Бердібай Шалабай
28
ерекшеліктері сөз тіркесін жасауға қалай әсер еткенін байқаңыз-
дар. Сөз тіркестерін мына схема бойынша талдау жасаңыздар:
1. Басыңқы сыңары бойынша сөз тіркесінің түрі; 2. Сөздердің
байланысу тәсілі мен түрі; 3. Сөз тіркесінің құрамы (жай, күр-
делі); 4. Сөз тіркесінің грамматикалық мағынасы.
Көрікті, судан, маған, теректің, үйге, қызыл, сөзге, үйде, бір,
жылдам, жақсы, кілт, жорта күліп, абайсызда, есіктің алдында,
етпетінен, кескінінен, түнде, сағат онда, микрофонмен, түнімен,
бұрынғы уақыттан, ежелден.
3. Төмендегі басыңқы сөздердің бағыныңқы сыңарларының
толық парадигмасын жасаңыздар. Олардағы өзгерістер сөз тір-
кестерінің сипатын (мағыналық, грамматикалық ерекшелік терін)
жасауға қалай әсер ететінін түсіндіріңіздер.
Келу, кету, қарау, бару, дос болу, қонақ ету, жеткілікті, аласа.
Үлгі.
Мәскеуден келу, поезбен келу, күзде келу, ұялғаннан келу,
бірге келу, әкесімен келу, тез келу.
Өздік жұмыс
1. Берілген модельдер бойынша сөз тіркесін құрып, оларға
талдау жасаңыздар. 2. Сөйлемдегі сөз тіркестерін ажыратыңыз-
дар. Оларды сөз тіркесінің толық сызбасы бойынша талдаңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: