Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет67/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   118
Байланысты:
Шалабай

салалас 
түрі 
ғана – яғни мағыналары бір-біріне жақын жай сөйлемдердің өзара 
іргелесе, тіркесе айтылуы арқылы жасалған түрі ғана болған. 
Үнді-европа тілдерінің синтаксисін зерттеген ғалымдар:
А. Мейе, Г.С. Кнабе, А. Рифтин, т.б. тіл дамуының көне заманын да 
сөздер, сөйлемдер байланысының нашар болғандығын, ол кез де 
синтаксистік элементтер арасында дербестік, оқшауланушылық 
басым болғандығын айтады. Мысалы, А. Рифтин 
«
Аккад тілін-
дегі құрмалас сөйлем дамуының екі жолы» деген мақаласында 
(Советское языкознание, т. ІІІ. – Л., 1937. – стр. 66) тетелес тұрған 
екі жай сөйлемнің салаласу негізінде бір-біріне қосылуы, бірігуі 
құрмалас сөйлем дамуының 
бірінші жолы 
дегенді айтады.
Бұл пікірдің дұрыстығын Н.Т. Сауранбаев «Құрмалас сөй-
лемдер және олардың даму жолдары» деген мақаласында 
(Сауранбаев Н.Т. Қазақ тіл білімінің проблемалары: А., 1982) 
қостады. Ол былай дейді: «Ешқандай жалғауышсыз байланысқан 
сөйлемдердің арасындағы құрмаластық қатынас орхон дәуірінде 
екі сөйлемнің не іркес-тіркес іргелесіп айтылуынан білінген, я бір 
мүшенің екі сөйлемге ортақ екендігінен білінген. Бұл соңғы екі 
тәсіл ескі дәуірдегі түрік тілдерінде жеке сөйлемнің арасындағы 
байланыстың негізгі басым, ең алғашқы жолы болып саналады».
Орхон ескерткішінің сөйлем тізбектеріне назар аударсақ: 
«Қанын қодып табғачқа яна ічікді. Теңрі анча теміс ерінч: қан 
бердім. Қаныңын қодып ічікдік үчүн өлүіміш ерінч. Түрк будун 
өлті, алқынты, иоқ болты» (Қанын қойып табғачқа және бағынды. 
Тәңрі былай деуі мүмкін: «Қан бердім». Қаныңды қойып (басқаға) 
бағындың. Бағынғаның үшін мүмкін тәңрі өлтірмес. Түрік халқы 
өлді, әлсіреді, жоқ болды (құрып бітті)).


Қазіргі қазақ тілі
111
Осы айтылғандарға ұқсас келте қайрылып, біріне-бірі, көбі-
несе, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет