Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет64/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   118
Байланысты:
Шалабай

Қазіргі қазақ тілі
103
шалқасынан ашылды. Дәл кірер жері тар болғандықтан, Көкбай 
бастаған жігіттер бірінің артынан бірі тізілді (М. Әуезов).
Жоғарыдағыдай, құрмалас сөйлемде олардың компоненттері 
мағыналық тұрғыдан бірін-бірі толықтырып тұрады, олар өзара 
мезгілдік, себептік, шарттық, т.б. мағыналық қатынастарда жұм-
салады.
2. Екіншіден, құрмалас сөйлем компоненттерін байланысты-
ратын арнайы грамматикалық тәсілдер болады. Оларға компо-
ненттерінің бірінің баяндауышының тиянақсыз тұлғалары жа та-
ды: көсемше, есімше, шартты рай тұлғалары, септік жалғаула ры, 
кейбір жұрнақтар және көмекші сөздер (шылаулар) тобы.
Мысалдар: Бұл жігіттерді бөгей алмасын сезініп, Омар да 
ас үйге қарай кетті. (Ғ.М.). Киімдері жылы болғанмен, қатты 
қажыған дене тоңуға айналды. (М.Ә). Мұсақұлға келсе, Базаралы 
да сонда екен. (М.Ә.). Бұл қонақтар кетісімен, Абай Татьяна әнін 
қайта іздеді (М.Ә.). Үшеуі өз жұмыстарын оп-оңай жайлады да, 
Шыңғысқа қарай қайта тартты (М.Ә.). Кәмшат жайы осындай 
күйіп жүрген күндерге дәл келген соң, Бөжейдің рақымсыз боп 
жүргені рас (М.Ә.).
Жоғарыдағы мысалдардағы көсемше, есімше, шартты рай 
тұлғалары, септік жалғаулары, жалғаулық шылау мен септеулік 
шылау да өз тиянақсыздықтары арқылы өздері жалғанған немесе 
тіркесіп келген компоненттерін келесі компонентке (жалғастыра) 
ұштастыра байланыстырып тұр.
3. Үшіншіден, құрмалас сөйлем компоненттерін байланыс-
тыруда интонация мен компоненттерінің орналасу тәртібінің 
ерекше маңызы бар. Құрмалас сөйлем мәселесінде интонация 
тұтас тығы барлық жағдайда да ерекше мәнді, ал мына мысалдар-
да ол бірден-бір байланыстырушы тәсіл болады:
Ақылдасып көріп еді, Ербол да тыңнан ешнәрсе таба алмады. 
(М.Ә.).
Жай мәлім, сөз қысқа (М.Ә.).
Құрмалас сөйлем компоненттерінің белгілі орналасу тәртібі 
бар: баяндауышы тиянақсыз тұлғаға аяқталған компоненті әдетте 
алдыңғы шепте (кей жағдайда тиянақты компоненттің ортасында, 
мысалы: «Қолдан келген жәрдемді, Тұрлықұлдан бір кек әпе-
руге жарасаң, сенен аямас едік») орналасады да, баяндауышы 


Бердібай Шалабай
104
тиянақты тұлғадағы компоненті кейінгі шепте орналасады. Осы 
жай құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстырып, оларды 
бір бүтіннің құрамына біріктіреді.
Құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстыратын амал-
тәсілдер осы айтылғандармен ғана бітпейді. Оған көз жеткізу 
үшін мына мысалдарға зер салайық:
Сырдың күні қандай ыстық болса, түні сондай салқын (С.М).
Оған керегі Рязановты таңдандыру еді, онысы ойдағы жерден 
шыққан сияқты (Ғ.М.).
Таныдым: үй Қарабеттің отауы (С.Жүнісов).
Мал жерді емеді, адам малды емеді (Ғ.М.).
Құрмалас сөйлем компоненттеріне ортақ бір сөздің (не тір-
кестердің) келуі оларды тығыз жымдастыруға себепкер бо лып 
тұрады. Мысалы, бірінші сөйлемдегі «Сырдың» сөзі екі компо-
нентке де ортақтасып келсе, екінші сөйлемнің екін ші ком по-
ненті құрамындағы «онысы» есімдігі алдыңғы компо нент тегі 
ойға нұсқап, онымен тығыз бірлік құрауға дәнекер болып тұр. 
Ондай дәнекерлік қызметті «қандай», «сондай» қатыстық сөздері 
(1-сөйлем) де, жалпы сөйлем құрылысы (3-сөйлемнің алдыңғы 
компоненті толымсыз құрылымда келіп, екінші компоненті ар-
қылы толығуы) да, компоненттерінің құрылымы, шақтық, жақтық 
көрсеткіштері жағынан ыңғайласып келуі, синтаксистік қатар 
құрауы (4-сөйлем) атқарып тұр.
Сонымен, құрмалас сөйлем құрамындағы предикативтік 
ком поненттер екі не одан көп жай сөйлемдердің жай ғана тір-
кесі ретінде қаралмайды, олар бір-бірімен тығыз қарым-қаты-
насқа түсіп, соның нәтижесінде бір компоненті мағыналық, құ-
ры лымдық, интонациялық тиянақтылықтан айырылып қалып, 
екіншісіне тәуелді болады. Сондықтан құрмалас сөйлем компо-
ненттері өз бетінше дербес қарым-қатынас құралы бола алмайды. 
Демек, құрмалас сөйлем компоненттері дербес жай сөйлемдер-
мен бірдей емес, олар – бүтіннің бөлшегі ғана.
Жоғарыда айтылғандарды жинақтай келсек, мынадай қоры-
тындыға келуге болады:
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем арасында ұқсас жақтары 
да бар, сонымен қатар бір-бірінен түбірлі айырмашылықтары да 
бар. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет