Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет17/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   118
Байланысты:
Шалабай

Сөйлем және оның белгілері
Синтаксистік тұлға-бірлік ретіндегі сөйлемді зерттеуге тіл 
ғылымы тарихында әртүрлі тұрғыдан келушілік болды. Оларды 
өзара салыстырсақ, сөйлемді анықтауда негізінен екі бағыт бар 
екенін байқаймыз: 1) сөйлемді лингвистикадан сыртқары ұғым-
түсініктердің көмегімен айқындауға тырысу және 2) сөйлемді 
анықтауда таза лингвистикалық межені табуға ұмтылу.
Тіл ғылымы тарихындағы әртүрлі лингвистикалық бағыт-
тардың өкілдері сөйлемнің мәнін түрліше анықтады. Өйткені 


Қазіргі қазақ тілі
31
олардың жалпы тілге және тіл мен ойлау процесі арасындағы 
қарым-қатынас, байланыс мәселесіне түсініктері әртүрлі болды, 
сондықтан олардың грамматикалық концепцияларының да 
түрліше болуы заңды еді.
І. Сөйлемнің мәнін логикамен байланстырып түсіндіру. Бұл 
көзқарас Ф.И. Буслаевтың ілімінде айқын көрінеді. Ол: «Біз 
ойлап, бағалайтын зат, нәрсе – бастауыш болады. Ал, сол зат 
туралы ойымыз, бағамыз – баяндауыш болады. Баяндауыштың 
бастауышқа тіркесуі – пайымдау делінеді. Сол пайымдаудың 
сөзбен бейнеленген түрі – сөйлем», – дейді. Одан әрі Ф.И. Буслаев 
пайымдаудың негізі – баяндауыш болатынын, баяндауышсыз 
пайымдау болмайтынын, бастауышсыз сөйлем болса да, баян-
дауышсыз сөйлем болмайтынын айтады. Есім тұлғалы сөй-
лемдерді мойындамайды.
Сөйлемді жоғарыдағыдай анықтау, бір жағынан логикалық 
ұғымдар мен грамматикалық ұғымдарды теңестірсе (субьект-
бастауыш, предикат-баяндауыш, пайымдау-сөйлем), екіншіден, 
сөйлемнің өрісін тарылтады. Кез келген пайымдау сөйлем арқылы 
беріле алғанмен, кез келген сөйлем пайымдауды білдірмейді. 
Пайымдауда бір нәрсе бекітіледі немесе жоққа шығарылады. Ал 
кейбір сөйлемдерде (мыс: Сен кітапханаға барасың ба? немесе: 
«Табаныңды жалтырат!» деген) пайымдау берілмейді. Олардың 
мазмұны жауап алу мақсатындағы сұрақ қоюға немесе бұйыруға 
негізделген.
Сөйлем мен пайымдаудың мәні бір емес екенін мына жайдан 
да байқауға болады. Бір пайымдауды әртүрлі формадағы сөйлем-
мен беруге болады. Мысалы: 
Менің қарным ашты. Менің тамақ 
ішкім келеді. 
Сондай-ақ, сөйлем мүшелері мен пайымдау мүшелері 
де бірдей емес. Пайымдаудың субъектісі алдын ала белгілі нәрсе 
болады да, предикат танымдық тұрғыдан жаңа бір қасиет, сапа 
болады. Пайымдаудың субъектісі бастауышпен, предикаты – 
баяндауышпен сәйкес келетін сөйлемдер болады. Мысалы: 
Оспан 
келді.
Бірақ басқа бір сөйлеу ситуациясында субьект пен предикат 
орын ауысуы мүмкін де, бастауыш пен баяндауыш өзгермейді. 
Мысалы: - 
Кім келді? – Оспан келді (екпін Оспан сөзіне түседі)

Мұнда жаңалық «Оспан» сөзімен байланысты болғандықтан, 
логикалық предикат қызметін де сол сөз атқарады.


Бердібай Шалабай
32
Ф.И.Буслаевтың ілімі өзінен кейінгі ғалымдарға қатты әсер 
етті. Осы күнге дейін сөйлемді анықтауда әсері бар. 
ІІ. Сөйлемге психологиялық бағыт өкілдері басқаша тұрғы-
дан келеді. А.А. Потебня «грамматикалық сөйлем логикалық 
пайымдаумен бірдей емес» дейді. Ол екеуінің ерекшеліктерін 
айқындап береді. А.А. Потебня сөйлемге анықтама бермегенмен, 
оның басты белгісі – баяндауыштық екенін, оның алғашқы 
этимологиялық формасы етістік екенін айтады. Оның шәкірті 
Д.Н. Овсянико-Куликовский сөйлемді «ойлаудың айырықша 
қозғалысымен байланысты болып келетін сөз немесе сөздердің 
тәртіпті тізбегі» деп анықтайды. Ол да сөйлемді баяндауыштықпен 
байланыстырады. А.А.Шахматов: «Сөйлем – психологиялық 
коммуникацияның сөз арқылы грамматикалық тұтастыққа 
біріккен бейнесі», – деген анықтама береді. Психологиялық 
коммуникация деп отырғаны – «адам миындағы түсініктердің 
тіркесін басқа адамдарға хабарлайтын ойлау актісі». Қарапайым 
коммуникацияға екі ұғым-түсініктің «адамның еркі арқылы 
предикативтік байланысқа түсуі» жатады.
ІІІ. Формальды-грамматикалық бағыттың (тұлғашылдық 
бағыт) өкілдері сөйлемді аяқталған интонацияға ие сөз тіркесі 
ретінде атайды. Сөйлем мүшелерін сөз таптары ретінде 
қарайды. (Ф.Ф.Фортунатов, М.Н.Петерсон, А.М. Пешковский). 
А.М.Пешковский: «Өзінің құрамында баяндауышы бар немесе 
құрамынан баяндауыштың түсіп қалғаны білініп тұратын немесе 
тек бір ғана баяндауыштан тұратын сөз тіркесін сөйлем дейміз», 
– деген.
Сонымен, А.А.Потебнядан бастап, орыс тілі синтаксисі 
ғылымында сөйлемді оның нақты бір ұйымдастырушы белгісі 
негізінде анықтауға ұмтылу бар екенін көреміз. Сөйлемді 
ұйымдастырудағы етістіктің рөлін баса көрсету баяндауыштық 
категориясын кеңірек түсінуге алып келді. Бұл одан әрі 
предикативтілікті сөйлемнің басты белгісі ретінде тануға 
әкеледі. Бірақ көпшілік жағдайда предикативтілік – бастауыш 
пен баяндауыш, яғни сөйлемнің екі ұйымдастырушы орталығы 
арасындағы синтаксистік байланыс ретінде түсінілді. Егер 
бір ғана тұрлаулы мүшеден құралған сөйлемдер болса, екінші 
тұрлаулы мүшенің жоқтығын не оның түсіп қалуымен (ойда 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет