Тақырыптың мазмұнын бекіту үшін қойылатын сұрақтар:
49
1. Отарлау саясаты және қазақ далсында жаңа әлеуметтік топтардың
қалыптасуы.
2. Ауылдан табыс іздеп кетудің орын алуы.
3. Батырақтар және жалшылардың қалыптасуы.
4. Жұмысшылар және олардың жағдайы.
50
8. Қазақ даласына орыс шаруаларының
қоныстануы және оның салдарлары
Сонау ХVІІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ жерлеріне орыс
шаруаларының қоныс аударуы казактардың отарлауынан кейінгі екінші кезекте
іске асырылды. Алайда бұл қоныстандырудың ауқымы үлкен болмады. Тіпті
1822
жылғы
«Бұратаналарды
басқару
туралы»
жарғы
бойынша
«бұратаналардың иеленуіне бөлінген» жерлерге ресейліктердің өз бетімен
қоныстануына қатаң тиым салынды. Алайда жер пайдалануда орыс
шаруаларына қазақтардан жерді жалға алуға рұқсат берілді. Ал 1868 жылғы
«Далалық облыстарды басқару жөніндегі уақытша ережеде» «қоғам
құрамындағы қазақтардың да, жекелеген адамдардың да өз учаскелерін немесе
олардың бөліктерін уездік басқармада куәландыруға тиісті ерікті келісім
бойынша орыстардың пайдалануына беруге құқығы бар» деп жарияланып,
бекітілді. Осыған орай ережеде қоныс аударушыларға арналған кейбір
жеңілдіктер: құрылыс салу үшін жер бөлу, құрылыс ағашын тегін беру туралы
айтылған. Алайда жерді бөліп алу жолдары әлі де нақты көрсетілмеді.
Орыс шаруаларын қазақ даласына қоныстандыру 1861 жылдан басталды.
Себебі6 шын мәнінде6 ең алғашқы Ресей шаруаларының Қазақстанға қоныс
аударуы империядағы 1861 жылғы 19 ақпандағы басыбайлық құқықты жоюға
байланысты реформаға орай жүрді. Осы кезде орыс шаруалары еркін түрде
қазақ далаларына көшіп келе бастаған. Патша өкіметі өз елінде дворян-
помещиктердің мүдделерін қорғай отырып, жер мәселесін солардың пайдасына
шешуге тырысты. Осыған орай жерді сатып алуға мүмкіндігі жоқ немесе жері
аз шаруалар өз беттерімен қазақ сахарасына көшіп келе бастады. Алғашқыда
патша өкіметі мұндай қозғалысқа көңіл аударып, шара қолдануға
ұмтылғанымен, шаруалардың Ресейден басқа жерлерге қоныс аударуларын
іштей құптады. Өз бетімен қоныс аударушылар Ақмола облысына келді. Тобыл
және Пермь шаруалары тұңғыш рет Көкшетау уезі жерлеріне қоныс тепті. 1889
жылы қоныстануға рұқсат берілгенге дейін Ақмола облысында 21 орыс шаруа
қонысы болды. Егіншілік және басқа да кәсіпшіліктер үшін бос жатқан жерлер
іздеген адамдардың тұтас топтары Ақмола облысында босып жүрді. Тарихи
деректердің мәліметтерінше, Жетісу облысына орыс шаруалары империяның
Қытаймен шекараларын қорғау мақсатында арнайы қоныстандырылған. Осыған
орай ХІХ ғасырдың 60-жылдарында облыс губернаторы Г.А. Колпаковскийдің
бастамасы бойынша «өлкені орыстандыру мақсатында» шаруаларды
орналастыруға рұқсат етілді. Жетісуға көшіп келгендердің отбасындағылардың
әрқайсысына 30 десятинадан жер бөлінген. Шаруашылық жүргізу үшін қарыз
беріліп, 15 жылға салықтардан босатылған. Осы жөнінде арнайы ереже
шығарылған.
Шаруалардың қазақ даласына қоныстануының бірнеше факторлары
болды. Олар: шет аймақтарда халық аз қоныстанған аумақтардың болуы;
шаруалар жерінің тапшылығы; феодалдық сарқыншақтардың сақталуы; өз
елдерінде күн көрістің қиындауы; жер сапасының нашарлап, өндіріс
51
тиімділігінің төмендеуі; егіннің шықпай қалуы. Көрсетілген факторлардың
жіктелуіне орай қоныстандыру қарқыны күшейіп немесе төмендеп отырған.
ХІХ ғасырдың 80-жылдарында бүкіл Еуропаны аграрлық дағдарыс
қамтыған тұста Ресейдің онсыз да мүшкіл ауыл шаруашылығы тығырыққа
тірелді. Оның үстіне 1880 жылы Ресейде астық шықпай қалып, елді
ашаршылық жайлады. Осындай ауыр жағдайдың салдарынан шаруалардың шет
аймақтарға көшуі күшейе түсті. 1881 жылдың соңында қоныс аударушылар
туралы уақытша ережелер қабылданды. Біраз уақыттан кейін 1889 жылдың 13
шілдесінде «Село тұрғындары мен мещандарының қазыналық жерлерге өз
еркімен қоныстануы туралы және аталған сословиелердің адамдарын ерте
уақытта қоныстанғандарға жатқызу тәртібі туралы» ереже күшіне енгізілді.
Қоныс аударуға Ішкі істер және Мемлекеттік меншік министрлігі ұйымдарының
арнайы шешімі бойынша ғана жол берілді. «Құрметке лайық», «сенімді»
қожайындарға ғана рұқсат беру ұйғарылды әрі олар қоныстануға арналған
жерлерге жіберілді. Мұндай жерлер болып Ақмола, Семей, Жетісу облыстары
саналды. Далалық облыстарда қоныстанушыларға берілетін жер нормалары
нақты анықталмады. Десек те, 1889 жылғы ереже Қазақстанды Ресейден қоныс
аударушыларға заңнамалық тұрғыда ашып берді. Әйтсе де ереже өзінен кейінгі
қоныстануға байланысты барлық ережелер сияқты көшіп келушілер
қозғалысын тәртіпке келтіре алмады. Керісінше 1889 жылғы ереже
қоныстануды кеңейтуге бағытталған әртүрлі жарлықтармен толықтырылды.
1891 жылғы «Дала Ережесі» бойынша патша өкіметінің қазақ даласын
империяның мемлекеттік меншігі деп жариялағаннан кейінгі жерде заңды түрде
жүре бастады. Тіпті қоныс аударушылар мемлекет тарапынан қолдауға ие
болып, оларға материалдық көмек көрсетілді. Ресейдегі 1891-1892 жылдардағы
аштықтан кейін қоныстанушылар легі күшее түсті. Ал 1893 жылы Сібір темір
жолының батыс тармақтары салынғаннан кейін орыс шаруаларының көші-қон
қозғалысы қарқынды жүрді. Өз бетімен қоныстанушылардың жер пайдалануын
және орыс шаруалары мен қазақтардың арасындағы қақтығыстарды азайту
бағытында осы мәселелердің төңірегінде орын алған қайшылықтарды реттеу
қажеттілігі туындады. 1893 жылдан бастап Ақмола облысында 1-межелеу
партиясы өз жұмысын бастады. 1894 жылы император ІІ Николай дала генерал-
губернаторларға Ақмола және Семей облыстарының көшпелі халқының
пайдалануындағы бос жерлерді анықтау жөнінде тапсырма берді. Мұндай
зерттеуді ұйымдастыру Сібір темір жолы Комитетінің міндетіне жатқызылды.
Комитеттің бастамасымен белгілі земство статистигі Ф.А. Щербинаның
басшылығымен «артық» және «бос» жерлерді айқындау мақсатында экспедиция
ұйымдастырылды. 1896-1903 жылдар аралығында экспедиция Ақмола, Семей
және Торғай облыстарының уездеріндегі қазақ шаруашылығы туралы
мәліметтер жинады. Ол «артық» жерлерді анықтап, солардың есебінен қоныс
аудару қорын құруды ресми түрде дәлелдеді. Экспедицияның дәйекті
мәліметтері және көшіп келгендерге «артық» жерлерден үлес бөліп беріп отыру
арнайы басқарма ұйымдастыруды қажеттендірді. Осылайша 1896 жылы Ішкі
істер министрлігі жанынан Қоныс аудару басқармасы ашылды. Қазақ өлкесі
52
қоныс аударатын бес ауданға: Торғай – Орал, Ақмола, Семей, Сырдария, Жетісу
бөлініп, аудандық қоныстандыру мекемелері құрылды.
1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясынан кейін Ресейде
аграрлық мәселені шешу мақсатында елде орын алған жер дағдарысынан шығу
үшін патша өкіметі қара шаруаларды шет аймақтарға көбірек жібере бастады.
Ресей империясының ауыл шаруашылығы министрі Столыпин жер мәселесін
қазақ жерін тонау арқылы шешпек болды. Қоныстандыру аса үлкен
пәрменділікпен жүргізіліп, қазақ жерлері ашықтан-ашық тонала бастады.
Осындай саясаттың нәтижесінде қазан төңкерісі қарсаңында қазақ жерлеріне
келіп орын тепкен келімсектердің саны 1 милионнан асып түсті. Олар,
негізінен, түгін тартса майы шығатын, топырағы құнарлы 45 миллион
десятинадан астам жерлерді иемденді.
Патша өкіметінің қазақ жерлерін қарашекпенділерге әперуге кірісуі,
халықтың шұрайлы, сулы, нулы жерлерінен айырылуы, мұндай зорлықтың
күйзеліс пен дағдарысқа әкелгендігі ғасыр басындағы ең негізгі өзекті мәселеге
айналды. Қоныстандыру саясатының түйіткілдерін жұртшылық кең талқылауға
алды. Үкіметтің аграрлық саясатының құрамдас бөлігі ретінде бұл мәселе
Мемлекеттік Думада өте қызу айтыс туғызды. Аграрлық мәселені шешу Ресей
империясының шет аймақтарын мекендеген халықтардың саяси құқықтарын
қарастырумен ұштасты. Бұған Үкіметтің Ресейдегі шаруалардың жерге деген
мұқтаждығын кедейлерді шығысқа жаппай қоныстандыру жолымен
қанағаттандыруға тырысуы себеп болды. Жергілікті тұрғындардың мүдделері
мүлде ескерілмеді. 1906 жылғы І Мемлекеттік Думаның отырысында Орынбор
губерниясынан сайланған депутат Т.И. Седельников қазақ халқының да, орыс
қоныс аударушыларының да мүдделерін қорғау туралы мәлімдеді. Ол «жүз
мыңдаған қазақтар сөздің тура мағынасында жерсіз болып табылады. Ал егер
жері аз қазақтарды алсақ, олар миллионнан кем болмайды», – деп мәлімдеп,
жұртшылықтың назарын жер пайдалану мәселелеріне аударды. Оңшыл
депутаттардың бір бөлігі, мәселен, князь Голицын сияқтылар бұрынғысынша
«қоныс аудару ісін мүмкін болған барлық әдістермен күшейтуді» талап етті.
Т.И. Седельнков бұл жағдайға ашық қарсы шығып, қоныс аударуды
ұйымдастыруда жіберілген қателіктер, патша шенеуніктерінің жүгенсіздіктерін
ашып көрсетті. Ол әсіресе ағаштарды саяжайлар үшін кесуді қатты сынады.
Т.И. Седельников қазақ жерлерінің қоныстандыру үшін тартып алынғанын,
оларды шөл, шөлейт аудандарға ығыстырғанын, қоныс аудару қорлары
жергілікті
тұрғындардың
пайдаланып
отырған
жерлері
есебінен
жүргізілгендігін ашық, жан-жақты жазды. «Ол – жерге орналастыру жүйесі
қырғыздардың (қазақтардың) ең таңдаулы жерлерін тартып алып ...үйсіз,
қаңғырып қалған көшпенділерге ешқандай пайда көрсетпей, оларға сәтті
жүргізіліп келе жатқан іске кедергі ретінде қарайды», – деген автор тұжырымы
осының
дәлелі.
Осылайша
Т.И.
Седельников:
«қазақ
ауылының
отырықшылыққа көшуіне патша үкіметі жағдай жасаған жоқ, керісінше, шын
мәнінде оған кедергі жасады», – деген шындыққа жанасатын пікір айтты. Ресей
империясы қазақ халқының өзіне тәуелді болуын және экономикасы үшін арзан
53
шикізат көзі ретінде мал шаруашылығының үстем түрде дамуын қалады.
Аймақта патриархаттық-рулық қатынастардың орнығып, экономикасының
төмен деңгейде дамуы патша өкіметінің отарлау саясаты мүддесіне сай келді.
Сондықтан да оңшыл депутаттар столыпиндік заңды қорғап шықты. Алайда
Қазақстаннан сайланған депутаттар бұл көзқарастарға өз қарсылықтарын
білдірді. Аграрлық комиссияның мүшесі Б. Қаратаев қоныс аудару әдістерін
сынап сөз сөйледі. Ұлт зиялысы қоныс аудару үрдісін «күштінің әлсізге
зорлығы» деп атады.
Қазақстандық депутаттардың барлығы бірдей ұлттық мүддеде пікір
танытпады. Олардың бір бөлігі билеуші топтардың мүдделерін қорғап,
жағдайды жағымды түрде бейнелеуге тырысты. 1909 жылы Жетісуға арнайы
келген А. Трегубов бүкіл облыстағы қоныс аудару ісін мадақтап, риза болған
сезіммен «Верный кіші ауданында бүкіл қоныс аудару ісі дұрыс жолға
қойылған» деген пікір білдірді. Алайда мұндай пайымдау Жетісу облысындағы
қоныс аудару ісінің меңгерушісі Велецкийдің бұл істің мүлде тәртіпке
келтірілмегендігі, қоныс аударушылар арасында аштықтың орын алғандығы
туралы хабарламасына қайшы келді.
Саяси, экономикалық зор мәні бар проблема ХХ ғасырдың басындағы
қазақ зиялылары арасына қозғау салды. Қазақ жерлерінің тарылып, дәстүрлі
шаруашылықтың іргесі сөгіліп, әл-ауқатының нашарлауына байланысты жер
пайдалануда түрлі әдістерді ұстану, жер тапшылығынан отырықшылыққа көшу
қажеттілігі және т.б. мәселелер төңірегінде әр алуан пікірлер айтылды. Ұлт
зиялылары да ортақ уәжге келе алмай, екі топқа бөлінді. Бірінші топқа
отырықшыландыруды уағыздаған Б. Қаратаев, М. Сералин, М. Дулатов енсе,
екіншісінде көшпенді өмір салтын жақтаған Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов,
т.б. қазақ зиялылары құрды. Бірінші топтың мүшелері 1911-1915 жылдары
үзбей шығып тұрған «Айқап» жорналының төңірегіне шоғырланды. Шаруалар
отарлауы, жер мәселесі, тағы сол сияқты түйіткілдер жорнал бетінде үнемі
жарияланып тұрды. Сонымен бірге патша өкметінің қоныстандыру саясатының
мәнін, мақсатын, жай-жапсарын түсіндіруде үлкен насихат жұмыстарын
жүргізді. Журнал беттерінде отырықшылдыққа шақыру жайында басылған
мақалалармен қатар оған қарсы пікір айтушылардың көзқарастары басылды.
Отырықшылыққа көшу, қала салу идеясын ұстану бағытында журнал
беттерінде «Қазақ өкпесі», «Тағы да жер жайынан», «Жер мәселесі», «Біздің
бұрынғы һәм қазіргі халымыз», «Көшіп жүру керек дейшілердің пікірі», т.б.
шағын мақалалар жарық көрді. Айқаптықтар өз заманына лайық ұлттық
идеяның көш басында тұрды. Шын мәнінде отырықшылыққа көшу идеясы дау
сыз құнды бастама болаты. Сондықтан да олар өз мақалаларында отырықшы
өмір салтын насихаттаумен болды. Осындай бағытта М. Дулатов бірнеше
мақала жариялады. М. Дулатов жер алып, отырықшылыққа көшу, қала болу,
мәдениетті елге айналуға шақыру мақсатында былай деген: «...15-20 жылдан
бері бұл көшпелі мұжықтардың келіп бітуінің ұшы көрінбей, бұлай болғанда
енді аз жылда қазақ халқы ең жаман жерге сорлап қалып, ақырында
пақырлыққа жетуі ықтимал. Жер аз-көп болса да бұл заманның өнер-білім
54
заманы болған шақта әр жерде жайылып жүргенде оқудан мақұрым қалармыз.
Надан халық білімді халықтардан өз дінін, хақын сақтай алмай, дүниеде ақыры
есебін бітіре алмай қалуы ықтимал». Көріп отырғанымыздай, М. Дулатов
қалыптасқан жағдайдан шығар жол – жер алып, отырықшылыққа көшу
екендігін жасырмаған. Отырықшылық өмір білім мен мәдениетке жол ашады
деп есептеді. Осы көзқарасқа қарсы пікірді «Қазақ» газеті төңірегіне жиналған
қазақ зиялыларының бірі – Ә. Бөкейханов білдірді. Ұлтжанды тұлға: «Мал
бағып, шаруа қылып келе жатқан жұрт, орыс 15-тен жер берді деп егінші бола
қоймайды. Мал шаруасын тіршілік үшін ұстап жүрген жұрт 15-тен жер алса,
үлкен аяққа тар етік киген болады... 15-тен жер алмай тұрып жан-жағыңа қара
дейтініміз, 15-ті алып, осы алақандай жерге мал бақпақ, ал бұған мал
бағылмайды», – деп жазды. Ә. Бөкейхановтың «15-і» патша өкіметінің «жерге
орналастыру» саясатынан шығып отыр. 15 деп отырғаны, патшалық
әкімшіліктің әрбір жан басына шаққанда бөлінетін жер үлесі, яғни отбасында
қанша жан болса, әрқайсысына 15 десятинадан жер берілді. Осылайша
көшпелілерді жер үлесін беріп орналастыру, яғни отырықшылыққа өтуге
ынталандыратын шараларды іске асыра бастады. Мәселен, 1905 жылы
Егіншілік және мемлекеттік мүлік министрлігі Жерге орналастыру және
Егіншілік бас басқармасы болып қайта құрылды. Осыған орай қазақ
шаруаларының бір бөлігі жаппай отырықшылыққа көше бастады. Алайда бұл
Ә. Бөкейханов көрсеткендей, салдары мен зардаптары қайғылы, зорлық
әрекеттер еді. Жалпы қарашекпенділердің қазақ жерлеріне қоныстануына,
олардың зорлық-зомбылық әрекеттеріне қазақ халқының жерден айырылып
қалу, патша үкіметінің саясатын әшкерелеуге Ә. Бөкейхановтың бірқатар
еңбектері арналды. Олардың қоныстандыру тарихын жаңаша зерделеуде алар
орны мен маңызы өте зор.
«Айқап» жорналы төңірегіндегі зиялылар Ә. Бөкейхановтың көшпелі
норма алмау пікірін қолдамады. «Ә. Бөкейханов пен «Қазақ» газетінің
отырықшы нормадан көшпелі норманың артықтығы турасындағы пікірлері...
залал келтіріп тұр. Неге десеңіз, көшпелі норма болған уақытта қазақ жері
патшалыққа керек болғандай болса алына береді. Көшпелі норма қазаққа жерді
уақытша пайдалануға ғана береді... Егер олар Бөкейханов пен «Қазақ» газетінің
сөздеріне еріп, көшпелі қалыпта қала берсе, арты не болмақ». Айқаптықтар
патша үкіметінің «отырықшы жұрт нормасына» байланысты құйтырқы
саясатының мәні мен астарын түсінді. Осы норма арқылы патша үкіметі өзіне
жерді көбірек босатып алуды көздеп отырғанын «Айқап» зиялылары халыққа
ұқтырғылары келді. «Отырықшы норманы» алу қажеттілігі жайындағы
зиялылардың бағытын отарлау саясатының негізінде қарастырсақ, онда оның
сол кезең үшін дұрыс екендігін айтар едік. Себебі Ә. Бөкейханов және «Қазақ»
газеті төңірегіне жиналған қазақ зиялыларының ұстанған жолы сол кезең үшін
тиімді еді. Өйткені Столыпин реформасынан бері қарай ішкі Ресейден қоныс
аударушылардың толассыз ағылуы жағдайында бұрын егіншілік мәдениеті
жаппай дәстүрлі тіршілігіне айналмақ қазақ бұқарасы үшін ешқандай да
даярлықсыз отырықшылыққа өту дегеніміз, көп ұзамай-ақ жерден айырылып,
55
қайыршылыққа ұшырап, артынан біржола жоқ болумен тең еді. Жалпы Ә.
Бөкейханов қазақ халқының отырықшы тұрмысқа өтуіне қарсы болған жоқ,
керісінше «отырықшы нормаға» қарсы шығып, оның салдарының халық үшін
мүлде зиянды екендігін ескертті. Себебі Ә. Бөкейханов Қазақстандағы қоныс
аудару ісінің жағдайымен терең таныс болды. Қазақтың белгілі ғалымы, саяси
қайраткер Ф.А. Щербина экспедициясының жұмысына белсене қатысты. Ол
«бірнеше десятина жарамсыз жерді қолайлы жер деп есепке алуды практикаға
енгізіу арқылы» қазақ өлкесінің жерін ойыншық еткен, «ешнәрсеге
күмәнданбайтын адамдар» туралы терең мысқылмен жазды. Шаруаларды
шөлейт және сортаңды далаларға қоныстандырудың көптеген фактілерін
салыстыра келіп, ұлтжанды зиялы «жерсіз аш халыққа сусыз қазақ даласын
ұсынатын үкіметтің қоныс аудару саясатының санаулы күндері қалды» деген
пікір айтты. Ұлттық мүддені жеке басының қамынан жоғары қоя білген ғалым,
саяси көшбасшы былай деп жазды; «Қазақтар қазіргі уақытта қоныс аудару
учаскелерін кесіп беру кезінде болып жатқанды ессіздік деп санайды... жұмыс
жүргізушілер учаскелерінде мал шаруашылығы үшін ең бағалы алаптарды;
шабындықтарды, қысқы жайылымдарды, егістіктерді, жақсы суаттарды
учаскелерге межелеп алып... қазақтарға тау-тасты, сортаңдарды, батпақтарды,
сусыз даланы қалдырды».
Шындығында да патша өкіметі қоныстандыру арқылы жергілікті
халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан жайылымдарын талан-таражға салды.
«Артық жерлерді» шығарып, отырықшы норманы ойлап тапты. Осылайша,
біріншіден, қазақ халқына жер беріп, отырықшылыққа көшіру арқылы патша
өкіметі оның қалған жерін тонады. Екіншіден, халықтың отырықшылыққа
көшуі амалсыздықтың, шарасыздықтың салдары еді. Кесіліп-тоналған жердің
қалған-құтқанын сақтап қалу үшін отырықшылыққа өтуге мәжбүр болды.
Солай бола тұрса да патша өкіметі жергілікті халықтың отырықшылыққа
көшуін қолдаған түр білдіргенімен бір жағынан оны тежеп отырды.
1909-1910 жылдары қазақ жерін отарлау барысында жаңа кезең басталды
деп айтуға негіз бар. Оның негізгі ерекшелігі – қазақ шаруаларының
пайдалануындағы жерді көбірек босатып алу үшін оларды бірыңғай отырықшы
тұрмысқа көшіру еді. Міне, сондықтан ХХ ғасыр басындағы қазақ
шаруаларының бұрын болмаған көлемде және жедел қарқынмен отырықшы
тұрмысқа ойысуының негізгі себебін таптық жіктеліс процесімен емес, әрине
оны да жоққа шығаруға болмайды, алдымен отарлау саясатынан іздеу толық
негізді.
Ресей шаруаларының қазақ жерлеріне шұбыруын жерлерінен зорлап
ығыстырылып, ақыры құмға, шөлейтке шегінуін ұлт зиялылары ашына жазды.
Олардың бір тобы «қазақ өзі бөтен жаққа переселен болып көше бастады» десе,
екіншілері «...халықтың өсіп, жердің өспеуі һәм тозуы, қазақ жері патша мүлкі
саналап, сол себепті миллиондап жерсіз мұжықты үкіметтің қазақ жеріне
қондыруы, бұл тілеусіз қонақтар келе бастағаннан бері жер тарылып,
атамекеннен ірге қозғалып, қазақтың шаруасының күйзелуі», – деп шындықты
бұлттартпай көрсетті. Сонымен қатар қазақ зиялылары қоныстандыру
56
саясатының қайғылы нәтижелері тек халықты күйзеліс пен кедейлікке ғана
емес, сондай-ақ жерінің тозып, табиғи ортасының бүлінуіне әкелгендігі туралы
мәселені өз шығармаларында дер кезінде көрсетіп берді.
Отырықшылыққа көшу ХХ ғасыр басындағы ең құнды ұлттық идея
болып табылады. Қазақ зиялылары осыны терең түсінді. Отырықшы ел ғана
биік мақсаттарға қол жеткізіп, экономикасы, мәдениеті дамыған ел бола
алатындығына тарихтан жақсы білетін. Сондықтан да қалалары мен зәулім
сарайлары, зауыттары мен фабрикалары, оқу орындары мен театр, т.б. бар
жетілген ел болуды аңсаған зиялылар өз пікірлерін ашып жазды. Дегенмен,
мұндай отырықшы елге отарлық езгінің ауқымында емес, тәуелсіз мемлекет
жағдайында іске асыру қажеттілігін жан-жақты түсінді. Осыған орай туған
халқын оқу мен білімге, ғылымға, ұлттық санасын оятып, егемендік жолындағы
күреске бағыттауды насихаттады. Айтылғандарға қоса ұлттың таңдаулы
азаматтары отырықшылыққа бірден көшпей, бірте-бірте өтудің қазақ халқы
үшін тиімді екендігін де жасырмады.
Тарих ғылымында шаруалар қоныстануының салдарын айқындауда түрлі
пайымдаулар мен ой-пікірлер орын алып келді. Егер 1950-1960 жылдардан
бастап ғалымдар орыс шаруаларының қазақ даласына қоныс аударуын
жағымды жағынан көрсетіп, оның прогрессивті тұстарын іздеуге барынша күш-
жігерлерін жұмсаса, ал ХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы зерттеуші, қоғам
қайраткерлері аталмыш процестің шындығын өз туындыларында бүкпесіз
жайып
салып,
ақыры
сталиндік-голощекиндік
жазықсыз
жазаның
құрбандарына айналды. Ғ. Тоғжанов, С. Сәдуақасов, Т. Шонанұлы, Т. Рысқұлов
қоныстандыруды «шаруалар отарлауы» деп атады. Олар «патша өкіметі қара
шаруаларды Қазақстанға көбірек шығарып, сол арқылы Ресейдегі жер
дағдарысынан, аграрлық қайшылықтардың шиеленісуінен құтылмақшы болды,
осылайша қазақ жерлері зорлықпен тартып алынды» деген тұжырым жасады.
ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басындағы экономикадағы қалыптасқан
жағдайды С. Сәдуақасов «осы саясаттың нәтижесінде Қазақстанның егін егуге
қолайлы жерлерінің бәрі бірте-бірте қарашекпенділердің қолына көшті де,
қазақтар құм мен шөл далаға ығыстырылды. Сөйтіп, қазақ даласы көкірек
ауруға ұшыраған адамның өкпесіндей шұрық-тесікке айналды», – деп жазды.
Құнарлы жерден айырылып, ырыздық бұлағынан жырақтаған қазақ
байғұстардың шаруасы күйзеліп, күн көрісі жылдан-жылға қиындады. Малдың
оты мен суы тапшы, адамның тамағы тапшылығынан тұтас ауылдар аштыққа
ұрынды. Аш-жалаңаш ісініп-кебінгендер арасын әртүрлі жұқпалы дерт
жайлады. Қара сирақ кедейлік, асы барға кіріптарлық белгілі бір ауыл, аймақта
ғана емес, атамекенінен қуылған аталар мен рулар, тайпалар арасында
бұқаралық сипат алды. Қоныстанушылар қазақ жерлерін тартып алып қана
қоймай, қоғамның әлеуметтік, саяси, мәдени өмірінде де елеулі өзгерістер
жасады. Патшалық биліктің қазақ даласындағы әлеуметтік тірегі ретінде
жергілікті билеушілерге қажетті жағдайда қорған бола білді. Атап айтатын
мәселе, қарашекпенділердің есебінен өлке халқының саны көбейді. Мысалы,
келімсектер саны ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында 1,3 миллион
57
болса, 1916 жылы 2,2 миллион адамға жеткен. Керісінше, 1902-1903 жылдары
қазақтар 9%-ға азайған. Шұрайлы жерлерден айырылған халықтың азып-тозып,
қайыршылыққа ұшырап, азаюы қоныстандыру саясатының тікелей зардаптары
екендігі даусыз. Орыс және украиндықтардың қазақ жерлеріне ағылып келуі
өлкенің этникалық құрамын өзгертті. 1914 жылға қарай қазақтардың үлес
салмағы барлық тұрғындардың жалпы саны бойынша 60%-ға төмендеп,
орыстар мен украиндықтардың үлес салмағы күрт өсіп, 29,6%-ға жеткен.
Қазақ халқының жаппай жерсіз қалуы, қайыршылануы және соның
салдары ретінде әлеуметтік шиеленістің өсуі реформаның күйінішті
қорытындысы болды. Қарсылықтың стихиялық көріністері қожайындарды,
өкімет өкілдерін соққыға жығудан, салықтар төлеуден бас тартудан, малды
айдап әкетуден, егістіктерді таптаудан және басқаларынан көрінді. Ежелгі
жерінен айырылған байырғы тұрғындар өз құқықтарын заңды әдістермен –
өтініштер беру арқылы қорғауға тырысты. Жерінен айырылып, тіршілігі
нашарлаған, шарасыздықтан не істерін білмей, жергілікті билеушілерден көмек
сұраған мазмұнға толы өтініштерді мұрағат қорларынан көптеп кездестіруге
болады. Мәселен, мынадай бір өтініштің мазмұнына қарасақ, онда былай
делінген. Өтінішті 1913 жылдың қаңтарында Есімболат Досбаев пен Ғали
Оспанов өз ауылының атынан Торғай – Орал ауданы қоныс аудару ісінің
меңгерушісіне жазған. «Шыңғырлау болысы №4 ауыл қырғыздарының ең
жақсы шұрайлы жерлері қоныс аудару қорына тартып алынды, ал бізге
жарамсыз жерлер ғана қалдырылды. Осыған орай бізге мал жайылымы және
егіншілік үшін учаскелерді кесіп беруіңізді сұраймыз». Жергілікті
тұрғындардың атынан жазылған өзге өтініштер тәрізді бұл өтініштегі сұраным
қанағаттандырылмады. Жер учаскелерін беруден бас тартылған жауап осы
кездегі барлық өтініштерге тән құбылыс еді.
Қоғамдағы осындай өзгерістерге қарамастан қазақ халқы алдыға қарай
жылжып, дами берді. Қазақ халқының экономикадағы, әлеуметтік саладағы
және мәдениеттегі алға жылжуы патша өкіметінен тәуелсіз, озбыр отарлау
саясатына қарамастан жүрді. Тағдыр тәлкегін талай көрген халық бұл жолы да
қарап отырмады. Шаруашылық пен саяси басқарудағы, әлеуметтік
құрылымдағы жағымсыз жаңалақтардан өзіне тиімді тұстарын пайдалануға
ұмтылды. Ең алдымен өзге ұлт өкілдерімен тіл табысып, «тамыр болуды»
ойластырды. Олардың өмір салтының жағымды жақтарын көре біліп, соларды
алуға тырысты. Орыстың мұжығымен жақын болып, егіншіліктің құпия
сырларына қанығуды да ойдан шығармады. Дегенмен, «орыспен жолдас болсаң,
айбалтаң жаныңда болсын» деген дана қағиданы бір сәт естен шығармады.
Десек те, қалыптасқан жағдайды бастан кешіріп, қандай ауыр болмасын, заман
сынағынан өту, тәуелсіз мемлекетті жаңғырту басты мәре ретінде күн тәртібінен
түспеді. Бодандық бұғауында, көпұлтты империяның құрамында өмір сүре
отырып, басқа халықтың өкілдерімен тату-тәтті ғұмыр кешу, қарапайым ұлт
өкілін сыйлау қажеттілігін дана халық сол кездің өзінде терең түсінген.
Халықтың ділі мен дінінде, ата салтында өзгені сыйлау деген ұғым жатталған
болатын. Меймандос, барын басқамен бөлісе білетін қазақ келімсектерді де жат
58
көрмей, төрін берді. Өзі есікте қалса да қолындағы барға қанағат етті. Алайда
бостандық үшін күреспей болашағының тұманды болатынына анық көз
жеткізді. Сондықтан да бостандық үшін кұрестің құралы білім, ғылым деп
түсінді. Ұлттық сананы оятып, халықтың саяси деңгейін көтеріп, қан төкпей
өркениетті жолмен тәуелсіздікке ұмтылу қажеттілігін ұлт зиялылары бұқараға
түсіндіруден жалықпады. Ал ХХ ғасыр басында тарих сахнасынан орын алған
оқиғалар олардың насихатының дұрыстығына көз жеткізді.
Қазақ халқының тіршілігі мен тұрмысында, санасы мен жадында осындай
идеялар тұрса, патшалық билеушілердің билігі күннен күнге дағдарысқа
ұшырай берді. Самодержавие өзінің тығырыққа тірелгендігін ашық
мойындамаса да, биліктің әдіс-тәсілдері таусылып, келеңсіз жайттар империяны
жайлады. Патшалық биліктің алдына қойған мақсат-міндеттері де іске асырыла
қоймады. Солардың бірі – қоныс аудару түйіткілдері. Қазақ даласына
келімсектерді сеңдей соқтырған билік қоныс аударуда шешілмеген мәселердің
шаш етектен екендігіне көз жеткізді. Ақырында ресми ұйымдар қоныс аудару
саясатының оған артқан үмітті ақтай алмағанын мойындады. Қоныс аудару
және отарлау мәселелері жөніндегі комиссия 1917 жылдың тамыз-қыркүйегінде
елдің қоныс аудару ісінің жағдайын талқылап, мынадай қорытындығы келді;
«Егіншілік-отырықшылық отарлауы... тұйыққа тірелген сияқты. Бұрынғы
мейірбан қоныс аударудың аяқталар кезі келді». «Қоныс аудару» деген
терминнің өзін «отарлау» деген сөзбен біржола ауыстыру ұсынылды. Отарлау
саясаты енді ел экономикасын дамытудың жалпы жоспарын негізге алды, мұнда
шет аймақтар зор рөл атқаруға тиіс еді. Өнеркәсіптік отарлауға шешуші мән
берілді. Ол ауыл шаруашылығын да көтеруге тиіс болатын. Комиссияның
анықтауы бойынша, қоныс аударушылар таптан тыс болуға, оның материалдық
қаражатының қажетті қоры, күш-жігері және алғырлығы болуға тиіс. 1917
жылдың қазан айындағы белгілі оқиғалар бұл жоспарды жүзеге асыруға бөгет
жасады. Алайда империяның басқа шет аймақтары сияқты Қазақстанды да
жергілікті халықтың мүдделері туралы сөз етілмейтін қатаң да прагматикалық
отарлау жүйесі күтіп тұрғаны анық еді.
Достарыңызбен бөлісу: |