Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет25/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   118
Лепті сөйлемдер
Сөйлеу процесінде, қатынас жасау жағдайында адамның ойы, 
еркі беріліп қана қоймайды, көңіл күйі, сезімі де айқындалып 
отырады. Адам ойымен, еркімен байланысты, тілдік тәсілдер 
арқылы сезімін білдіргенде де басқа адамдардың ақыл-ойына, 
ерік-тілегіне, сезіміне ықпал жасау көзделінеді. Демек, адамның 
жалпы шындық тануы процесінде маңызды бір фактор оның 
эмоциясы 
болып саналады. 
Адамның сезімі, көңіл күйі сөйлеуде ой мазмұнына деген 
эмоциялық қатынасы тұрғысынан беріледі.
– Қасымдікі қате.
– Жоқ, ол қате!


Қазіргі қазақ тілі
45
Алдыңғы сөйлем ақиқат бір айтушы баяндауын (мәлімет, 
ба ғасын) білдіреді. Екінші сөйлемде айтушының ілгерідегідей 
мә лімет-бағасы белгілі бір эмоциялық қатынасы тұрғысынан 
ұласып беріледі. Сондықтан бұл әрі хабар мәнді, әрі экспрссивтік-
эмоциялық мәнді (хабар-лепті) сөйлем болады. 
Мұндай эмоциялық мағынада хабарлы сөйлем ғана емес, сұ-
раулы, бұйрықты сөйлемдер де айтыла беріледі. Демек, сөйлеу жағ-
дайына қарай мақсат мәнді сөйлем типтері бірде тіке мазмұнын да 
жұмсалса, бірде сезім, эмоцияны үстемелей білдіріп те жұм сала-
ды. Лепті сөйлемді мақсат мәнді тип емес деу осымен байланысты.
Мақсат-мәнді сөйлемдердің эмоциялық мағынада қолданы-
луы интонацияның құбылып айтылуына негізделеді, соған орай 
сөйлемдер лепті делінеді. Бұл лепті сөйлемдердің хабар, сұрау, 
бұйрық білдіретіні – негізгі қызметі де, эмоциялық, экспрессивтік 
мағына білдіретіні – қосымша қызметі болмақ. Лепті сөйлемдер 
тек интонация арқылы емес, басқа да синтаксистік, лексика-
грамматикалық тәсілдер арқылы құрылады. Сонымен, шындық 
құбылысы туралы, белгілі бір субъект жайында айтушының 
эмоциялық қатынасын, сезімін, көңіл күйін үстемелей не арнайы 
білдіретін сөйлемдерді лепті сөйлем дейміз. 
Лепті сөйлемдер жасалу амал-жүйесі жағынан: 1) айрықша 
(лептік) интонациялы сөйлемдер; 2) айрық ша тұлға-құрамды 
сөйлемдер болып екі топқа бөлі неді.
1) Лепті сөйлемдер айрықша интонация арқылы құрылғанда, 
айтушының хабар, сұрау, бұйрық түріндегі баяндауына үстемелей 
белгілі бір эмоциялық қатынасын, көңіл-күйін білдіреді. 
Ондай лепті сөйлемдерде эмоциялық айтушы қатынасы түрлі 
мағыналық реңкте беріліп отырады (қуану, құптау, сүйсіну, кекету, 
назалану, өкіну, таңдану, мұңаю). Әдетте, ондай сөйлемдердің 
мағынасын сөйлеу жағдаятына, мәнмәтінге, автор сөздеріне 
қарай ажыратуға болады. 
2) Айрықша тұлға-құрамды лепті сөйлемдердің бір тобы 
эмоциялық мағынаны қосымша берсе, енді бір тобы таза 
эмоциялық қатынасты ғана білдіреді: 
1. Шартты рай тұлғасы арқылы: Ботагөз екеуміз ән шырқасақ!
2. -шы/-ші қосымшасы шартты райға үстемелену арқылы: 
осындай жігіт болсайшы!


Бердібай Шалабай
46
3. Демеуліктер мен модаль сөздер арқылы 
(ғой, ау, да, ай, ма, 
еді).
4. Арнаулы есім, етістік сөздер арқылы 
(керемет, тамаша, 
ғажап).
Қандай, қалай, қанша, қайдан 
сұрау есімдіктері, 
міне 
сілтеу 
есімдігі, 
не деген 
тіркесі, баяндауыш құрамында қара, көр, айт, 
байқа етістіктері ауыспалы мағынада жұмсалады 
(
Қандай ғажап 
көрініс!).
5. Атаулы сөйлем ретінде (эмоциялық, 
Өрт!
).
6. Әдет-ғұрыпқа байланысты айтылатын лепті сөйлемдер 
(Кеш жарық! Құтты болсын!)
7. Арнаулы қаратпа, қыстырма сөздердің мақсат мәнді 
сөйлемдерде жұмсалуы арқылы 
(
Бұл, әрине, дұрыс!).
8. Көңіл-күй одағайлары арқылы 
(Алақай!).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет