Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет66/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   118
Қазіргі қазақ тілі
107
С. Жиенбаев құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдерден құрала-
тынын, ондағы басты нәрсе осы жай сөйлемдердің байланысы 
мәселесі екенін айта келіп, құрмалас сөйлем құрамындағы жай 
сөйлемдерді байланыстырушы басты амалдарға интонацияны, 
жалғаулықтарды және бағыныңқы сөйлемнің баяндауыш фор-
масын жатқызады. Солардың ішінде, әсіресе көсемшенің қызме-
тін жеке талдайды. Салалас, сабақтас сөйлем, олардың түрлері, 
үйірлі мүшелі сабақтастар туралы пікірлері бар (Синтаксис мәсе-
лелері).
Құрмалас сөйлем жөнінде күрделі зерттеулер жүргізген 
ғалымдар – Н. Сауранбаев пен С. Аманжолов.
Н. Сауранбаев құрмалас сөйлем туралы 1943 жылы доктор-
лық диссертация қорғап, ол 1948 жылы «Қазақ тіліндегі құрма лас 
сөйлемдер жүйесі» деген атпен жеке кітап болып шықты. Ол 1953 
жылы педучилищеге арналған, ал 1954 жылы жоғары оқу ор ны на 
арналған оқулықтың құрмалас сөйлем синтаксисін жазған.
Н. Сауранбаев құрмалас сөйлем мен жай сөйлемді бір-бірі-
нен бөлек зерттеудің қажеттілігін былай негіздейді: «... жеке жай 
сөй лемнің құрылысы мен олардың өзара байланысының бел-
гілі айыр машылығы бар, оларды ажыратудың ғылыми-тәжіри-
бе лік қажеттілігі де бар». Жеке сөйлемдер өзара байланысқанда 
өздерінің жеке сөйлемдік белгілерін (мағыналық, құрылымдық 
ерек шеліктері) жоймайтын болғандықтан да, жай сөйлемнің құ-
ры лы сы мен құрмалас сөйлемнің құрылысы бір емес. «Жеке сөй-
лем дер күрделі ойды білдіру үшін өзара байланысқанда, яғни 
құр маласқанда, олар өздерінің бүтіндік шамасын, айтылудағы 
фона циялық өзгешелігін, мүшелік құрылысын сақтайды»
(82 бет).
Одан әрі жай сөйлемдер тобы мен құрмалас сөйлемнің бір-
бірінен айырма-ерекшеліктерін мысалдармен көрсетеді де, мы-
надай қорытынды жасайды: «Сонымен, бір сөйлемнің дара 
айтылудағы мағынасы мен олардың құрмаласып айтылғандағы 
мағынасы сан жағынан да, сапа жағынан да тектес болғанмен, 
бірдей емес. Сондықтан құрмалас сөйлемдер мағынасы жағынан 
– ойдың бөлек түрін, құрылысы жағынан – сөйлемнің бөлек түрін 
тудырады. Ендеше құрмалас сөйлемдер – синтаксистің өз алдына 
бөлек, жеке жүйесін құрайды».


Бердібай Шалабай
108
Өзінің монографиясында Н. Сауранбаев қазақ тіліндегі құр-
малас сөйлемдердің жүйесін ашуды, яғни құрмалас сөй лем дердің 
құрылу жағдайларын (байланысын), олардың түрлерін зерттеуді 
мақсат етіп қояды.
С. Аманжоловтың орта, жоғары мектептерге арналған оқу-
лық тарында жай сөйлем синтаксисімен қатар, құрмалас сөйлем 
синтаксисінің өзекті мәселелері тұңғыш рет жүйелі түрде, жан-
жақты терең талданады. С. Аманжолов зерттеген құрмалас сөй-
лемнің басты-басты мәселелері құрмалас сөйлем туралы қазіргі 
қалыптасқан ілімге негіз болды. Олардың бастылары – құрмалас 
сөйлемнің негізгі белгілері, жай сөйлемнен айырмашылығы, 
құрмалас сөйлемнің түрлері, жасалу жолдары.
Құрмалас сөйлемді айқындауда С. Аманжолов оның әр ком по-
нентінің дербес бастауышы болатынын, предикативтік қасиет ті 
сақтауын және олардың ара-жігін айыратын интонациясы болуын 
негізгі меже етіп алады. Ғалым құрмалас сөйлемнің ерекше-
лігін түсіндіруде оның құрамындағы жай сөйлемдердің, әсіресе 
бағыныңқы сөйлемнің, сипатын анықтаудың маңызы өте жоғары 
екенін ескертеді.
Т. Қордабаев құрмалас сөйлемнің негізгі белгілері ретінде 
оның әр компонентінде дербес ой берілуін, олардың мағыналық 
жақындықта болуын, әрқайсысының дербес бастауышы мен 
баяндауышы болуын және өзіндік интонациясы болуын атайды.
Сөйлемге тән басты белгілердің бірі предикативтілік (
преди-
кативтік
қатынастың) бастауыш-баяндауыш қатынасы арқылы 
берілетіні белгілі. Міне, осыған байланысты ғалымдардың ара-
сында үлкен айтыс құрмалас сөйлемнің әр компонентінің дербес 
бастауышы болу, болмау мәселесіне қатысты болып келеді.
Ғалымдардың бір тобы (Т. Қордабаев, Қ. Есенов) құрмалас 
сөй лем нің әр компонентінің дербес бастауышы болуы керек 
дейді (Егер олай болмаса, онда олар күрделенген жай сөйлем 
болады). Ортақ бастауышты болуын мүлде мойындамайды.
Т. Қордабаев: «құрмалас сөйлемнің, әсіресе сабақтастың әр 
ком поненті дербес бастауыш, баяндауышқа ие болу керек. Бұл 
еке уінің бірі болмаса да, ол құрмалас сөйлем компоненті бола 
алмайды» (соңғы оқулық 19-бет), – дейді.
Сонда: «Сен /немесе «ол»/ жұмыстан келген соң, бұл жөнінде 


Қазіргі қазақ тілі
109
тағы сөйлесерміз» құрмалас та, «Біз жұмыстан келген соң, бұл 
жөнінде тағы сөйлесерміз» – құрмалас емес. Өйткені, соңғысы – 
дербес бастауышты емес, ортақ бастауышты.
Қ. Есенов те осындай пікірде: «Сөйтіп, ... құрмалас сөй-
лемді айқындай алатын ең бір басты белгі – оның бойында 
субъект-предикаттық қатынастың болуы. Ал бұл жай ең алдымен 
бастауыш сөзінің барлығымен тығыз байланысты» (Күрделенген 
сөйлемдер, 186-бет).
Ал Сәрсен Аманжолов бұл жөнінде басқаша пікірде, ол былай 
дейді: «Бастауыш болуы қажет деген пікір бағыныңқы сөйлемді 
анықтауға критерий бола алмайды. Кейде бастауыш басыңқы мен 
бағыныңқы сөйлемдерге ортақ болуы да мүмкін» (217 бет).
Шынында да, тіліміздегі көптеген фактілер құрмаластың ком-
поненттеріне ортақ бастауыштың болуын жоққа шығармайды. 
Мысалдар: 1. Еркежан қатты қайрат көрсетіп, кешегі Шұбарға 
берген жауабынан бүгін де аумай тұрып алды (М.Ә.).
2. Биғайша селк ете түсті, бірақ қысылғанын білдірмеуге 
тырысты (Х.Ес.).
3. Оңға қарай кішкене жүрсек, бәрінен де құтыламыз. (Н.Ғаб.).
Бұларда екі предикативтік орталық бар, бір-бірімен байла-
нысты дербес ойлардан құралған күрделі ой берілген. Ендеше 
неге бастауыштары ортақ деп, оларды құрмалас деуден бас тар-
тамыз?!
Алайда, мәселенің екінші жағы да бар: рас, кейде, кейбір 
сөйлемдерді – ортақ бастауышты құрмалас сөйлемдер ме, жоқ, 
бірыңғай мүшелі күрделенген сөйлемдер ме – айыру қиынға 
соғады. Мысалдар: Болыстары еліне әмірін қаттырақ жүргізіп, 
тізесін елге қаттырақ батырып, көпшілікті өзіне қарсы қойып 
алған екен (С.Сейф.). Қарт көрпе астынан еті қашқан оң қолын 
шығарып, үп-үшкір шынтағымен жер таянып, екі-үш ұмтылып 
барып, тұра алмай аунап түсті (С.Сматаев).
Тілдік категориялардың басқа да түрлері сияқты құрмалас 
сөйлемдердің де өзіне тән қалыптасу, даму тарихы бар. 
Құрмалас сөйлем адамның ой өрісінің, дүние тануының 
кеңейіп, күрделі ойлардың туып, дамуына байланысты, сол 
ойдың көрсеткіші ретінде қалыптасып дамыған. 
Белгілі тіл тарихын зерттеуші ғалымдардың айтуынша, тіл 


Бердібай Шалабай
110
дамуының көнерек заманында сөйлем құрамындағы сөздерді, сол 
сияқты жай сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыратын қазіргі 
тіліміздегідей дәнекерлер, арнаулы тәсілдер болмаған (бірін-бірі 
меңгеріп, тәуелді етіп тұратын байланысу тәсілдері болмаған). 
Сөздер, сөйлемдер байланысындағы басым тәсіл – олардың тұр-
ған орындарына қарай бір-бірімен қабыса, іргелесе байланысу 
тәсілі болған. Сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің бір-бірімен 
байланысы, ара қатынасы тығыз, берік болмағандықтан, оларда 
дербестік, бір-біріне тәуелсіздік күшті болған. Тіл дамуының 
мұндай сатыдағы дәуірінде құрмалас сөйлемнің тек 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет