Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет21/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   118
Лепті сөйлем
– эмоциялық айтушы қатынасына қарай белгі-
ленетін айрықша бір тип.
Сөйлеуде айтушының сезім, эмоциясы не баяндау мазмұнына 
үстемелеп беріледі, не жалпы бір болмыс, субъект жайында 
тікелей беріледі. 
Хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлемдердің мазмұны эмоция-


Бердібай Шалабай
38
лық мағынада ұласып та, ұласпай да айқындалады. Алдыңғы жағ-
дайда олармен әрі баяндау, әрі қосымша бір айтушы эмоциясы 
беріліп отырады. Демек, сөйлеу ерекшелігіне қарай мақсат мәнді 
сөйлем типтері үстеме мәнді лепті сөйлем ретінде де жұмсалады. 
Бұйрықты сөйлем ерік-талапты білдіреді. Оның өзі көп ретте 
айтушы эмоциясына ұласып беріледі. Сонымен бірге, бұйрықты 
сөйлемнің де, кейбір арнаулы лепті сөйлемдердің де негізгі 
қалыптасу тәсіл-тұлғасы бұйрық райлы етістік болады. Бұдан 
бұйрықты сөйлем мен жалпы лепті сөйлем тепе-тең деген түсінік 
тумайды. Өйткені бұйрықты сөйлем ерік-талап білдіру үшін 
айтылады. Ол мағынасы мен құрылымы жағынан да біркелкі 
емес, соған сәйкес, әрқашан бір дәрежеде эмоциялы болып келе 
бермейді. 
Хабарлы сөйлемдер
Хабарлы сөйлем айтушының зат, құбылыс туралы қандай да 
болмасын баяндауын, болымды, болымсыз бір іс-әрекет, сапа 
жайында түрлі мәліметін, белгілі бір қатынасын тікелей білдіреді. 
Хабарлы сөйлемдер ереже-анықтама, тақырып, суреттеме, жауап 
ретінде де айтылады. 
Сөйлеуде хабарлы сөйлем мағыналық-құрылымдық дербесті-
гіне қарай дауыс кідірісі (пауза) арқылы ажыратылады. Әр 
хабарлы сөйлем бірсыдырғы баяу интонациямен айтылады. 
Бұл, жалпы алғанда, сөйлемнің алдыңғы шенінде жай басталып, 
бірте-бірте жоғарылай түседі де, соңғы шенінде бәсеңдей барып 
тынады. 
бала мінезіне →
үлкендер →
сүйсініп →
Үй ішіндегі →
қалды.
Хабарлы сөйлемдердің дауыс ырғағы біркелкі болып келе 
бермейді.
Хабарлы сөйлемдердің қолдану өрісі кең. Олар жалпы 
құрылымы жағынан жай, құрмалас сөйлем болып, құрамы 
жағынан нақтылы жақты, белгісіз жақты, жанама жақты (жақсыз), 
жалпылама жақты, мүшеленбейтін (атаулы, модаль сөзді) сөйлем 
болып, құрылысы жағынан жалаң, жайылма сөйлем болып келе 
береді.
Хабарлы сөйлемдердің мазмұны да әр қилы. Оларда баяндау 


Қазіргі қазақ тілі
39
заттардың қозғалысы, қимылы, күй-қалпы, түрлі сапалық белгісі, 
бір ұғым-түсінігі жайында беріліп отырады.
Хабарлы сөйлемдердің негізгі бір грамматикалық ерекшелігі 
мынау: олар көбіне, ашық райда қолданылып, түрлі модальдік 
мағына білдіреді. Баяндаудың шындыққа қатысы жағынан ха-
барлы сөйлемдер болымды, болымсыз модальдік мағыналарда 
айтылады. Мұның өзі бірде іс, болмыстың жалпы ақиқаттығы 
тұрғысынан ғана белгіленіп берілсе, бірде басқа бір модальдік, 
эмоциялық мағыналарда ұласып айқындалады. Сонымен бірге, 
хабарлы сөйлемдер, баяндау мазмұнына деген айтушы қатына-
сына қарай 
мүмкінділік, мүмкін еместік, керектілік, қалау, бол-
жал дық, сенімділік, сенімсіздік, күмәнділік, белгісіздік, міндет-
тілік, тиістілік ,
т.б. модальдік мағыналарда беріледі:
Бұл айырым мағыналар көбіне, ашық райдың келер шақтық 
тұлғасы (-р, -с) мен қалау рай тұлғалары арқылы, баяндауыштың 
бір компонент элементі ретінде жұмсалатын 
екен, болар, деймін, 
неғылсын, қажет, ауыр, орынды, шара, жай,
т.б. тәрізді арнаулы 
модальдік сөздер мен кейбір демеуліктер (-мыс, -ды, -ты) арқылы 
беріліп отырады. Олардың мәні сөйлеу жағдаятына, мәнмәтінге, 
соған сәйкес, интонацияның құбылып берілуіне байланысты 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет