Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет23/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   118
3) модаль сөздер
– Екеуіңіз жазған шығарсыңдар?
– Айтсам қайтеді?
4) сұраулық интонация
– Сіз Асқарды білерсіз?
– Он төрт?
ІІ. Лексика-грамматиканың жасалу амалы: 
Не, кім, қандай, қай, қанша, қайсы, қайда, қайдан, қалай, 
қашан 
есімдіктері арқылы.
Ондай сөйлемдерде интонация синтаксистік амал арқы лы 
қалыптасатын сөйлемдердегідей, сұраулық мағынаны айқын дай-
тын негізгі тәсіл емес, қосымша. Ол айтушы қатынасын үсте ме-
лей білдіру үшін ғана жұмсалады. 
Сұрау есімдікті сөйлемнің жалпы интонациясы көбіне, ха-
барлы сөйлемдікіне орайлас келеді. Бұл – сұрау есімдіктерінің 


Қазіргі қазақ тілі
41
лексикалық-семантикалық ерекшелігіне, өзіне логикалық екпін 
түсіріліп айтылуына байланысты. 
Сұрау есімдікті сөйлемдер, негізінде, ой мазмұнының белгісіз 
бір жағын анықтап білу, айтушының түсінік-мәліметін кеңейту 
үшін қолданылады. 
Түрлері:
Сұраулы сөйлемдер сұрақ мазмұны жағынан, оның берілу 
мақсаты жағынан біркелкі болып келмейді. Соған сәйкес, олардың 
қолданылу өзгешеліктері де жоқ емес. 
Диалогта сұраулы сөйлемдер көбіне, жауап күту үшін 
айтылады. Ондай сөйлемдер монологта да қолданылып, модальдік 
не эмоциялық мағынада белгілі бір баяндау білдіріп отырады. Бұл 
да сұраулы сөйлемнің негізгі қызметі болмақ. Диалогтағы жауап 
күту үшін айтылатын сөйлемдер демеу мәнінде үстемеленіп те 
жұмсалады.
Жоғарыдағы айтылғандарға сәйкес, сұраулы сөйлемді негізгі 
мағыналарына қарай үш топқа бөлуге болады: 
ашық мәнді 
сұраулы сөйлемдер, 
демеу мәнді 
с.с., 
риторикалық мәнді,
с.с.
Ашық мәнді сұраулы сөйлемдер
мағынасы мен қолданылуы 
жағынан кең келеді. Көбіне, диалогта жұмсалады. Сондықтан 
оны 
диалог сұрақ 
деп те атайды. Ашық мәнді сұрақ қарсы жақты 
қандай да болмасын жауап беруге мәжбүр етеді. Тілші-ғалым
О. Төлегенов ашық мәнді сұраулы сөйлемдерді сұрақтың берілу 
мақсатына қарай: 
айтушы мәліметін кеңейту
үшін жұмсалатын 
сөйлемдер және 
сөйлесуші жақ көзқарасын айқындау үшін 
жұмсалатын сөйлемдер деп екіге бөледі. 
Айтушы мәліметін кеңейту үшін жұмсалатын сөйлемдерде ой 
мазмұнының белгісіз бір жағын сөйлесуші жақ жауабы арқылы 
анықтау, нақтылап толықтыру көзделінеді: (Есімі кім? Барса ше? 
Мысалы?, т.б.)
Сөйлесуші жақ көзқарасын айқындау үшін жұмсалатын 
сөйлемдерде ой мазмұны айтушыға белгілі болады. Сондықтан, 
оларда көбіне, осы ой мазмұнының екінші жақ тарапынан қос-
талатынын не қосталмайтынын білу мақсат етіледі. Мұндай 
сөйлемдер сұраулы интонация, модальды сөздер мен демеуліктер 
арқылы құралады.
– Атың сүрініп кетті де, құлап қалдың?


Бердібай Шалабай
42
– Тұқым ше?
– Анда отырсақ қайтеді?
О. Төлегенов ашық сұрақты 
тіке сұрақ, қарсы сұрақ 
деп те бөледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет