күш
бар
»
(С.М.).
Сөйлеу түрі мен стилінің өзгешілігіне қарай екі құрамды сөй-
лемдер құрылымы жағынан сырттай құбылып, толымсыз түрінде
де жұмсала береді. Ондайда тұрлаулы мүшелердің бірі (әсіресе,
бастауыш), кейде екеуі де (диалогта кездеседі) түсіріліп отырады.
Мыс:
« –
Күй құлағын бұраған
–
сен бе,
Еркежан? – деп, ұзын
бойлы толық денесін жазып Жақсылық бір керілді.
Томпақ бет кішкене қыз құлдырап барып, радио құлағын
босатып жіберіп:
– Ия,
мен,
папа... – деді.
– Апаң келді ме?
– Келген жоқ.
– Әжең ше?
Қазіргі қазақ тілі
51
– Әжем мен Жаншора ас үйде (Ғ. Сланов).
– Кім
баласысың?
– Нүркенің баласымын.
– Қай Нүркенің? ... (С. Мұқанов).
Жоғарыда талданған сөйлемдердің бәрі де екі құрамды сөй-
лемдер. Өйткені олардың айтылмай қалған тұрлаулы мүше-
лерін не жағдаят, мәнмәтін арқылы, не нақты қолданылған
баяндауыштың тұлғасы арқылы тауып аламыз. Мұның өзі ол
сөйлемдердің де екі құрамды сөйлемге тән негізгі ұстаным: бас-
тауыш пен баяндауыштың байланысы арқылы қалыптасу ұс-
танымы бойынша жасалатындығын көрсетеді.
Бастауыш пен баяндауыштың арақатынасында қалыптасатын
сөйлемдер «нақтылы жақты» болады. Өйткені мұндай сөйлем-
дерде белгілі бір зат не субъекті бастауыш қызметіндегі сөз
арқылы аталып дараланады. Бұл сөйлемдердің бастауышы не
іс тің істеушісі ретінде анықталатын затты, не қимылдың объек-
тісі ретінде анықталатын затты білдіреді. Соңғы жағдайда істің
жалпы бір істеушіге қатыстылығы баяндауыштың ырықсыз етіс
тұлғасынан аңғарылады. Мысалы:
Мен кітап оқыдым (Сен кітап оқыдың; Ол кітап оқыды);
Кітап оқылды.
Ал алдыңғы жағдайда істің істеуші субъектісі нақтылы (ол
аталмаса да, баяндауыш тұлғасы арқылы белгілі болады).
Екі құрамды сөйлемдер тұрлаулы мүшелердің лексикалық-
грамматикалық өзгешеліктеріне байланысты әртүрлі болып ке-
леді. Негізінен оларды: 1. Етістік баяндауышты; 2. Есім баян да-
уышты деп екі топқа бөліп алып қарауға болады.
Бір құрамды сөйлемдер тұрлаулы мүшелердің тек біреуі –
баяндауыш арқылы ғана құралып жұмсалуына негізделеді. Қазақ
тілінде, басқа да тілдердегі сияқты, сөйлемдердің құрылымы
бастауыш пен баяндауыштың арақатынасында қалыптасуымен
шектелмейді. Оның мысалын мынадай сөйлемдердің құры лы мы-
нан байқаймыз. Мысалы:
Мейрамның Мұздыбайға соға кеткісі келді (Ғ. Мұстафин);
Ұялмас бетке талмас жақ береді (мақал);
Ұлық болсаң, кішік бол (мақал);
Еңбек етсең, емерсің (мақал).
Бердібай Шалабай
52
Жоғарыдағы сөйлем түрлерінің грамматикалық қалыптасу
құрылымы атау тұлғалы бастауышқа қарасты болмайды. Бұл баян-
даудың екі құрамды сөйлемдердікінен өзгеше дерлік граммати-
калық мағыналарда жалпыланып берілуіне негізделеді. Егер ал-
дыңғы сөйлемде бастауыш мүлде болмаса, соңғы сөй лемдердің
баяндауыш тұлғасына қарап бастауышын табуға болатын сияқты.
Бірақ сөйлемдердегі екінші жақтың баяндауыш тұлғасы, нақты
сол жақты (демек, екінші жақтағы бастауышты) білдірмей-
ді. Оларда айтушы өз ойын белгілі бір адамға (екінші жақтағы)
емес, жалпыға, көпшілікке ортақ түрде айтып жеткізу үшін,
соған сай түрде құрған. Бұл сөйлемдердің баяндауыш тұл ғалары
мен мазмұнының арасында белгілі қайшылық бар. Сөй лемдерде
айтылатын ой баяндауыш арқылы ғана жарыққа шығады да, ол
бір бас мүшелі болып қалыптасады.
Жалпылама жақты сөйлемдер, негізінде, қазақ тілінің мақал,
мәтел, нақыл, өсиет ретінде айтылатын шешендік сөздерінде
қолданылады. Осының өзі бұл сөйлемдердің жасалуында стиль-
дік негіздің де бар екенін көрсетеді. Стильдік мән белгілі бір
жақтағы нақтылы субъектіні сөйлем мазмұнынан әдейі ығыс-
тырып, жалпыға бірдей қатыстырып айту үшін сөйлемді жал-
пылама жақта құру әдісінде, тәсілінде болып отыр.
Адам өзіне (І жаққа), екінші біреуге (ІІ жақ) айтқан болып
отырып, жалпыға ортақ жайларды (үш жаққа да қатысты) баян-
дайды.
Міне, жоғарыда сөз болған ерекшеліктеріне орай, бір құрам-
ды сөйлемдерді:
Жақсыз сөйлемдер;
Белгісіз жақты сөйлемдер;
Жалпылама жақты сөйлемдер деп үш топқа бөліп алып қа-
рауға болады.
Бұлардың ішінде жақсыз сөйлем типі қазақ тіл білімінде кең
зерттелген. Ондай сөйлем типі бар екенін ғалымдардың бәрі де
мойындайды. Ал белгісіз жақты, жалпылама жақты сөйлемдерге
келсек, олар арнайы зерттеу объектісі болған жоқ, тек бірен-саран
грамматикаларда ғана олардың ерекшелігі аталып өтеді. Кейбір
ғалымдар оларды ажыратып, белгісіз жақты, жалпылама жақты
деп бөлсе (М. Балақаев, О. Төлегенов), кейбір ғалымдар олай
Қазіргі қазақ тілі
53
жіктемей, бір атаумен – «белгісіз жақты сөйлемдер» деп атай
салады (Ғ. Мадина).
Бұларды орын-орнына қойып жіктеу, өздеріне тән грамма-
тикалық, стилистикалық ерекшеліктерін анықтау – синтаксис ғы-
лы мында алда тұрған мәселелердің бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |