Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова


жоқ. Олардың  директорлары  кім  екені  белгісіз еді. Қой деймін!!! Қойыңызшы! Болды, жетті!



Pdf көрінісі
бет20/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   118
жоқ.
Олардың 
директорлары 
кім 
екені 
белгісіз еді. Қой деймін!!! Қойыңызшы! Болды, жетті! 
Баяндауышы тұрақты тіркестерден жасалады:
Раушан 
сөйлеуді қойды. Олар үннен қалды. 
2) Морфологиялық тәсіл арқылы: -ма, -ме қосымшасы. 
Мысалы: 
Ұзақты түнде шатасып ұйықтай 
алмады 
(Б.М.).
3) Синтаксистік тәсіл: 
емес (емен), жоқ 
көмекші етістіктері 
тіркесіп келу арқылы. Мысалы: 
Таңмен кеткен Мақтым әлі 
қайтқан жоқ
(Б.М.). Ойдың 
болуы да мүмкін емес
(Б.М.). 
Риторикалық сұрақ арқылы: 
Ерлердің ісі бітер ме? Керегі қанша? 
Бұл күнде ондай қыз қайда? Кім білсін?
Болымсыз сөйлемдер диалогта айрықша интонация арқылы 
қалыптасады да, хабар-лепті сөйлемдер ретінде айтылады. 
– Иә, берерсің!
– Жақ ашшы, кәні!
– Ендігәрі соған ергеніңді көрейін!
Сөйлемнің айтылу мақсатына және
интонациясына қарай бөлінуі
Сөйлем әрқашан мақсатты болады. Баяндау айтушының 
не хабар мәлімет білдіруі тұрғысынан, не біреуге сұрақ қоюы 
тұрғысынан, не оған тікелей ерік-талап білдіруі тұрғысынан 
беріледі. Демек, сөйлем мазмұны тұрғысынан айтушы сөйлесуші 
жақпен пікір алысады, бір-бірімен қатынас жасайды.
Осыған орай, сөйлемдер нақтылы сөйлеу процесінде құры-
лымы мен интонациясы жағынан түрлі-түрлі болып жұмсалады, 
түрліше коммуникативтік қызмет атқарады. Оларды хабарлы, 


Қазіргі қазақ тілі
37
сұраулы, бұйрықты деп жіктегенде, осы қолдану мақсаты меже 
етіледі.
Сөйлемдердің мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты 
болып топтастырылуы тілдің ой білдіру, қатынас жасау құралы 
ретінде атқаратын басты қызметіне негізделеді. 
Хабарлы сөйлемдер 
айтушының шындық туралы баяндауын, 
пікір алысуын тікелей білдіру үшін жұмсалады. Мысалы: 
«Мынау – ағаш» дегенде, айтушы басқа адамға белгілі бір зат 
жайында өзінің түсінік-мәліметін білдіреді. Ондай ойдың логи-
калық формасы – пайымдау болады, өйткені негізгі сөйлем маз-
мұны болымды, болымсыз бір іс-сапа ретінде, айтушының ин-
тел лектуальды көзқарасы (логикалық тұжырымдауы) бойынша 
беріледі.
Сұраулы сөйлемдер 
сөйлесуші жақтан шындық туралы жауап 
алу үшін жұмсалады. Мысалы: 
Асан қайдан келеді? 
дегенде, 
айтушы тікелей пайымдау білдірмейді. Сұрақ тұлғасында ерік-
тілек білдіреді. Сөйлесуші тарапынан қандай да болмасын 
пайымдау берілуі көзделінеді. Сондықтан сұраулы сөйлемдерді 
екінші жақтың пайымдау білдіруі үшін жұмсалады деп те айтуға 
болады. Әрине, ол баяндау тура емес, жанама пайымдау болады. 
Бұл жай сұрақ мәнінің пайымдаумен байланысты екенін, мақсаты 
жағынан сұраулы сөйлемдер хабарлы сөйлемдерге орайлас 
келетінін аңғартады. 
Бұйрықты сөйлемдердің 
мазмұны пайымдауға не сұраққа 
емес, шындық құбылыстардың қаланатындығы, керектігі немесе 
мүмкінділігі жөніндегі айтушы көзқарасына ғана негізделеді. 
Мысалы: «Жұмысты бітір» дегенде, айтушының шындыққа 
деген қатынасы сөйлесушіге белгілі бір талап қою тұрғысынан 
беріледі. Демек, бұйрықты сөйлемдер айтушының сөйлесушіні 
іске қосу-қоспаудағы тікелей еркін білдіру үшін жұмсалады. Осы 
ұғымда олар да пайымдау білдіреді дейміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет