Қазіргі қазақ тілі
147
• -ғаннан кейін (бері, былай)
Ленинградқа апаратын сыйлықпен Рахмет жүріп кеткеннен
кейін, Мырқының атынан берілген арызды прокурор тексере
бастады
(С. Ерубаев).
4. Себеп бағыныңқылы сабақтас
Бағыныңқы компоненті басыңқыда
болған істің себебін
білдіреді.
• Есімше тұлғасы (-ғандықтан) арқылы:
Қонақ келетін болғандықтан, бұл өлке биелерін де
жылдағыдан ерте байлапты
(М.Ә.).
• Көсемше тұлғасы арқылы (-ып, -іп, -п; -ма+й):
Кешеден бері Нұрғали сырқаттанып қалып, Бағила өзі
алтыбақанға келе алмады
(Д.Ә.).
Көбінде тұратын жылы мекен болмай, көктемнің қара
суығында шатырларды мекендейді
(С.М.).
Алғашқы күз бен қыста жау жағының өсек-аяңы бола ма
деп, болыс Бақтығұлды кеңсе қызметіне алған жоқ
(М.Ә.).
Аналитикалық-синтетикалық тәсілдер арқылы:
•
Өткен шақ есімшеге
себепті
шылауы тіркеседі (-ған соң)
Шұға шын ауруға айналған соң, Есімбек жұмсайын деді
(Б.М.).
Оңайлықпен орнын берген себепті, Күнтудың да тілегі
орындалды
(М.Ә.).
Содан кейін жауап болмаған соң, мен кешірді деп ойладым
(М.Ә.).
Достарыңызбен бөлісу: