Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет40/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   118
Анықтауыш
Оқулықтарда анықтауыштарға мынадай анықтама беріледі. 
М. Балақаев: «анықтауыш – сөйлемдегі зат есімнен не зат есім 
орнына жұмсалған басқа есімдерден болған мүшелерді түрлі 
жағынан сипаттап тұрады», – десе, Р. Әміров: «сөйлемде зат 
есім, есімдік немесе зат есім орнына жүрген есімше сөздермен 
байла нысып, олардың түрлі сынын, сапасын білдіретін сөйлем 
мү шелері анықтауыш деп аталады», – дейді. Академиялық 
грам матикада: «анықтауыштар сөйлемнің есімнен болған басқа 
м үшелерін анықтайды да, соған қатысты болады», – делінген.
Анықтауыш анықтайтын сөзімен тығыз байланысты бола ды, 
сонымен бір топта айтылып, бір ырғақтағы сөз тіркесін құрап тұ-
рады. Анықтауыштардың білдіретін мағыналары – заттың түсі, 
түр-тұрпаты, көлемі, салмағы, саны сияқты сапалары және екін-
ші бір затқа иелікті білдіруі. Сұрағы: қандай, қай, қанша, неше, 
кімнің, ненің?
Тұлғалық ерекшелігіне келер болсақ, атау және ілік септік 
тұл ғалары.
Анықтауыш қызметінде жұмсалатын негізгі сөздер – сын есім -
дер. Сын есімнен болған анықтауыштар анықтайтын сөздер мен 
қабыса байланысып, оның түр-түсін, сынын, көлемін, басқа са па-
лық белгілерін білдіреді. Мысалы: 
Күзгі
күн ғой. Аспан 
ала ша быр
бұлт. Үйдің екінші жақ бұрышында 
ұзыншалау
стол бар (Б.М.).
Анықтауыш қызметінде зат есімдер мен есімдіктер, есімшелер 
мен қимыл есімдері , т.б. сөздер де қолданылады. Олар анықтауыш 
қызметінде жұмсалғанда тұрған орны не арнаулы грамматикалық 


Қазіргі қазақ тілі
67
тұлға арқылы өздерінің негізгі мәндерінен ажырап, сын-сапалық, 
иелік мәнге ие болады.
Зат есімдер атау тұлғада анықтауыш қызметінде жұмсалып, 
анықталатын сөздің заттық сапасын атайды: «Төрем дегені – 
Жақсылық дейтін жас 
бала жігіт»
(Б.М.).
Зат есімдер ілік септік тұлғасында келіп, анықтауыш қыз ме-
тінде жұмсалады. Ол жағдайда заттың иесін білдіреді. Мысалы, 
Күнкенің 
аулы да осы арада жақын еді (М.Ә.).
Сілтеу есімдіктер атау тұлғасында тұрғанда өзі қатысты затты 
нұсқау мағынасында жұмсалады: Бүкіл елде Бәкенді бауырына 
тартып, жақын боп жүрген 
осы 
Демесін (Б.М.).
Есімшелер анықтауыш қызметінде заттың қимылдық сапа сын 
білдіреді: Албарда 
сықырлаған 
мал (Б.М.).
Сан есімдер заттың сан-мөлшерін білдіріп анықтауыш 
болады.
Анықтауыштар құрамына қарай дара, күрделі және үйірлі 
болады. Кеңсенің алдында 
үш-төрт
арба тұр (Б.М.).
Күрделі анықтауыштар негізінен, күрделі сын есім, сан есім, 
күрделі есімшелерден жасалады. Мысалы: Қала. 
Екі қабат, үш 
қабатты
үйлер. 
Сымдай түзу тар 
көше бойы 
лек-лек болып 
шұбырған 
адам (Б.М.). 
Қой көзденген қара бұжыр 
әйел Мариямға 
келіп амандасып, әлдеқайдағы әңгімелерді соғып жатыр (Б.М.).
Үйірлі анықтауыш: 
Қолы қимылдағанның 
аузы қимылдайды 
(мақал). 
Мен көрген 
ауыл емес (А.Ж.). Біз 
төбесі аласа 
үйге 
кірдік (С.М.). 
Анықтауыштар жасалу жолдары мен байланысу тәсіліне қа-
рай қабыса байланысқан анықтауыш және матаса байланысқан 
анықтауыш болып бөлінеді. М. Балақаев оларды сапалық анық-
тауыштар, меншікті анықтауыштар дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет