Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет69/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   118
Құрмалас сөйлемнің түрлері
Құрмалас сөйлемнің ең басты белгілерінің бірі оның 
құрамының бірнеше предикативтік орталықтан құралуы болды. 
Предика тивтік орталықтардың бір-біріне қатынасы, байланысы 
құр малас сөйлем түрлерін анықтауға негізгі меже болады. Құр -
малас сөйлем компоненттерінің байланысының негізгі екі түрі 
бар: салаластық байланыс, сабақтастық байланыс. Сала лас тық 
– грамматикалық тұрғыдан өзара тең дәрежедегі тілдік тұлғалар-
дың арасындағы байланыс. Құрмалас сөйлемдегі сала ластық 
байланыс предикатив сыңарларының баяндауыш тұлғаларының 
тиянақтылығымен сипатталады. Мысалы: Жүріп келе жатқан 
жолдарында шаң жоқ, тұтас, тығыз аласа көк бетеге, жасыл 
шалғын бар (М.Ә).
Жоғарыдағы құрмалас сөйлемнің предикативтік сыңарлары-
ның екеуінің де баяндауыштары тиянақты тұлғада тұр: «жоқ», «бар».
Сабақтастық байланыс – тілдік тұлғалардың бірінің екінші-
сіне тұлғалық жағынан да, мағыналық жағынан да бағынышты 
қатынаста тұруы. Құрмалас сөйлемде ол көбінесе бірінші пре-
дикативтік сыңардың екінші предикативтік сыңарға бағы нышты 
қатынасынан көрінеді. Мысалы: Қонақ келетін болғандықтан, 
бұл өлке биелерін де жылдағыдан ерте байлапты (М.Ә.). Мұнда 
бағыныштылық қатынас бірінші предикативтік сыңар баянда-
уыш ының 
(келетін болғандықтан)
тиянақсыздығы арқылы 
(-ғандықтан) әрі предикативтік сыңарлар арасында іліктестік 
(себептес) мағыналық қатынастың орын алуынан байқалып тұр.
Құрмалас сөйлемдер осы байланыс сипаттарының ерекшелік-
теріне орай екі негізгі түрге бөлінеді: 
салалас құрмалас сөйлем, 
сабақтас құрмалас сөйлем.
Алайда құрмалас сөйлем құрамы тек екі предикативтік 
орталықтан құралмайды, үш немесе одан да көп предикативтік 
орталықтан құрала береді. Мысалы:
1. Кілем, көрпе төсеулі, күмістеткен сары ала тегене сапырулы, 
керектінің бәрі бар, артық ешнәрсе жоқ (Ғ.М.).
2. Үлкен кісілер кеп әке қасын қоршағаннан бері және Кәмшат 
өліп, үй-ішін, аналар көңілін уайым басқаннан бері, Абай әке 
қарекетінен, ендігі мақсұтынан шетірек қалған-ды (М.Ә.).


Қазіргі қазақ тілі
113
3. Келген үшеудің бірі Жабай еді, өз қолынан болған іске 
өкініш сезініп, енді Омардың бетіне қарамауға тырысты (Ғ.М.).
Алғашқы екі құрмалас сөйлем төрт предикативтік сыңардан 
құралса, соңғысында үш предикативтік сыңар бар. Демек, бұлар 
көп компонентті, көп құрамды құрмалас сөйлемдерге жатады. 
Олардың предикатив сыңарларының байланысы да салаластық 
және сабақтастық байланыстарға негізделеді.
Алғашқы сөйлемнің барлық предикативтік сыңарларының 
баяндауыштары тиянақты тұлғаларда тұрып, салаласа бай ла нысса, 
екінші сөйлемде алдыңғы компоненттерінің баяндауыштары 
тия нақсыз тұлғаларға аяқталып, сабақтаса байланысқан. Ал
үшін шісінде алғашқы компонентінің баяндауышы тиянақты, 
екіншісінікі тия нақсыз, яғни салаласа да, сабақтаса да бай ланы-
сып құралған. Демек, соңғысы предикативтік сыңарларының 
байланыс түрінің сипа тына орай ерекше тип бола алмайды.
Сондықтан бұлар көп құрамды құрмалас сөйлемдер деп 
ата лады. Көп құрамды құрмалас сөйлемдер предикативтік сы-
ңар ларының салаластық, сабақтастық байланыстардың бірінен 
құралуына қарай не олардың араласып келуіне қарай мынадай 
үш түр ге бө лінеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет