Қазіргі қазақ тілі
29
қандай керемет (Ж. Сайн). Түйеде қом, атта жал, қалмады елге
тығындап (Абай). Сәлем беріп кірген Ебейсінге елден бұрын
Тәңірберген жалт қарады (Ә. Нұрпейісов). Мұнысы баласына
да, Көпейге де айтқан арызы сияқты шығып еді (Ғ. Мүсірепов).
Кешке жақындағы бір ауылда ел жігіттері ойын жасады
(С. Сейфуллин). Шиеттей төрт бала әкесінің ентіге соққан балға-
сына мәз (Ғ. Мұстафин). Шаңқан боз жиренмен тағы да құйрық
тістесіп қалыпты (Ә.Кекілбаев).
3-жұмыс.
Са – Ет. Аш.өт. 3 ж.
Бірде кешқұрым қойшының ба ласы бұны құдыққа апарып
суарып қайтты (Ә. Кекілбаев). Түркі станның кіндік қаласы –
Таш кентке Фрунзенің өзінен бұрын жер жарып даңқы жет кен
(Ш. Мұртазаев). Үйге келген соң әлі күн ге қараңғы бо лып тұрған
бөлмесіне шам жағып, бір-екі хат жазды (М. Әуезов). Мал бағып,
ошақтың үш бұтына қарап отыр ған ша руа ға мезгілсіз кезде жауап
беруге қалаға бару да оңай ма? (Б. Майлин). Төлеубай менімен
жасынан таныс еді (С. Сейфул лин). Қырық мыңға жаңа толған
халқы бар Омбы қаласы ең әрісі жиыр ма үйден отыратын қыр
қазақтарына ертегіде айты латын Бағдат шаһарындай ұшы-қиыры
жоқ үлкен көрінетін (Ғ. Мүсірепов). Қуатты ойдан бас құрап,
еркеленіп шығар сөз (Абай). Сергек жатқан жігіттер көзін асығыс
уқалап атып-атып тұрды (Ә. Нұрпейісов).
Достарыңызбен бөлісу: