Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет88/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   118
1. Шартты бағыныңқылы сабақтас
Сабақтастың бұл түрі компоненттеріндегі баяндалған оқиға, 
әрекеттердің мағыналық жақтан бір-бірімен өзара шарттаса бай-
ланысуы негізінде құрылады. Шарт мағынасы бүтіндей сөйлем 
бойынан көрінеді. Шарт мән бірде бағыныңқыда берілсе, енді 
бірде басыңқыда беріледі. Шартты бағыныңқылы сабақтастың 
негізгі жасалу жолы – шартты рай тұлғасы (-са,-се): 


Қазіргі қазақ тілі
145
Әкеңнің кім екенін білсе, сені мектепте қалдырады дей ал-
маймын (С.М.).
Егер халықтың сүйіктісі болғың келсе, көпшіліктің мұң-мұқ-
тажын жақтай сөйле (журналдан). Алдыңғы құрмаластың бағы-
ныңқысы көсемше тұлғасы арқылы шарт мәнді білдірсе, екіншіде 
шарттылық мән басыңқыда берілген.
Құрсаған бұлт ашылмай,
Аспанның жүзі көгермес.
Үрпиген жүрек басылмай,
Талапты көңіл елірмес 
(Абай).
Қабырғаммен кеңеспейінше, бұл істі орындай алмаймын 
(М.Ә.). Бағыныңқының баяндауыштары болымсыз тұлғалы кө-
семшеден жасалған.
Есімше тұлғасы арқылы (-ғанда, -ған соң) да жасалады:
Егер сол арада Гүлнар тұрып медициналық тиісті жәрдем 
көрсетпегенде, олар өлетін еді 
(С.М.).
Жабай шығып кетпегенде, Игілік жігіттерді сөзге 
айналдырып бөгей тұрмақ еді 
(Ғ.М.).
Мұнда да бағыныңқы компонент бауындауыштары етістіктің 
болымсыз тұлғасында келеді.
2. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
Компоненттері қарама-қарсы мағыналық қарым-қатынаста 
келеді. Мұнда оқиғалар бірін-бірі толықтырып тұрмайды, кері-
сінше, біріне-бірі қарама-қарсы мәнде айтылады. Жасалу жолы:
• Шартты рай тұлғасы (-са,-се):
Майысса да сынбайтын болат па десем, морт кетер шойын 
екен ғой 
(Ғ.Мұст.).
Таң алдында бір ғана сағат мызғығаны болмаса, Абай бұл 
түнді ұйқысыз өткізді 
(М.Ә.).
Келер күндер көз алдына осынша-ақ айқын елес берсе де, 
Ушаков ашық алысуға кете алмайтынын сезді 
(Ғ.М.).
• Көмектес септікті есімше тұлғасы (-ған+мен):
Екі көзі алдында жатқан балада болғанмен, төр жақта 
айтылып жатқан сөздерге Көпейдің зейін салып отырғаны 
байқалады 
(Ғ.М.).


Бердібай Шалабай
146
• Көсемше тұлғасы арқылы (-а,-е):
Осынша әзірлігі бола тұра, ол тойын жасамай кетті 
(С.М.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет