Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет41/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   118
Байланысты:
Шалабай

Толықтауыш
Толықтауыштар, әдетте, сөйлемнің баяндауышына қатысты 
болады деп түсіндіріледі. Баяндауыш, көбінесе, етістіктен жа-
салады да, толықтауыш іс-қимылдың әсеріне ұшырайтын, іс-
қимылға қатысты болып келетін заттарды білдіреді. Бұл – толық-
тауыштың мағыналық белгісі болса, тұлғалық белгілері барыс


Бердібай Шалабай
68
табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғаулары. Мысалы: 
Биылғы қыстың басы 
адамға да, малға да 
әзір аса жайлы болып 
тұр (М.Ә.). Алғашқы кезде көмірді 
вагонеткамен 
шығаратын. 
Асқарда
кітап көп (Ғ.М.). 
Толықтауыштардың сұрағы 
кім, не 
түбірлі болып келеді де, 
толықтауыштардың қай септік жалғауында тұруына байланысты, 
сол септіктің жалғауын жалғап тұрады.
Толықтауыштың өзі қатысты сөзбен мағыналық байланысы 
тығыз болады. Сондықтан толықтауыш айтылмаса, сөйлемнің 
мағынасы толық ашылмайды. 
Толықтауыштардың іс-әрекетке, қимылға қатыстылық дәреже-
сі мен мағыналары, сондай-ақ сөйлем құрамындағы синтаксис тік 
қызметі бірдей емес. Олардың мұндай синтаксистік және ма ғы на-
лық ерекшеліктері тұлғалары арқылы (септік жалғаулары) көрінеді.
Табыс септік жалғауында тұрып, сабақты етістіктердің же-
те гінде айтылатын толықтауыштарды 
тура толықтауыш 
дей-
ді. Сұрағы кімді? нені? Тура толықтауыштың мағыналық жа-
ғына келер болсақ, ол іс-қимылға тікелей қатысты болады. Өзі 
то лықтыратын сөзімен барыс, жатыс, шығыс, көмектес сеп тік 
жалғаулары арқылы байланысып, іс-әрекетке, баяндауыш біл-
діре тін белгі-сапаға жанама түрде қатысты болатын толық та-
уыштарды 
жанама толықтауыш 
дейді. Сұрақтары: кімге, неге, 
кімде, неде, кімнен, неден, кіммен, немен?
Тура толықтауыштың тұлғасы – табыс септігінің жалғаулы 
және жалғаусыз (нөлдік тұлға) түрлері.
Тура толықтауыш: 1) егер толықтауыш пен толықтайтын 
сөз арасында басқа сөз түссе; 2) тәуелдік жалғаулы болса;
3) логикалық екпін түссе; 4) бастауыш болуға бейім сөздер, 
соның ішінде әсіресе, жалқы есімдер, сын есім, сан есім, есімше, 
есімдіктер, тура толықтауыш болса, жалғаулы болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет