Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет72/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   118
Байланысты:
Шалабай

Себептес салалас
Салалас құрмаластардың предикатив сыңарларын өзара бай-
ланыстырып, әрі олардың себеп-салдарлық мағыналық қаты-
нас тарын айқын көрсетіп, себептес салалас жасап тұратын 


Қазіргі қазақ тілі
119
жалғаулықтар: 
сондықтан, сол себепті, өйткені, себебі. 
Қалыпты 
сөй лемдерде олар салалас құрмалас сөйлемнің екінші сыңары -
ның құрамында, оның басқы шенінде келеді. Мысалы: Тілеуім -
беттің менсінбегені Мүсірепке де батып кеткен екен, сол себепті 
ол сөз аяғында бидің өзін де түйрей кетті (Ғ.М.). Қазір ол сақа -
лын да қырған, киімін де өзгерткен, 
сондықтан 
кескін-кейіпі де 
өз герген (С.М.). Жаны шығып кете жаздады, 
өйткені 
оның қо-
лына түскен ыдыс сау қайтқан емес /Б.М./. – Әй, ол жеңер сені, 
себебі
келе шек сонікі ғой (С.М.). Мысалдардағы предикатив 
сыңар лар дың арасындағы себеп-салдарлық қатынастар айқын 
байқалады.
Бірінші мысалда «Мүсірептің сөз аяғында бидің өзін де 
түй реп кетуіне» себеп болып тұрған жай – «Тілеуімбеттің мен-
сінбегенінің оған батып кетуі» болса, екіншісінде «кескін-кейпі 
өзгеруі» негізгі баяндалып тұрған жай да, соған алып келген, 
солай болуына себеп болып тұрған нәрсе – оның «сақалын қы-
рып, киімін өзгертуі». Ал үшінші мысалда негізгі мәселе ретінде 
кейіпкердің шошынғаны, «жаны шығып кете жаздағаны» ай-
тылады да, оған себеп болып тұрған екінші адамның қолына 
түскен ыдысты сау (сындырмай) қайтармайтыны болып шығады.
Мысалдардың кейбірінде жалғаулықтарды предикатив сы-
ңарларының мағыналық қатынастарына, байланыстарына нұқсан 
келтірмей-ақ алып тастауға болатын болса, кейбірінде олай етуге 
болмайды. Олай болғанда сыңарларының арасындағы мағы-
налық қатынас та өзгереді, арадағы байланыс та үзіледі. Мысалы: 
Тілеуімбеттің менсінбегені Мүсірепке де батып кеткен екен, – ол 
сөз аяғында бидің өзін де түйрей кетті. – Әй, ол жеңер сені, – 
келешек оныкі ғой.
Бұл мысалдарда жалғаулықтарды түсіріп айтуға болады, 
одан сыңарларының мағыналық қатынастарына, синтаксистік 
байланыстарына көп онша өзгеріс ене қоймайды, тек түсірілген 
сөздің (жалғаулықтың) орнына сызықша қоюға тура келеді.
Ал «Қазір ол сақалын да қырған, киімін де өзгерткен, сон дық-
тан кескін-кейпі де өзгерген» дегендегі «сондықтан» жал ғау лы-
ғын алып тастауға болмайды, онда сыңарларының ара сын дағы 
синтаксистік байланыс бұзылады және сыңарлары бір тектес 
жай-күйлерді баяндайтын ыңғайлас мәнді білдіріп кете ді. Бұл 


Бердібай Шалабай
120
баяндауыш тұлғаларының біртектес, бірдей тұлғаларда тұр ған-
дығынан солай болады.
Сондықтан, сол себепті 
жалғаулықтары алдыңғы сыңары 
екінші сыңарында болған, болатын, болып жатқан іс-сапа, күй-
лердің себебін білдіретін салалас құрмаластарды байланыс ты-
рады. Мысалы: Жылы жатқан жер адырлы, қабағы көп, жасы-
рыны мол жер болатын, 
сондықтан 
көп ендетіп жаюға болмап еді
(М.Ә.). Әдетте, оруды ең құрметті кісі бастауға тиіс, 
сондықтан 
көпшілік бұл құрметін Сырбайға көрсетпек болды (С.М.). Бұл 
мәжіліс Біржан мен Тобықты жасының айырылар мәжілісі еді, 
сол себепті 
әнші жастардың бәрі де бір-бір жаңа әнмен өз өнерін 
көрсетпек керек (М.Ә.).
Бұл мысалдарда алдыңғы сыңарында айтылған жайлар, екін ші 
сыңарында істелген (жылқыларды көп, ендетіп жаюға бол маға ны), 
енді істелмек болып тұрған («көпшілік бұл құрметін Сыр байға 
көрсетпек болды», «әнші жастардың бәрі де бір-бір жаңа әнмен өз 
өнерін көрсетпек керек») оқиғаларға себеп түрінде баяндалған.
Өйткені, себебі 
жалғаулықтары алдыңғы сыңарында жүзеге 
асқан, не жүзеге асуы тиіс жайлардың себебі екінші сыңарында 
айтылатын салалас сөйлемдердің құрамында келеді. Мысалы: 
Ешкім үндемеді, 
өйткені 
бұндағы кісілердің бәрі де қарт әйелдің 
даусын білетін (Ә.Н.). Биыл көп ауыл қаралы, 
себебі 
өткен қыстың 
бас кезінде Ұлжан мен Оспан қайтыс болған (М.Ә.). Бұл араның 
малы қыс жұтауға тиісті емес, 
себебі 
ондаған көлдің төңірегіне 
жайыла шалғын өседі. (С.М.).
Келтірілген мысалдардың бәрінде де алдымен болған не 
болуға тиісті іс-әрекет, жағдайлар баяндалған да, олардың неге 
олай болуының себептері екінші сыңарларында айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет