Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет6/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   118
Байланысты:
Шалабай

Табыс жалғаулы сөз тіркестері:
Табыс жалғаулы сөздерді керек ететін етістіктер – сабақты 
етістіктер. Табыс жалғаулы есімдер мен сабақты етістіктерден 
құралған сөз тіркестері объектілік (толықтауыштық) қатынаста 
жұмсалады: табыс жалғаулы сөз сабақты етістікті толықтайды да, 
ол етістіктің қимылы тура толықтауышқа ауысып түседі: 
ағашты 
кесу, пішенді ору, баланы тәрбиелеу. 
Барыс жалғаулы сөз тіркестері:
Барыс жалғаулы есімдер кез келген етістіктермен тіркесе 
бермейді, олармен мағыналық үйлесімде бола алатын етістіктер-
мен ғана тіркеседі. Ондай етістіктердің көпшілігі – күйді, қи-
мылды, сезімді білдіретін салт етістіктер. Олардың жетегінде ай-
тылатын барыс жалғаулы есімдер басыңқы сөздерге тікелей және 
демеулер арқылы қатысты болады. 
Барыс жалғаулы есімдер етістікті сөз тіркесінде объектілік 
және пысықтауыштық қатынастарда жұмсалады: 
А) Объектілік қатынастағы сөз тіркестері, негізінде, қимыл 
про цесінің кімге, неге арналғанын, бағытпен, қандай затпен 
үстемеленгенін, қандай затпен түйіскенін, неге қамтылғанын 
білдіреді 
(Абайға қарады, қойға толды, дәулетке батты, тасқа 
ұрды, қызметке алды, т.б.)
Ә) Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері, негізінде, 
қимыл процесінің бағдарын білдіреді және мекендік, мезгілдік, 
мақ саттық мағыналарда жұмсалады 
(ауданға барды, кешке келді, 
қонаққа шақыру).
Барыс жалғаулы есімдерді кейде құрама баяндауыштар да 
меңгереді 
(топқа сәлем беру).
Шығыс жалғаулы сөз тіркестері:
Шығыс жалғаулы есімдер мен етістіктер тіркесіп, толық та-
уыштық, пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері жасалады. 


Қазіргі қазақ тілі
17
Толықтауыштық қатынас: істелу тегін, заттың, әрекет, мағ-
лұматтың шығу көзін 
(тастан сарай салғызу, білімдіден шығу, 
т.б.) 
білдірсе, пысықтауыштық қатынас: мекендік, көлемдік 
(ортадан түсу), 
мезгілдік 
(
былтырдан қалған), 
себептік 
(
қуанған-
нан күлу), 
амал 
(
дауысынан тану) 
мағыналарын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет