Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет19/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   118
Сөйлемнің түрлері
Сөйлемді жіктеу оның әртүрлі белгілерін ескеру негізінде 
жүзеге асады. Мысалы, айтылу мақсатына қарай, соған сәйкес 
болатын интонацияға қарай сөйлемдер хабарлы, сұраулы, бұй-
рықты болып бөлінеді. Бұлардың әрқайсысы белгілі эмоционалдық 
бояу, айрықша көтеріңкі интонация болған жағдайда лепті 
сөйлемге айналуы мүмкін. Сөйлемнің мағыналық-құрылымдық 
типтері де оның басқа белгілерін негізге алып құралады. 
Болымды және болымсыз сөйлемдер
Сөйлем мазмұны шындыққа қатысты болады және бұл 
объективтік айтушы көзқарасы тұрғысынан белгіленеді. Соған 
орай, баяндау сөйлемде құбылыстардың не зат пен белгісінің 
байланысына сай іс-сапа, не сай емес іс-сапа ретінде бекітіліп 
беріледі. Мысалы: Асқар келді. Асқар келген жоқ. Жаңбыр 
жауды. Жаңбыр жаумады. Алғашқылары шындық байланысына 
сай іс туралы болса, соңғылары шындық байланысына сай емес іс 
туралы. Олар сонымен қоса, айтушының бейтараптық көзқарасы 
не сенімділік, сенімсіздік, белгісіздік, мүмкінділік, т.б. көзқарасы 
тұрғысынан анықталуы мүмкін. 
Сөйлемдер баяндаудың ақиқат, ақиқат емес модальдік 
мағыналарда бекітіліп берілуіне қарай «болымды сөйлем», 
«болымсыз сөйлем» түрінде қалыптасады. 
Болымсыз сөйлемдер
Болымды сөйлемнің де, болымсыз сөйлемнің де басты 
құралу жолы көбіне, баяндауыш қызметіндегі сөздердің лексика-


Бердібай Шалабай
36
семантикалық ерекшелігіне (қарама-қарсылықты ыңғайда 
қолданылуына) негізделеді. Бұл қалыптасу амалы жағынан 
олар бір-біріне ұқсас келеді. Грамматикалық қалыптасу амалы 
жағынан айырмашылығы бар: болымды сөйлемдер арнаулы 
грамматикалық тәсіл-тұлғалы болып келе бермейді. Болымсыз 
сөйлемдер қандай мағыналық ерекшеліктерде жұмсалмасын, 
айрықша грамматикалық тәсілдер арқылы құралып отырады:
1) Лексика-грамматикалық амал арқылы. Баяндауыш бо-
лым сыз мәнді есім, етістік сөздерден, сөз тіркестерінен жаса-
лады. Мысалы:
Асқар үйде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет