Дискриминация – нәсіліне, ұлтына, дініне немесе саяси көзқарастарына және т.т. байланысты адамдарды құқығынан айыру я шектеу.
Доктрина – саяси, экономикалық, әскери мақсаттарды жинақталған түрде білдіретін саяси теория, ілім.
Дін – адам пайымының бүкіл әлем мен болмысқа қоршаған дүниеге, табиғатқа, өзі өмір сүретін ортаға, өзінің ақыл – сезімінен тысқары тылсым дүниеге қатынасы. Басты белгісі – адамның ақыл – ойы, сана – сезімі мүшелері қабылдай алмайтын болмыс түріне сену және оны мойындау. Дін - әлемді байланыстыратын күллі Алланың бар екеніне сену.
Егемендік, суверинитет (нем. souveranitat, франц. souverainete – жоғарғы билік) – мемлекеттің сыртқы саясатта толық тәуелсіз болуы және елдің ішкі саясатында мемлекеттік биліктің бәрінен жоғары тұруы.
Ел – көне түркі тіліндегі «халық» сөзінің синонимі ретінде қолданылады. Дәстүрлі қоғамдағы көшпелі шаруашылық қарым – қатынасының дамыған кезеңдеріндегі халық атауы қуымдастық деңгейден бастап ел деген жалпы атауға ие болды.
Ереже – жеке меншік және мемлекеттік мекемелердің, ұйымдардың қызметін, таптардың құқықтық жағдайын, 1) кейбір аймақтарды басқару тәртібін айқындайтын заң шығару актісінің түрі. 2) Ереже – қазақ халқының дәстүрлі құқығының қайнар көзі. Нормативті құқықтың қағидалары.
Ескерткіш – елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Негізінен археологиялық, тарихи, сәулет өнері мен мәдениеттік өнері болып бөлінеді.
Еуроцентризм – ғылым,білім, мәдениет, әдебиет, өнер және т.б. нағыз жетістіктері тек Еуропада ғана дамыды деп дәлелдеуге тырысатын ғылыми тұжырым.
Жаңаша саяси ойлау– КСРО мен КОКП басшыларының жалпы адамзаттық мұраттар мен құндылықтарды басшылыққа алып, бұрынғы «қырғи қабақ соғыс» қалпынан бас тартуы.
Жариялылық – жағымсыз құбылыстар мен кемшіліктерді ашып көрсетудің, қоғамды сауықтыру мен демократияландырудың негізгі құралы.
Жаһандану –ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш. Global - әлемдік, дүниежүзілік,) – жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұстастық құрылуының үрдісі.