Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет65/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   118
Байланысты:
Шалабай

Қазіргі қазақ тілі
105
Ұқсас жақтары: 1) Жай сөйлем де, құрмалас сөйлем де тілдің 
қарым-қатынас бірлігі; атқаратын қызметтері бірдей.
2) жай сөйлем де, құрмалас сөйлем де предикативтік қатынасқа 
ие; олар сөйлемдік қасиетке ие предикативтік орталықтардан 
тұрады.
3) жай сөйлемде де, құрмалас сөйлемде де тиянақты интонация 
бар: сөйлемді аяқтап тұрады.
Айырмашылықтары: 1) жай сөйлемде бір ғана предикативтік 
орталық болса, құрмалас сөйлемде екі не одан да көп предикативтік 
орталық болады; 2) жай сөйлемде бір ғана ой берілсе, құрмалас 
сөйлемде күрделі ой беріледі; 3) жай сөйлемдегі тиянақсыз 
инто нация сөйлем мүшелерін мағыналық топтарға бөліп тұрса, 
құрмалас сөйлемде предикативтік топтарға бөледі.
Сонымен, құрмалас сөйлем деп екі не одан да көп преди ка-
тивтік компоненттердің өзара лексика-семантикалық, грамма ти-
калық тәсілдердің көмегімен мағыналық, құрылымдық, интона-
циялық біртұтастық жасап бірігуі арқылы күрделі ойды білдіруге 
қызмет ететін коммуникативтік бірлік түрін айтамыз.
Осы жерде басын ашып алатын бір жай: құрмалас сөйлем 
синтаксисінің белгілі мамандарының бірі Т. Қордабаев өзінің 
соңғы еңбегінде былай дейді:
«Құрмалас сөйлем синтаксисі жай сөйлемдердің өзара бірігіп, 
күрделі ойды білдіретін бір сөйлем, яғни құрмалас сөйлем бо-
луын зерттеумен ғана тынбайды, сонымен бірге бірнеше сөйлем -
дер тіркесінен құралатын синтаксистік күрделі бірлікті де 
қа растырады. Осы тұрғыдан алғанда, құрмалас сөйлем синтак си-
сінің объектісін құрмалас сөйлем, синтаксистік күрделі бірлік деп 
екі топқа бөлуге болады» (Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер 
синтаксисі, 8-бет).
Бұл пікірмен мүлде келісуге болмайды. Өйткені құрмалас 
сөйлем мен күрделі синтаксистік бірлік – екеуі синтаксистің екі 
басқа тұлға-бірліктері.
Құрмалас сөйлем – құрмалас сөйлем синтаксисі аясында 
қарастырылса, күрделі синтаксистік тұтастық – мәтін синтаксисі 
аясында қарастырылады.
Құрмалас сөйлем туралы алғашқы пікірлерді 20-30 жылдар 
ішіндегі мектептерге арналып жазылған оқулықтар мен оқу 


Бердібай Шалабай
106
бағдарламаларынан кездестіруге болады. Оларға А. Байтұрсын-
ұлы ның «Тіл – құрал» атты оқу құралы (1925), Қ. Жұбановтың 
оқу бағдарламалары (1936) және С. Аманжоловтың 38-39 жыл-
дары шыққан алғашқы оқулықтары жатады. «Құрмалас» де-
ген атаудың пайда болуы, оның белгілері, түрлері алғаш рет
А. Байтұрсынұлының аталған кітабында сөз болады.
Ол былай дейді:
«Сөйлемдер арасында екі түрлі жақындық болады. Бірі – 
ішкі, бірі – тысқы. Ішкі жақындық – мағына жүзіндегі жақындық. 
Мағына жақындығынан басқа жақындық жоқ сөйлемдер іргелес 
деліп, мағына жақындығынан басқа қисын жақындығы бар сөй-
лемдер құрмалас деп аталады» (А. Байтұрсынов. Тіл тағылы мы. 
300-бет).
Осыдан кейін келтірген мысалдарын, жасаған талдауларын 
зер салып қарасақ, А. Байтұрсынұлы сол кездің өзінде мәтін 
син таксисі туралы да алғашқы пікірді айтқан екен. Жоғарыдағы 
мағына жақындығымен жанасқан іргелес сөйлемдер деп отыр-
ғаны – белгілі бір ой төңірегіне топтасқан бірнеше сөйлемдер 
тобы (Күн кеш болды. Ат болдырды, ел көрінбеді. Батыр сасайын 
деді). 
Ал құрмалас сөйлемді мағына жақындығымен қатар (ішкі 
жақындық) қисын жақындығы (тысқы) біріктіретін бірнеше жай 
сөйлемдер құрайды екен (Үлкен бастар, кіші қостар. Атаңа не 
қылсаң, алдыңа сол келер). А. Байтұрсынұлы құрмалас сөйлемді 
құрайтын жай сөйлемдердің ішкі, тысқы байланыстарын кең 
ашып сөз етпегенмен, құрмалас сөйлемдердің бірнеше белгілерін 
көрсетуі өте-мөте мәнді еді. Ол белгілері: екі және одан да көп 
сөйлемнен құралуы, олардың арасында мағына жақындығы 
болуы және сыртқы тұлғалық байланыстардың болуы.
Қ. Жұбанов құрмалас сөйлем туралы арнайы еңбек жазба ған-
мен, оқу бағдарламаларына арналған ескертпелерінде өз пікірін 
білдірген. Онда құрмалас сөйлем (ол «күрделі сөйлем» дейді) 
болу үшін, әр жай сөйлемнің өз бастауышы да, баяндауышы да 
болуы керектігін, құрмалас сөйлемнің түрлері (салалас, сабақ-
тас), олардың құрамындағы жай сөйлемдерді байланыстыратын 
амалдар туралы айтады (Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер: 230 
және 358-беттер).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет