Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет5/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   118
Байланысты:
Шалабай

біреуінде ғана
 
тұра алады. Ол септіктен ауыстырсақ, сөй лем нің 
мәні, стилі өзгереді. Бұл меңгеру мен меңгерілудің заң ды лығына 
байланысты. Мысалы: 
Тауға терезеден бинокльмен қа радым. 
Асқарды әсем әнмен оятты. Үйдің төбесіне сатымен шықты. 
Сөйлемде бір сөз (етістік) бірнеше сөзді меңгере береді. Бұл 
тілдегі ертеден келе жатқан қалдық құбылыс.
Меңгерудің түрлері.
Етістіктердің меңгеруі тілімізде бұрыннан бар болса, 
есімдердің меңгеруі – тіл дамуының нәтижесі. М.Балақаев 
меңгеретін сөздің етістіктен, есімнен не екеуінің бірігіп жасалуына 
қарай меңгерудің 3 түрін ажыратады: етістікті меңгеру 
(терезені 
ашты),
есімді меңгеру 
(оқуға ықыласты),
ортақ меңгеру 
(айтуға 
тілім жетпейді, жұртқа күлкі болды).
Есімдердің есімдерді меңгеруі етістікті тіркестердегідей, әрі 
мағыналық, әрі синтаксистік тығыз байланыс негізінде емес, әлсіз 
байланыс ыңғайында пайда болады. Есімдер етістіктердей емес, 
баяндауыш ыңғайында жұмсалғанда сөйлемде септік жалғаулы 
сөзді керек етіп тұрмайды (Салыстырыңыз: Асқар қалаға 
кетті

Мен (саған) 
кіммін
).
 


Қазіргі қазақ тілі
15
Есімдердің меңгеруі тілімізде онша көп кездеспейді және 
барлық есімдер бірдей сөз тіркесінің меңгеруші сыңары бола 
бермейді. Есімдердің ішінде көбінесе, бастауыштың 
күйін, 
халін
білдіретін сөздер есімді сөз тіркесінің басыңқысы болып 
жиі жұмсалады. Олар – сын есімдер, зат есімдер, заттың күйін 
білдіретін есімдер (бар, жоқ, көп, аз, мәлім, бәрібір, мүмкін). Ал 
сан есімдер мен есімдіктер өте аз кездеседі (бәрінде 
солай, 
менде 
екеу,
т.б.)
Сын есімнің ішінде заттың ішкі-сыртқы сапасын білдіретін 
сын есімдер көбірек меңгеруші сыңар болады (өзіңе 
жақсы, 
маған 
түсінікті,
жусаннан 
аласа,
т.б.).
 
Зат есімдердің ішінде 
басыңқы сыңар қызметінде көбінесе, дерексіз мәнді зат есімдер 
жұмсалады: жерге 
бай,
көптен 
қонақ, 
ерге 
сын, 
т.б.
Септік жалғаулары сөз бен сөзді байланыстырумен қатар, түр-
лі-түрлі синтаксистік қатынасты білдіреді, сөздердің синтаксистік 
қызметін саралайды. Мысалы: барыс септігіндегі сөз бет алыс, 
бағытты, мақсатты, мезгілді, т.б. Сондай мағыналық қатынастар 
тек жалғау жалғанған сөздердің әртүрлі болуынан ғана тумай-
ды, тұтас сөз тіркесінің қарым-қатынасынан туындайды. Септік 
жалғауларын (барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес) меңгеріп, 
түрлі-түрлі мағыналық қатынастағы сөз тіркесін құрайтын 
сөздер, негізінде, етістіктер болады. Етістік сөз тіркестері кең 
түрде жұмсалып, түрлі құрамда болып келеді. 
Меңгеруде де сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары, қиысу да-
ғы дай, басыңқы сөздің ыңғайына еріп, белгілі жалғауда тұрады. 
Бі рақ айырмашылықтары үлкен. Егер қиысуда бағынушы сөз 
(баян дауыш) басыңқы сөздің (бастауыштың) грамматикалық ма-
ғы насына, тұлғасына қарай, соған орайлас тұлғаланса, меңгеру де 
тіркескен сөздердің арасында тұлғалық орайласу бол май ды, ал 
бағыныңқы сөз басыңқы сөздің лексикалық мағы насының ерек-
шелігіне қарай тұлғаланады. 
Қазақ тілінде кейбір жалғаудағы сөздерді меңгере алатын 
етістіктерге етіс қосымшасын жалғап айтқанда, олардың меңге-
ретін сөздерінің де тұлғалары өзгеретін жағдайлары бар. Мысалы: 
Ол мені көрді – Ол маған көрінді. Ол мені байқамайды – Ол маған 
байқалмайды.
Мұндайда септік жалғаулары етіс қосымшаларына 
бейімделіп өзгермейді, сол қосымшалар арқылы етістіктердің 


Бердібай Шалабай
16
мағыналары өзгерілетіндіктен, олардың меңгеру тұлғасы да басқа 
болады. 
Меңгеріле байланысатын етістікті сөз тіркестері бағының-
қы сөздің тұлғасына қарай: 1) табыс жалғаулы сөз тіркестері,
2) барыс жалғаулы сөз тіркестері, 3) шығыс жалғаулы сөз тір-
кестері, 4) жатыс жалғаулы сөз тіркестері, 5) көмектес жалғаулы 
сөз тіркестері болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет