Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет74/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   118
Байланысты:
Шалабай

Талғаулы салалас
Предикатив сыңарларындағы іс-әрекет, жай-күйлер таңдалып, 
сараланып, бірі болмаса, бірі орындалатыны сұрыпталып бе-
рі летін құрмалас сөйлемдер талғаулы салаластарды жасайды. 
Мысалы: Бұл жерде я сен тұрарсың, я мен тұрармын


Қазіргі қазақ тілі
123
(Х. Есенжанов). Қармақшының детдомына не өзің барып сөйле-
сесің, не мен ба рып сөйлесемін (С.М.). Сабырлылық алдында не 
дұшпан сасады, не сабырсыздан береке қашады (Б. Момышұлы).
Көріп отырғанымыздай, предикатив сыңарларындағы іс-әре-
кеттердің бірі болмаса бірі міндетті түрде орындалуы тиіс: бі-
рінші мысалда белгілі мекенде («бұл жерде») я бірінші жақ тағы 
(«мен»), я екінші жақтағы («сен») адамның бірі тұрып қалатын-
дығы туралы, екінші мысалда Қармақшының детдомына не 
бірін ші жақтағы адамның («мен»), не екінші жақтағы адам ның 
(«өзің») барып сөйлесетіндігі туралы, үшінші мысалда не «дұш-
пан ның сасатыны», не «сабырсыздан береке қашатыны» туралы 
айтылған.
Іс-әрекеттердің осындай бірі болмаса бірі міндетті түрде 
орын далатынына, сөз жоқ әр сыңар сайын қайталанып жұмсал-
ған 
я, не
жалғаулықтары әсер етіп тұр, егер олар болмаса сөйлем 
өз мәнінен айырылып, белгілі мақсатқа құрылған ой бейнелен бе-
ген болар еді.
Демек, талғаулы салаластарды жасауға сол мәнді туғызушы 
жалғаулықтар тобы қатысады екен. Ондай жалғаулықтарға: 
не, 
немесе, не болмаса, я, яки, әйтпесе, әлде, мейлі, құй
жал ғау лық-
тары жатады.
Алайда бұл жалғаулықтардың беретін мағынасы, қолданыс 
сипаты әрдайым бірдей, біркелкі болып келе бермейді. Мысалы: 
Сөз бен қылық суық көңілді жылытады, немесе жылы көңілді 
суытады (Ғ.Мұст.). Түбінде, бұл ең бері салғанда, ғылымның бір 
маманы болады, 
әйтпесе,
көрерсің, осыдан дыңдай академик 
шығады (С.М). Тура келесің бе, 
әлде 
жолдағы ауылдарға соқтың 
ба? (Х. Есенжанов).
Бұл мысалдардың бәріне ортақ бір жай: жалғаулықтардың 
қайталанбай, сыңарлардың арасында бір-ақ рет қолданылуы. Ал 
мағыналарында айырым белгілер бар. Бірінші сөйлемде қарама-
қарсы мағынадағы іс-әрекеттердің бірінің жүзеге асатынына, 
екіншіде болашақта белгілі бір сапаға ие адамның шығатынына 
болжал жасалады. Ал үшіншіде екінші бір адамнан әрекеттің қай 
түрі жүзеге асқаны сұралады.
Талғау мәнді жалғаулықтар әр сыңар сайын қайталанып 
келетін мына сөйлемдердің де өз ерекшеліктері бар:


Бердібай Шалабай
124
Аса бір қысылған, басына ауыр сын түскен кезде әкесі, қа лай-
да, не түсіне кіреді, не көз алдына оқыстан елестеп, осылайша 
көлбеңдей береді (Ш.М.). Қазір не жаз басындағы жастардың 
арасында таң атқанша отырып өлең айтатын сайранды сауық 
жоқ, 
не 
көңіл көтеретін ел-елдің басын қосқан той-топыры жоқ 
(Х. Есенжанов).
Алғашқы сөйлемде предикатив сыңарларында біртектес іс-
әрекеттердің кезектесіп жүзеге асатыны, екіншісінде сондай бір-
тектес жай-күйлердің керісінше жүзеге аспайтыны (бол май тыны) 
таңдамалы жолмен санамаланып беріледі.
Талғаулы салаластардың ішінде таза талғау мәнді сөйлемдер-
мен қатар талғау-шарт мәнді болып келетін түрлері де бар. 
Мысалы: Өзі кетіп құтылды, 
әйтпесе
өзіміз-ақ тастатқалы жүр 
едік (Б.М.). Сіз менің жалақымды беріңіз, 
әйтпесе 
біз де қош-
тасамыз (А. Грин.).
Бұл сөйлемдердің бірінші сыңарларындағы әрекет жүзеге 
аспаса, екінші сыңарларындағы әрекет жүзеге асар еді. Біріндегі 
болмаса, екіншісіндегі жүзеге асуы талғамалы әрекетті білдірсе, 
бірінші сыңардағы әрекетті екінші сыңарындағы әрекетке шарт 
етіп қою бұлардың арасындағы шарттастық қатынасты да 
білдіреді. Сондықтан мұндай сөйлемдерді таза талғаулы демей, 
талғау-шарт мәнді салаластар деп атаған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет