Қазіргі қазақ тілі
71
уыш қызметінде зат есім, сын есімдер, сан есімдер, етістіктің есім-
ше, көсемше және шартты рай тұлғалары, еліктеуіш сөздер және
т.б. жұмсалады. Мысалдар:
Қазір мұнда жыл сайын жүзге тарта
маман диплом алып шығады
(газ.).
Жұмыскер арасында әр түр лі
наразылықтар, толқулар барын жақсы білесіз
(Ғ.М
.). Қыс тү се
менің жұмысым екі есе көбейді
(С.М.).
Ақтардың бір қосын әс ке рі
Танабайдың аулына қарай бүйрек шығып келе жатты
(С.С.).
Үстеуден басқа сөз таптарының пысықтауыш қызметінде
жұм салуы, көбінесе, синтаксистік қоршауға, қандай грамма-
тикалық тұлғада келуіне, сонымен қатар кейде сөздің лексикалық
мағынасының ерекшелігіне байланысты болады. Көсемшелердің
пысықтауыш қызметінде жұмсалуы олардың етістік баян да-
уыштардың алдында келіп, іс-әрекеттің істелу тәсілін, т.б. біл-
діруіне байланысты. Мысалы,
қалам, кітап
тәрізді зат есімдер
қандай грамматикалық тұлғада қолданылып, қандай сөзге қа-
тысты айтылса да, пысықтауыштық мәнге ие бола алмайды.
Және бір ескеретін жай, үстеуден басқа сөз таптары пысық-
тауыштың барлық түрлерін жасай алмайды, ал лексикалық-грам -
матикалық мағыналарына сәйкес пысықтауыштардың бел гілі бір
түрін ғана жасайды. Мысалы, сын есім амал, мезгіл пы сық та-
уыштарды, көсемше амал, мақсат пысықтауыштарды жасайды.
Зат есімдер көбіне, септік жалғауларын жалғап пысықтауыш
болады. Бұл жағынан олар жанама толықтауыштардың жасалу
жо лымен ұқсас. Осыған байланысты қазақ тілі ғылымының даму
та рихында кереғар пікірлер де болды. Бұрынырақ шыққан оқу лық-
тарда, еңбектерде септік жалғауында тұрған есім сөздерді олар-
дың мағынасы мен мәнмәтіндегі синтаксистік қыз метіне қа рамай
жанама толықтауыш деп тану басым болды. Бұл сөз мағы на сы мен
оның қолданымдық ерекшелігін ескермеуден туған түсінік еді.
Пысықтауыштар да құрамына қарай дара, күрделі және үйірлі
болады. Мысалы
: Бұл кезде бұл елде мейрамға ұқсас ешнәрсе
жоқ-ты
(Ғ.М
.). Қыс түсе менің жұмысым екі есе көбейді
(С.М.).
Мәз болады болысың арқаға ұлық қаққанға
(Абай).
Пысықтауыштар мағыналық жағынан: мезгіл, мекен, мақсат,
себеп, амал-мөлшер пысықтауыштар сияқты топтарға бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: