Қазіргі қазақ тілі
13
Дегенмен, есімдерден болған баяндауыштардың жіктік жал-
ғауларын жалғап айтылуы мен жалғамай айтылуы арасында
мағыналық әрі стильдік ерекшеліктер болады.
Қиысуда басым мүше –
бастауыш, өйткені бастауыш үш
жақтың қайсысында тұрса, баяндауыш та сол бастауыш тұрған
жақта қиысады, олар жекелік, көптік жағынан да бір-бірімен
үйлесе байланысады: бастауыш жекеше болса, баяндауыш
жекеше, көпше болса, баяндауыш та көпше (3 жақтағыдан
басқасы). Сондықтан байланысы жағынан бастауышты басыңқы
сөз, ал баяндауышты бағыныңқы сөз деуге болады.
Мен көрдім
Біздер көрдік
Сен көрдің
Сендер
көрдіңдер
Сіз көрдіңіз
Сіздер көрдіңіздер
Ол көрді
Олар көрді
І жақтың жіктік жалғаулары әрі жақтық, әрі сан-мөлшерлік
мағынаны білдіреді. ІІ жақтың жіктік жалғаулары әрі жақтық, әрі
сандық,
әрі анайы, сыпайылық мағыналарда қиысады. Бұдан І
жақта тұрған баяндауыштың бастауышпен қиысуы жекешесінде
де, көпшесінде де бір сатылы екені, ал ІІ жақта олардың қиысуы
жекешесінде анайы, сыпайы, көпшесінде осылардың үстіне
көптік жалғауы қосылып, бірнеше сатылы болып келетіні
байқалады. Есімдер І, ІІ жақта айтылуы үшін міндетті түрде жіктік
жалғауында жұмсалуы керек (Мен мұғаліммін, сен мұғалімсің).
Олар синтаксистік белгілі бір жағдайда ғана жалғаусыз ІІІ жақ
мағынасында жұмсалады. Сондай-ақ кейбір етістіктер (бұйрық
мәнді) ІІ жақта жіктік жалғауын жалғамай, түбір күйінде қиыса
береді. Мұнда мағыналық қиысу орын алады. Досы жоқпен
сырлас, досы көппен сыйлас. Сақ бол.
Ақындар, жыр иесі атыңды
ақта
!
ІІІ жақтағы бастауыштар
көптік жалғауында тұрғанда,
етістік баяндауыштар көптік жалғауын жалғамай-ақ қиысса, есім
баяндауыштар, көбіне, көпше түрде айтылып қиысады
(Олар
келді, олар - студенттер).
Етістіктің болжалды келер шақ (-ар,-мақ), өткен шақ (-ған,
-атын) есімше формалары үшінші жақта жіктік жалғауын (көпше
түрінде де) қабылдамайды
(Ол айтар, олар айтар, ол оқитын,
олар оқитын).
Бердібай Шалабай
14
Бір сөйлемде І жақта және ІІІ жақта айтылған бастауыш
болып, олар бір
баяндауышқа ортақтасып тұрса, баяндауыш І
жақтың көпше түрінде қиысады
(Мен және Марат екеуміз биыл
бітіреміз).
Ал бір сөйлемде үш жақтың да бастауышы қатар
келсе, баяндауыш І жақтың көпше түрінде қиысады
(Мен, сен,
Раушан ендігі жылы оқуға түсеміз).
Бастауыш ІІ және ІІІ жақпен
айтылса, баяндауыш ІІ жақтың көпше түрінде тұрып қиысады
(Сен және Болат келерсіңдер).
ІІ. Меңгеру. Сөздердің сөйлемде өзара септік жалғаулары
арқылы байланысуын немесе бір сөздің екінші бір сөзді белгілі
септік жалғауында тұруға міндетті етуін меңгеру дейді.
Меңгерілуші – бағыныңқы сөз. Меңгеруші – меңгерілушінің
белгілі бір жалғауда тұруын талап ететін – бағындырушы сөз.
Сөйлем мүшесі жағынан меңгеруші сөз көбінесе, баяндауыш бо-
лады да, меңгерілуші сөз тура, жанама толықтауыштар болады.
Сондықтан меңгеру,
негізінен, баяндауыш пен толықтауыштың
арасындағы байланыс түрі болып табылады.
Сөйлемдегі сөздердің бірінің әсерімен екіншісі жанама сеп тік-
тің
Достарыңызбен бөлісу: