Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет71/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   118
Байланысты:
Шалабай

Ыңғайлас салалас сөйлем
Жалғаулықты салаластың бұл түрінде предикатив сыңарлары 
ыңғайлас, біртектес оқиға, құбылыстарды, не бір мезгіл ішінде 
жүзеге асып жатқан іс-әрекеттерді бейнелейді. Сол ыңғайластық, 
біртектестік, мезгілдестікті олардың сыңарларының арасындағы 
және, да, де, әрі
жалғаулықтары баса көрсетіп тұрады. Мысалы: 
Келгендер арасында Абай бұрыннан білетін Дәндібай, Еренай 
сияқты қарттар бар және түстері жүдеу, ашаң тартып сұрланған, 
киімдері жыртық екі-үш орта жасты адам бар (М.Ә.). Арбаға уряд-
ник пен Елизавета қатар отырыпты да, Быков көшірдің қа сы на 
орналасыпты (Ғ.М.). Тегінде Тәкежан үлкен жанжалға тауаны жоқ, 
бұдырсыз болатын әрі әкеге шағым жеткізу алыс та қиын (М.Ә.).
Ыңғайлас салаластардың жоғарыдағы мағыналық ерекше лі-
гіне сәйкес, құрылымы жағынан да біркелкілік байқалады. Пре-
ди катив сыңарлары бірдей құрылымда, баяндауыштары біркелкі 
рай, жақ, шақ тұлғаларына аяқталады, не ұқсас тұлға лар дан құ-
ра лады, сөйлем мүшелерінің саны, орналасу реті көбі несе бір дей 


Қазіргі қазақ тілі
117
бо лып келеді. Алайда жалғаулық шылаулардың қолда ны луын да 
ерек шеліктер де жоқ емес, соған сәйкес ыңғайлас сала лас сөй-
лем дер де өз ішінде мағыналық айырмашылықтарға, реңк терге 
ие болып келеді.
Және 
жалғаулығы қатарлас, біртектес іс-әрекет, жай-күйді біл-
діретін предикатив сыңарларынң арасында қолданылып, оларды 
байланыстырушылық қызмет атқарады. Мысалы:
Бұл биенің құлыны да өзіне тартқан бурыл болады 
және 
бұл 
бие ерте құлындайды (С.М.). Қонақ аз 
және 
өздерінің құрбылары 
ғой (М.Ә.). Құлбай үйінде жаңадан мектеп ашылатын болыпты 
және
оған жаңадан мұғалім келіпті (З. Ақышев). Асқар онша ән-
ші жігіт емес еді 
және 
оның даусы да пәлендей қоңыраулы бол-
майтын (С.М.).
Да 
жалғаулығының қолдануылуында біраз ерекшеліктер бар. 
Ол 
және 
жалғаулығы сияқты қатарлас мәндегі екі сыңардың 
арасын жалғастырып, дәнекерлік қызмет атқарып тұрады. Мы-
салы: Жылдың ендігі қалғаны әуре-сарсаңға кеткелі тұр екен 
де, 
оның ар жағында жеке-дара қожайын Рязанов болғалы келеді. 
Ойын осыған әкеліп берік тіреді 
де,
сол кезде өзі не халде боларын 
да үлкен бір түйіткілмен ойланды. Қыс бойы қар астында жылы 
жатқан тобылғы мен қараған түптері қазір белдеулеп ашылып 
қалыпты 
да,
кәрлі желден дір қағып тұр. (Ғ.М.).
Да 
шылауы предикатив сыңарларының арасында олардағы 
баяндалатын жайларды ажыратып, бөліп көрсетіп, жеке-дара 
белгілеу үшін де қолданылады. Мысалы: Мынау – колхоз-
дың пред седателі де, мынасы – партия ұясының секретары
(М. Шолохов). Жаугершілікте ата-анасы басқа жаққа ауып кетті де, 
бала менің қолымда қалды (Қ. Жұмаділов). Ұлжан он күн өт кен 
соң қайтып кетті де, күйеулер бес күндей кейіндеп барып ат тан-
ған (М.Ә.). Қары жұқалау жерде екі адам аттарына мінеді 
де, 
оп па 
қарға кездесіп қалғанда аттарынан түсіп, жетелеп алады. (Ғ.М.). 
Да 
шы лауы арқылы байланысқан предикатив сыңарлардың 
соң ғы сы алдыңғы сыңарда баяндалған жайдың нәтиже қоры тын-
дысы тү рінде де ұшырасады. Мысалы: Бар көлікті шабынды қолы 
тартып әкетті 
де,
бала-шаға жаяу қалды (Ғ.М.). Рысқұлов со ны есі-
не алды 
да,
енді мына Чичериннің сөзіне шын сенді (Ш.М.). Жай 
өзінен-өзі танылды да, бұдан басқа сұраулар берілген жоқ (Ғ.М.).


Бердібай Шалабай
118
Да
шылауы мезгілдік жағынан бірінен кейін бірі жүзеге 
асқан іс-әрекеттерді белгілейтін предикатив сыңарлардың ара-
сын жалғастырып тұрады. Мысалы: Менің артымнан бір қыз 
туады
 да, 
әке-шешем атын Балтуған қояды (С.М.). Жаңағы арыз 
жөнінен Ақбас берген бірнеше сұрауларға жауап айтып болды 
да, Абай тағы кітаптарға қадалды (М.Ә.). Осыдан кейін қалай 
қимылдайтындарын түсінісіп алды да, Байжан көк жорғамен 
қасқыр шоқаққа салып, ілгері асып кетті (Ғ.М.).
Мезгілдік мән 
да 
шылауының қайталанып келген түрінде 
де орын алады. Ол жағдайда предикатив сыңарларындағы іс-
әрекеттер бірінен кейін бірі іле-шала жүзеге асқандығы баса 
көрсетіліп тұрады. Мысалы: Күн де найза бойы көтерілді, ойды-
қырды алып жатқан жылқыға біз де келіп жеттік. Күн бата 
шұбартып мал шеті де көрінді, боран да үдеңкіреп кетті. (Ғ.М.).
Да 
шылауы қайталанып келгенде өзі тіркескен сөзге екпін 
түсіріп, оны бөліп көрсетеді, оған ерекше мән бергізеді, яғни 
стилистикалық мақсатта жұмсалады. Мысалы: Ұлпан Есенейді 
аяп та кетті, Есенейдің үлкен адам екендігіне қызығып та кетті. 
Одан арғыны Игілік айтқан да жоқ, қасындағылары батып сұрай 
алған да жоқ. (Ғ.М.).
Әрі 
шылауының қызметі 
және 
жалғаулығымен ұқсас. Бір-
тектес оқиғаларды, мезгілдес іс-әрекеттерді белгілейтін преди-
ка тив сыңарлардың арасында оларды байланыстырушылық қыз-
метте қолданылады. Мысалы: Қазан бүлк-бүлк қайнап жатыр 
әрі 
ішіндегі жылқы етінің исі бұрқырайды. (Ғ.Мұст.). Қадірдің киімі 
жұқа әрі денсаулығы да мықты емес (С.М.).
Әрі 
жалғаулығы әр сыңар сайын қайталанып та келеді. 
Мысалы: Шынында, Әбіштің сөздерінде әрі саясаттық шеберлік 
бар, 
әрі,
бір жағынан, Семейдің үркек, қорқақ чиновниктерін 
айламен сыз еткізіп, «баспасөз жүзіне шығарамын» дегендей 
сескендіру де бар (М.Ә.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет