Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова


Барыс септік жалғаулы толықтауыштардың



Pdf көрінісі
бет42/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   118
Байланысты:
Шалабай

Барыс септік жалғаулы толықтауыштардың 
білдіретін 
ма ғыналары:
1) іс-қимылдың кімге, неге арналғаны, бағытталғаны (мысалы: 
газетке жазылды);
2) іс-әрекеттің мөлшері (Асқар биыл 
отызға 
толады);
3) сапаға қатысты объектілерді білдіреді (
сөзге 
жүйрік, 
оқуға 
ықыласты).


Қазіргі қазақ тілі
69
Жатыс септікті толықтауыштар 
іс-қимыл таралған объек-
тіні, зат құбылыстың орны, тұрағы болған объектіні білдіреді. 
Мысалы: 
Бұл зерттеуде бірнеше мәселе көтерілген. – Кімде қа-
ламсап бар? – Менде.
Жатыс септікте сөздер пысықтауыш қыз метінде, баян дауыш 
қызметінде де жиі қолданылатыны белгілі. Кейде пысықтауыш 
пен жанама толықтауышты айқындауда қиындық тар кездеседі. 
Толықтауыш пен пысықтауыштың синтаксистік қызметі сол 
сөздің лексикалық мағынасына, мәнмәтінге және етістік баян-
дауыштың мағынасына байланысты. Мысалы, 
жыл қыда 
өт 
жоқ. Ол 
жылқыда 
болды. Асқар 
бірінші сыныпта 
оқиды. Асқар 
бірінші сыныпта 
отыр.
Шығыс септік жалғауында толықтауыш
болатын сөздер 
кө лемдік, кеңістік, мезгілдік мән бере алмайтын зат есімдер не 
басқа есімдер.
Білдіретін мағыналары:
1) іс-қимылға жұмсалған материалды, яғни заттың тегін, 
неден жасалғанын білдіреді (
Тастан 
сарай салғызды); 2) іс-
әрекеттің шығу объектісін, тегін, тобын, салыстыру объектісін 
білдіреді 
(Сабадан қымыз құйылды).
Көмектес септікті толықтауыштар
мекендік, мезгілдік
қимыл-процестік мәні жоқ сөздерден жасалады. Білдіретін 
мағыналары:
1) істің істелу құралын немесе істі істеу үшін жұмсалған 
объектіні білдіреді: 
Ағашты балтамен шапты. Пулеметпен 
атқылады. 
2) іске бірлестік қатынастағы объектіні білдіреді: 
Ол 
Асқармен бірге болды. 
3) бір өңкей заттардың ерекше белгісін 
білдіреді: 
Азығымен жер мүсінді, еңбегімен ер мүсінді.
Жанама толықтауыштар 
туралы, жайында, жөнінде
шылау-
лары арқылы да жасалады. Олар айтылған ойдың бағытын, 
бағдарын білдіреді: 
Мен ол туралы көп ойландым.
Толықтауыштар өзі қатысты сөзбен меңгеріле байланысады.
Толықтауыштар құрылысына қарай дара, күрделі, үйірлі 
болады.
Құлақ естігенді көз көреді. Жұмыскер арасында әртүрлі 
нара зылықтар, толқулар барын сіз өзіңіз де жақсы білесіз 
(Ғ.М.).


Бердібай Шалабай
70


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет