дейді (А. Ысқақов. 
Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы, 1974. – 40-бет).
1) Жалғаулардың ішінде 
септік жалғауларын
жеке сөздерді 
өзара байланыстыруда ең бір өнімді амал деп қарастыруға болады.
Септік жалғаулары өзі жалғанған сөзін басқа сөздермен 
байланыстырып қана қоймайды, сонымен қатар өзі жалғанған 
сөзге қосымша мағыналық рең қосады. 
Мысалы, ауылға келдім 
(белгілі бағыт), 
ауылдан келдім
(шыққан жердің мекені). Мұндай 
мағыналық құбылыстар сөздердің өзара үйлесе жұмсалуы негі-
зінде туып отыр. Тілдегі форма мен мағынаның бірлігі деген 
осыдан көрінеді.
Септік жалғауларының кейбір ерекшеліктері:
1. Өзі жалғанған сөзді келесі сөзге бағындырады.
2. Зат есімдерден басқа сөз таптарына жалғанғанда оларды 
заттандырады (жақсыдан шапағат, жаманнан кесапат).
Демек, септік жалғаулары жалғанған сөзін басыңқы сөзге 
бағындырып тұрады, сондықтан оларды 
бағындырушы тұлға 
дейді. Басқа жалғаулар – 
тәуелдік, көптік, жіктік,
- ондай қызмет 
атқара алмайды.
2) Тәуелдік жалғаулары өзі жалғанған сөзді өзінің алдында 
тұратын ілік жалғаулы сөзбен байланыстырады. Бірақ өзі жал-
ғанған сөзін екінші сөзге (өзінен кейінгі) тікелей бағындыра ал-
майды. Сондықтан тәуелдік жалғауларының үстіне септік жал-
ғаулары жалғанып, ол сөздерді басқа сөздер жетектеп тұрады 
(кітаптың бетіне жазды).


Қазіргі қазақ тілі
11
3) 
Көптік жалғауы
да сөздерді өзара тіркестіруге қатысады, 
бірақ ол да бағындырушы тұлға бола алмайды.
Сендер келдіңдер
– мұнда бастауышқа көптік жалғау жалған-
ған дықтан, баяндауыш көптік жалғауында тұр. Сон дықтан жо-
ға рыдағы екі сөзде көптік жалғауларының оларды байланыс-
тырушылық қызметі бар, бірақ көптіктің бір сөзді екінші сөзге 
бағындырушы болу (септіктегідей) қызметі жоқ.
4) 
Жіктік жалғауы
.
Мұны көптеген авторлар «баяндауыштық 
жалғау» деп атайды. Оның себебі – олар әр уақытта баяндауыш 
болған сөзге жалғанады да, жалғанған сөзінің баяндауыштық 
қызметін айқындап, оны бастауышпен байланыстырады.
М. Балақаев жіктік жалғаулардың сөздерді баяндауыш ету қыз-
метінен гөрі 
оларды басқа сөздермен байланыстыру қызметі 
басым
дейді.
Мен көрдім, мен студентпін
Сені көрдім, үйге барамын 
Жіктік жалғауы есім сөздерге жалғанбай айтылуы да мүмкін.
Сен – студент.
Мен – жұмысшы. 
Ол – студент.
Бұл жерде мағыналық байланыс орын алған. Ол ішкі байланыс 
түріне жатады. 
Сөздерді байланыстыруда – 
шылаулардың 
да қызметі 
ерекше. 
Жалғаулықтар 
екі сөздің арасында тек дәнекер болса, 
септеуліктер 
– өздері қатысты сөздердің грамматикалық 
мағыналарын дәлдеумен қатар, толық мағыналы екі сөздің арасын 
байланыстырушы қызмет атқарады.
Мысалы: 
үйге дейін келдім, сен үшін келдім, жыл сайын 
келемін
.
Септеуліктердің саны аз болғанымен, жұмсалу аясы кең.
Сөз бен сөзді байланыстыратын синтаксистік тәсілдің бірі 
– 
сөздердің орын тәртібі.
Сөйлемдегі сөздер өзара байланыста 
болу үшін олардың белгілі бір қалыптағы орындары болуы 
шарт. Әрине, бұл қатып қалған заңдылық емес, ол жалпы түрдегі 
заңдылық. Әсіресе, жалғаулы сөздердің орын тәртібі барынша 
еркін болады. Өйткені жалғаулардың мағынасы ол сөздердің қай 
сөзбен тіркесетінін оңай көрсетеді. Ал жалғаусыз байланысатын 


Бердібай Шалабай
12
сөздерде ондай еркіндік жоқ, сондықтан көбіне, ондай сөздердің 
орын тәртібі тұрақты болады. Осындай, сөздердің белгілі ор-
наласу тәртібі арқылы, біріншіден, олардың синтаксистік бай-
ланысы жүзеге асса, екіншіден, синтаксистік қызметі (қатынасы) 
белгіленеді 
(биік ағаш, темір қасық, жалт қарады, т.с.с.).
М. Балақаев: «жалғаусыз, тұрған орнына қарай байланысқан сөз-
дердің байланысы берік болады», – дейді. Сондықтан олардың 
орнын өзгертуге болмайды: өзгертсе, не байланыс үзіледі, не 
синтаксистік қызметі өзгереді (білімді студент, студент білімді).
Сөйлемдегі сөздердің орнымен тығыз байланыста қарастыры -
латын тәсіл – 
интонация
. Ол бастауыш пен баяндауыш атау сеп-
тік тұлғадағы есім сөздерден жасалғанда айқын байқалады. Бұл 
жағдайда баяндауыш жіктік жалғаусыз үшінші жақта қолда-
нылып отырады. 
Асан – студент
.
Бұндай сөйлемде екі сөз ді 
бай ланыстыруда дауыс екпіні айырықша қызмет атқарып тұр. 
Ал ғашқы сөз көтеріңкі әуенмен айтылып, соңғысынан ара жігін 
ажы ратып тұрады. Осыған орай алғашқы сөз сөйлем мү шесі жа-
ғынан бастауыш, соңғысы баяндауыш болып тұр. Егер бас та уыш 
сөз айырықша әуенмен айтылмаса, кейінгі сөзбен арасы жым-
дасып, онымен айқындауыштық қатынаста тұрады (Асан студент).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет