Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет22/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   118
Сұраулы сөйлемдер
Сұраулы сөйлем белгілі бір шындық байланысы туралы сөй-
лесуші жақтан қандай да болмасын жауап күту үшін жұм са лады. 
Олар модальдік-эмоциялық мағынада бір айтушы баян дауы мен 
демеу-тілегін де білдіреді 
(-неліктен бұлай дедіңіз?).
Сұраулы сөйлемдер айрықша интонациямен айтылады. Бұл 
– сұраулық мағынаның жалпы да басты бір синтаксистік берілу 
амалы. Айрықша интонация сөйлемдегі басқа сөздерге қарағанда 
сұрақ тұлғалы сөздің (не мүшенің) өзгеше құбылып айтылуына 
негізделеді. Осыған орай, сұраулы сөйлемнің тиянақтылығы, 
хабарлы сөйлемдердегі сияқты бәсең ырғақ арқылы емес, сұрақ 
тұлғалы сөз сөйлемнің аяғында келсе көтеріңкі ырғақ арқылы 
айқындалады. Ал сұрақ тұлғалы сөз сөйлемнің басында келсе, 
басым интонация сөйлемнің басында болады 
(-бермейсің ғой, 
жауапты?).


Бердібай Шалабай
40
Ал, сұрау есімдікті сөйлемде интонация хабарлы сөйлемде-
гіге ұқсас болады 
(Мынау үй 
неге 
көшпей отыр екен?).
Сұраулы сөйлем интонациясының түрлі ырғақта айқындалуы 
сөйлеу типіне, сөйлемнің эмоциялы болу-болмауына, сөйлем 
құрылысына, сұрақ тұлғалы сөздердің ерекшелігі мен жұмсалу 
орнына байланысты. 
Жасалу жолдары:
Айрықша интонациядан бөтен сұраулы сөйлемдер айырым 
бір синтаксистік, лексикалық-грамматикалық амалдар арқылы 
құралып жұмсалады. 
І. Сұраулы сөйлемнің 
синтаксистік жасалу амалына 
көте-
ріңкі сұраулық ырғақ және арнаулы бір модальдік сөздер (болар, 
шығар, қайтеді, неғылады, білем, деймін) мен демеуліктер (ғой, 
да, ау, ә) жатады. Мұндай сөйлемдер, негізінде, ой мазмұны-
ның ақиқаттығы туралы қарсы жақ көзқарасын анықтау үшін 
қолданылады. 
1) сұрау мәнді демеулік 
– Барасың ба?
– Мәдениет сарайы ше?
2) демеуліктер
– Өзіңіз жұмыстасыз ғой?
– Өзі бейімделген-ау? (басым сұраулық интонация болуы 
керек)
– Мынау жақсы екен, а?
– Босатқан болат та?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет