200
ISSN 1811-1831. Вестник ПГУ
201
серия
ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ. 2015. №3
шаралары бірнеше рет өткізілуіне байланысты. Модульдік парадигма екі жақты
(Қазақстан және Еуроодақ) келісімде құрылуы – талаптың ең басымдығы.
Бүгінгі таңда кредиттік жүйеде модульдік оқыту үдерісін Қазақстан
Республикасында қайтадан түсіндіріп жату бір жағынан қолайсыз, десек те,
бұндай батылдыққа баруымыздың бірден-бір себеп-салдары – жоғары оқу
орындарындағы оқулықтардың модульдік талаппен құрылуының кемсіндігі.
Егер кредиттік технологияны толыққанды жүзеге асыру өз мәнінде болмай
отырса, оның барлық себебі аталған талаппен оқулықтардың құрылмауы
дер едік. Сонда модульдік технологияның бүгінгі «мүмкіндік теориясын»
іске асырар қандай басымдығы бар? – деген сұрақ туса, оған жауап былай
болып келеді: ұйымдастырушылық-нұсқаулық блоктары модуль жіктемесіне
жеке-жеке бағынып тұрады; әрбір автономды блоктың білім және оқыту
мазмұны ұштастықта келіп, дидактикалық маңыздылықты айқындайды;
оқытудың модульдік оқыту технологиясының мазмұны мен оның көлемі
кәсіби және оқытудың саралану деңгейі мен мақсатына орай бірнеше нұсқаға
бағдарланады. Аталған үш ерекшелік басқа технологияларға қарағанда
ұтымдылықпен ұшқырлық сапаны өркендетуге қолайлы жағдай жасайды.
Бұндай сапалық көрсеткішті мен педагогика ілімінде «траектория» деймін.
Траекторияның қазақша баламасы жоқ болғандықтан (стандартта), мен бұл
ұғымды орыс тіліндегі қолданым тұрғысында алуды жөн көрдім. Сөйтіп, әр
студент кредитті технологияға сәйкес жоғары оқу орындарының оқу курсына
қарай жеке (өзінің бейіміне қатысты) траекторияны таңдауына мүмкіндік
туады. Бұл стохастикалық парадигманың ең басымдықтағы көрсеткіші болып
табылады. Модульдік технологияның (1974) зерттеушісі – американдық
Дж. Рассел. «Modular instruction» терминге Дж. Рассел оқу пакетін
анықтайтын, оқу материалын тұжырымдамалық бірлік (әрбір ірі тақырыптың
кішісіндегі тұжырымдардың қосындысы) оқыту іс-әрекетінің қарқыны,
оқу материалын толық қамтитын оқыту технологиясы деп қарастырған.
Өткен 90-жылдардың жаңашыл ғалымдарының сол кездегі білімнің жаңа
қоғамға ілесуіне түбірімен өзгеріс әкелген ұтыстары төмендегідей болып
келеді: 1. Дидактикалық жүйенің әрбір құрамдық бөлімін міндетті түрде
студент бейіміне сай құруды қамтамасыз ету, модульдік бағдарлама
тұрғысында оның жүйесінің құрылымы адам санасында қалуын іске асырады;
2.Оқыту мазмұнын нұсқалы құруды көздеп, теориялық нысанды алгоритмге
салып, ақпараттық-пәндік жүйенің оқытылым үдерісін бағалауды және оған
түзетулер мен бақыланым іс-әрекетін орнықтыруды жаттықтырады; 3. Жеке
қабілеттің деңгейлігіне сай оқу үдерісін бейімдеуді қамтамасыз ету мақсатында
бірнеше нұсқадағы модульдік нысандарды даярлауды қарастырады.
Түзілген үш айқындама модульдік технологияның әрбір студенттің
білімдену іс-әрекетін жандандыра түсудің амалдану қағидасын жүзеге
асырып, төмендегілерді анықтайды:
1. Оқыту мазмұнын тәртіптейді, оның көлемін әр студенттің білім
қабылдау интериоризациясын үлгілейді; 2. Модульдік бағдарлама түріндегі
дидактикалық жүйенің (мақсаты, мазмұны, оқу үдерісін басқарудың
тәсілдері) барлық құралдарын бірізділік қағидамен ұсынады.
Өткен оқыту үдерісіндегі қолданылған педагогикалық технологияға
қатысты алынған модульдік оқытуда бұл тек сырт көзді алдау мақсатында
жүзеге асқаны өкінішті-ақ. Себебі бірде-бір автор модульдік оқытуға
ыңғайланып оқу үдерісінің үлгісін бірнеше нұсқада келетін кредиттік
жүйесінде модульдік оқыту қағидасына сай оқулық құрастыра алмады.
Осыдан мен модернизация кеңістігін әлі күнге дейін мамандықтың сала-
саласына қатысты қамтамасыз ете алмай отырмын. Кредиттік технологияға
қолданылатын модуль деген ұғым нені танытады? Барлық модульге қатысты
берілген анықтамаларды жинақтай келгенде, бұл ұғымның «оқу модулі»
деген тізбеге жауап беретіні байқалды. Оқу модулі дидактикалық мақсатты
іске асырады дедік. Олай болса, бұл аспектіні шешудің нышаны былай
болып келеді: 1. Мемлекеттік құжаттамаларды, стандарттар мен мамандыққа
қатысты жіктемелерді өтілетін пән шегінде жүзеге асыру талаптарын
орындаудың бірлігі; 2. Ұйымдастырушылық-нұсқаулық ғылымаралық
құрылымды тараулар бойынша біріктіріп, оның мамандыққа қызмет етер
тұстарының байланымы; 3. Белгілі бір мамандықтың құзыреттілігін жоғары
көтеруге ықпалын тигізер деген интеграциялық тәсілдің таңдалымы;
4. Ғылым ішіндегі байланысты іске асыратын тәсілдердің жиынтығы;
5. Соңғы өнімді іске асырар кәсіби бағдарлық пен қауымдық іс-әрекетті
қосып қатар жүргізудің амалдарының қосындысы.
Стохастикалық парадигманың тағы бір басымдық мәні – оқыту үдерісін
модульдік негізде жобалау. Жоғары оқу орындарында мұндай жұмыс
жүргізу әрбір студенттің өздігінен интеллектуалды әлеуетін арттыруға негіз
болмақ. Оның негіздемесі төмендегі жіктемемен ұсынылады: 1. Стандартқа
сай құрылған жұмыс бағдарламасының оқыту мазмұнын дидактикалық
бірлікте саралау және интериоризациялау дәрежесінде жүзеге асырады.
Оның өзі мамандық негізіндегі өзектілікке қатысты шешім табу деңгейі
мен кәсіби бейімділікті дамыту тұрғысында құрылады; 2. Кредиттік оқыту
жүйемен модульдік бағдарламалардың қандайын таңдау студенттер еншісіне
беріледі, сөйтіп, студенттердің өздігінен білімді ғылыми-кәсіби құзыреттілікке
қызмет етерлік сыңайда алуға мүмкіндік туады; 3. Кейбір модульдер сценарий
сипатында меңгерілуге қолайлы жағдай жасайды; 4. Әрбір студенттің
когнитивтік-аксиологиялық пайымын арттыруда кеңестік-үйлестіруші қызмет
атқарады; 5. Оқыту мазмұнының нұсқасы тұрғыдағы жүзеге асуы білім
мазмұнындағы артық қосымша жүретін түсініктердің қысқаруымен іске асады.
Қорыта келгенде, кредиттік оқыту жүйесінде үлесі мен мәні артып
отырған студенттің білімі тиімді болуы маманның кәсіби бағыттылығының
202
ISSN 1811-1831. Вестник ПГУ
203
серия
ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ. 2015. №3
талаптарына сай жасалған студенттің жұмысын ұйымдастыру үлгісінің дұрыс
құрылуына байланысты болады.
Үлгі – объект-түпнұсқаны зерттеу барысында оны алмастыра алатын және
оның зерттеу үшін маңызды жақтарын сақтайтын материалды немесе ойша
елестетуге болатын нысан. Үлгіні құру үдерісі үлгілеу деп аталады, басқаша
айтсақ, үлгілеу – түпнұсқаның құрылымы мен қасиеттерін үлгі арқылы зерттеу
үдерісі. Үлгілеу – ғылыми зерттеулерде ең көп таралған амалдардың бірі. Ол
материалдық және идеалдық болып бөлінеді. Материалдық үлгілеу физикалық
(заттық, түпнұсқаның үлкейтілген немесе кішірейтілген көшірмесі, мысалы
макеттер) және аналогтық (табиғаты әртүрлі ұқсас құбылыстар мен үдерістерді
формалді түрде бірдей сипаттау, мысалы математикалық теңдеумен) болып
бөлінеді. Идеалдық үлгілеу нысан мен үлгінің бейзаттық, идеалды, ойша
түріндегі ұқсастығына негізделеді. Идеалдық үлгілеудің негізгі типі – сұлба,
график, сызба, формула, символдар жиынтығын қолданатын таңбалық үлгілеу.
Үлгілеу үдерісінің сұлбасы: «Нысан => Үлгі => Үлгіні зерттеу => Нысан
туралы білім» бойынша жүреді. Үлгі зерттелетін нысанның аналогы, оны
алмастырушысы болып табылады. А.И. Уемов үлгіні жүйе ретінде, ал «оны
зерттеу басқа жүйелер туралы ақпаратты алу құралы болатынын» анықтайды.
«Инженерлік сызба» пәнінің кредиттік оқу жүйесінде модульдік технология
арқылы оқытудың үлгісі келесі 1 – суретте көрсетілген.
Келтірілген үлгінің ең негізгі басымдығы – әр студенттің ішкі ойлау
белсенділігін (интерактив) арттыру амалы. Жоғары оқу орнында оқу
үдерісін ұйымдастырудың қазіргі заманғы басты әдістерін сұрыптау, оның
нәтижелі болуына кепілдік берер проектісін құру үлгінің әдіснамалық негізі
болып табылады.Кредиттік оқу жүйесімен модульдік оқыту технология
мен бағдарламасын жобалау заман талабына сай өзгеріп отыратыны
зерттеу үдерісінде байқалды. Кредиттік жүйедегі модульдік бағдарлама
эмпирикалық, эвристикалық, стохастикалық парадигмалардың ішінара
қатысының бірлігінен тұрады. Эмпирикалық парадигма әр студенттің
тәжірибелік келбетін ескеру іс-әрекетінен десек, алгоритмдік білім
мазмұнының стандарт ауқымындағы рет тәртібі, ал студент мүмкіндігін
ескеруге қатысты тәсілдер мен амалдар жиыны, оның проектісі стохастикалық
парадигманы іске асырады. Аталған парадигмалардың қосындысын есептеп
шығарсақ, стохастикалық парадигма ең кемінде 60 % төмен болмауы
керек. Кеңестік дәуірде «стохастикалық парадигма» деген ұғым болған
жоқ, оның басты себебі тәжірибе мен алгоритмдік ұстаным басымдықта
болып, оқытылым үдерісінде субъектінің жеке мүмкіндігінен гөрі ұжымның
мүмкіндігі басты рөл атқарып келгені белгілі.Бүгінгі таңда нарықтық
қоғамда бәсекеге қабілетті маман даярлау болғандықтан, стохастикалық
парадигманың басымдықта болуы өте орынды. Кредиттік жүйедегі модульдік
бағдарлама дидактикалық парадигманы жүзеге асырады. Үлкен бір үлгідегі
тақырыптардың жиыны трансформацияланып, жеке-жеке модуль құрайды.
Әрбір модуль жеке-жеке блоктарды түзеді. Сөйтіп, белгілі бір дидактикалық
мақсат, білім мазмұнын нақтылы да нұсқалы тұрғыда іске асыруды және
оның диагностикадан өтуі мен бақылануын іске қосады. Жұмыстың мұндай
түрін оқыту мазмұнын жобалау тұрғысында шешіп, оның дидактикалық
қағидалары мен өлшемдіктерін сәйкестендіре сұрыптауға бағдарлайды.
Модульдік іс-әрекетті жобалаудың өзіне тән қағидалары бар:
1. Әрбір пәннің ғылыми ұғымына негіздеме жасау, базалық бірліктерді
білім мазмұнын меңгеру барысында айқындау; 2. Білім мазмұнын логикалық
ретпен жүйелі түрде құрастыру (оқулықтан басқа); 3.Білім мазмұнының
тұтастығы мен тәжірибелік маңыздылығын қарастыру; 4. Оқу материалын
көрнекті тұрғыда құру.
Қорыта айтқанда, модульдік бағдарлама модульдік оқытудан жоғары.
Бұл үлгі модульдің ортасындағы іс-әрекет. Кредиттік оқыту жүйемен
модульдік бағдарламаны жобалаудың тек өзіне тән қағидаларын ескерген
жөн. Оған мыналар жатады: модульдік, құрылымдық, өзгертілімдік, іс-
әрекеттік, паритетті, кері байланысты ішкі мүмкіндіктерімен, интеллектуалды
әлеует қорымен жүзеге асырушылық.
Өзгертілімдік қағида – әлеуметтік-экономикалық кеңістікке, ғылыми-
техникалық жағдайға қатысты өзгерістерге білім меңгеру, оқыту саясатын,
парадигмасын өзгертіп отыру, кредиттік жүйемен модульдік технология
сипатының іс-әрекетке ілесіп отыру шама-шарқының дамуы. Өзгертілім оқыту
үдерісінің технологиялық, мазмұндық, құрылымдық аспектілеріне ықпал
етеді. Кредиттік оқыту жүйемен модульдік оқытудың өзгертілім қағидасында
– оқытушы-профессорлардың болмысында кеңестік дәстүрлі педагогикадан
қалған әкімшіл-әміршіл басқарудан жұрнақ та қалмайды. Өзгертілім қағидасы
кредиттік жүйемен модульдік оқыту бағдарламасын жүзеге асыру үдерісінде
оқытушы-профессор және студент одағының қауымдық іс-әрекетінің сандық,
сапалық көрсеткішін ілгерілетіп, құрылымын тәртіптеп, рет тәртібінің
модульге блоктар арқылы жүйеленіп келуін қамтамасыз етеді. Мазмұнды
өзгертілім оқыту мазмұнымен саралап, бағалау, бақылау іс-әрекетінің
амалдарын көпнұсқалы (деңгейліктерге жіктеп) тұрғыда жүзеге асырады.
Сөйтіп, үдерісті аспект студенттердің танымдық ойлау, парасаттау,
бағамдау, тұжырымдау, түйіндеу сияқты нұсқалы қызметін жекеше дамытуға
мүмкіндік жасайды. Іс-әрекеттік қағида білім мазмұнын меңгеру сипатын
тексеру, бағалау, түзету мақсатында жүргізілетін жұмысты қамтамасыз етуді
іске асырады. Қорыта келгенде, әр студенттің мамандыққа қатысты
интеллектуалды әлеуетін өзіне-өзінің дамыту қағидалары жоғарыда аталып өтті.
204
ISSN 1811-1831. Вестник ПГУ
205
серия
ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ. 2015. №3
Сурет 1 – Кредиттік оқу жүйесінде студенттерді модульдік
технология арқылы оқытудың үлгісі
Стохастикалық парадигманың кеңестік дәуірде қолданымда болмауының
басты себебі айқындалды. Тәжірибенің теориясыз қалыптасуының салдары
оқытушы-профессорлардың іс-әрекетін тағылымсыз, парасатты іс-әрекетсіз
қолданылуы екені ашылды. Нәтижесінде әр студенттің ішкі интеллектуалды
әлеуеті оның мамандығына қарай ұдайы үзіліссіз дамытылуы кемсін қалып,
керісінше, алгоритмдік және эмпирикалық парадигмалардың механистік
қолданылуы басымдықта болып келгеніне дәлелді пайымдамалар жасалды.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Қаменов, М. Р., Игнатаева, О. И. Инженерлік графиканы оқыту
нәтижесін арттырудың кілті-сабақты студенттердің жеке қабілеттерін ескере
жүргізу. – Ғылыми-әдістемелік еңбектер жинағы. – А., 1994.
2 Набиев, Ы. Жоғары оқу орындарын студенттерін графикалық
тұрғыдан даярлаудың дидактикалық негіздері // Ғылыми ред. басқарған
Ә. П. Сейтешев. – А., 1995.
3 Асанов, Н. У. Университеттік білім беру жүйесіндегі оқу үрдісін
басқарудың педагогикалық негіздері. – Алматы, 2004. – 364 б.
4 Сарбасова, Қ. А. Инновациялық технологиялар. – Алматы, 2006.
5 Нағымжанова, Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – А., 2007.
Материал 07.09.15 баспаға түсті.
Ж. А. Темербаева
Эффективность использования модульной технологии в высшем
образовании
Павлодарский государственный
университет имени С. Торайгырова, г. Павлодар.
Материал поступил в редакцию 07.09.15.
Zh. A. Temerbaeva
Effectiveness of using modular technology in higher education
S. Toraighyrov Pavlodar State University, Pavlodar.
Material received on 07.09.15.
В статье изложена эффективность использования в ВУЗе
модульной технологии при кредитной системе обучения.
The article deals with the effectiveness of using modular technology
in the university under credit system of education.
206
ISSN 1811-1831. Вестник ПГУ
207
серия
ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ. 2015. №3
ӘОЖ 37.011.31:372.4
Б. Ш. Тұрғанбаева
п.ғ.к., доцент, педагогика кафедрасы, Шәкәрім атындағы
мемлекеттік университеті, Семей қ.
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУІНДЕГІ
ҚИЫНШЫЛЫҚТАРДЫ ЖЕҢУ ЖОЛДАРЫ
Мақалада бастауыш сынып оқушыларының мектепке
бейімделуіндегі қиыншылықтарды жеңу жолдарын, осы кездегі
баланың психологиялық дайындығын айқындайтын негізгі
компоненттерді, баланың мектепке бейімделуіне негізгі әсер ететін
қиындықтарды, негізгі кезеңдерін зерттеп көрсете келе, бастауыш
сынып оқушыларындағы мектептік үрейді жеңу жолдарын
және мектепке бейімделу кезеңіндегі қиыншылықтарды жеңуге
байланысты ата-аналарға ұсыныстар ұсынылған.
Негізгі сөздер: баланың оқуға даярлығы, бастауыш мектеп,
тәрбие, мектепке бейімдену, психологиялық даярлық, мектептік үрей.
Баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру, оның жеке басын жан – жақты
дамыту мен мектепте оқытудың жаңа технологиясын қолдану ісі бүгінгі таңда
білім беру саласындағы аса маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің
тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның болашағына зор үміт
артып «Алдымызда атқарылар қыруар істер бар. Бұл жолда біздің ең басты
байлығымыз – берекелі бірлігіміз бен ауызбіршіліктен айнымайтын ақжүрек
жұртымның қуатты ұлтқа, шуақты ұлысқа айналарына кәміл сенемін» – деп
атап көрсетті. Осыған орай бүгінгі таңда қоғам ізгілікті адамгершілік тұрғыдан
жаңартудың әлеуметтік міндеттерін жүзеге асыра алатын жаңа тұрпатты,
бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу және қалыптастыру қажеттілігі алға
қойылып отырған мақсаттардың бірі. Сондықтан еліміздің білім беру сапасын
арттыру мен оның инновациялық дамуына жол ашу жастардың білімді, іскер,
отансүйгіш азамат болуына қол жеткізу басты міндет болып табылады.
Олай болса қазіргі таңда бастауыш сынып оқушыларына ерекше көңіл
бөлу керек екендігі сөзсіз. Қазіргі мектепте берілетін білімнің теориялық
жақтары, құбылыстарды түсіндіру, байланыстарды анықтау, оларды
жалпылау күннен күнге тереңдетіліп келеді. Сондықтан бастауыш сынып
оқушыларының мектепте толық білім алуын қамтамасыз ету мен сол ортаға
бейімделуін дамыту бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып
ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені
көп болған адам білімді болады», – деп Абай атамыз айтқандай, бастауыш
сынып есігін енді ашқан бала да ерекше қамқорлықты қажет етеді.Оларды
мектепке келген күннен бастап, назардан тыс қалдырмай, әрқайсысына жеке-
жеке көңіл бөлу қажет. Бұл көмек ең бірінші мұғалім тарапынан күтіледі.
Олай дейтініміз, уақытқа бағынбай, еркін ойнап жүрген бүлдіршіннің
алғашқы кездері мектеп партасына 30-35 минут тапжылмай отыруға көндіге
алмасы анық. Сондай-ақ, жаңа ортаға үйрену де біраз қиындық әкеледі.
Баланың психологиялық ерекшелігін, мінез-құлқын, қабілет-қарымын ескере
отырып, сабаққа бейімдеу үлкен шеберлікті талап етеді.
Мектептегі 6-7 жасар баланың бойы әрі қарай өседі, салмағы артады,
бұлшық еті дамиды, сүйегі қатая түседі. Осы жастағы балалар қимыл-
қозғалысқа өте бейім келеді. Баланың осы табиғи қажетінің орындалуына
үнемі мүмкіндік беріп отыру қажет.
Мектеп есігін ашқаннан бастап, бала психикасы белгілі арынмен дами
бастайды. Осы кездегі баланың психологиялық дайындығын айқындайтын
негізгі компоненттер:
– Жеке бас дайындығы: баланың мектеп ережесін қабылдауға, мектепке,
оқу әрекетіне, мұғалімге, өзіне қарым-қатынас дайындығының болуы. Мектепке
дайын деп тек сыртқы бейнесін ғана (киімі, оқулықтары мен оқу құралдарының)
емес, танымдық қабілетінің, жаңа білім алуға мүмкіндігінің болуы жатады;
– Интеллектуалдық дайындық: баланың дүниетанымының, нақты
білім қорының, ойлау, есте сақтау қабілеттерінің болуы, білімге деген
қызығушылық. Сөйлеуді жылдам игеру, белгілерді ажырата білу, қол
қозғалысының белсенділігі, көру мен қозғалу арасындағы үйлесімділік;
– Әлеуметтік психологиялық дайындық: баланың басқа балалармен,
мұғаліммен еркін қарым-қатынасының болуы. (айналасымен тез тіл табысу,
басқалардың пікірімен санаса білу);
– Физиологиялық дайындық: бала ағзасының негізгі жүйелерінің даму
деңгейі мен денсаулығы арқылы анықталады. Баланың ақыл-ойы жетік
дамығанымен, денсаулығы әлсіз болса, білімді игеру мүмкіндігі төмендейді.
Баланың физиологиялық дамуы, денсаулығының жай-күйі туралы мәліметті
медицина қызметкерлері ғана береді.
Баланың мектепке дайындығының психологиялық бір белгісі оның
оқуға деген қарым-қатынасы болып табылады. Себебі, баланың таным
процестерінің даму көрсеткіші жақсы болып, ол үлкендермен және басқа
балалармен бірлесе әрекет жасай алатындай болған күнде де, баланы
мектепке толық дайын деп айтуға болмайды.
Мектеп – баланың дамуының жақсы жақтарын жүйелі қалыптастырып
отыратын негізгі орын. Мектептік өмір балалардың мінез-құлқының
208
ISSN 1811-1831. Вестник ПГУ
209
серия
ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ. 2015. №3
қалыптасуында шешуші рөл атқарады. Бала мектепке келгенде физиологиялық
және әлеуметтік жағынан жетілген, ақыл-ой және эмоционалдық-еріктік
дамуы белгілі бір дәрежеге жеткен болуы керек. Оқу іс-әрекеті қоршаған
орта туралы белгілі бір білімнің болуын, қарапайым түсініктердің
қалыптасқандығын талап етеді. Балада ойлау операциялары болуы керек,
қоршаған орта заттары мен құбылыстарын жалпылай және жекелей білуі
керек, өз іс-әрекетін жоспарлап, өзін-өзі басқара білуі керек. Баланың
оқуға деген жағымды қатынасы, мінез-құлқын өзі реттеуі және берілген
тапсырманы шешуде ерік күшін көрсете білу қабілеті маңызды болып
келеді. Сонымен қатар вербальды қарым-қатынас жасау іскерлігі, қол
моторикаларының дамуы да маңызды болып келеді. Сондықтан «баланың
мектепке даярлығы» деген түсінік – кешенді, кең ауқымды және бала өмірінің
барлық сферасын қамтиды.
Баланың оқуға даярлығының мәнін, құрылымын және компоненттерін
түсінуге байланысты оның негізгі критериилері мен параметрлері
анықталады. Бірақ мектепке келген балалардың әрқайсысының қабілеттері
мен даму деңгейлері әр түрлі, бұл дегеніміз мектепте оқуға дайын балалармен
қатар мектепте оқуға әлі де дайын емес балалар да келеді. Олар өз іс-
әрекеттерін жоспарлай және бақылай алмайды, оқу мотивациясы төмен,
басқа адамды тыңдай алмайды және ұғым формасындағы логикалық
операцияларды орындай алмайды. Көп жағдайларда мұндай мектепке дайын
болмау педагогикалық босаңсуға әкеліп соғады да, мұғалімдерге олармен
жұмыс істеу қиынға соғады.
Қазіргі заманда 6 жасар балаларды мектепке оқытуға дайындау өзекті
мәселелердің бірі болып табылады. Алты жасар баланың алғаш рет мектепке
келуі – балаға да және оның ата-анасына да өте жауапкершілікті кезең болып
саналады. Оқу әрекетіне еш ауыртпалықсыз әрі табысты кірісіп кету үшін
баланың дені сау және жан-жақты даярланған болуы қажет.
Мектепте оқу – бала өміріндегі әр түрлі жүктемесі бар ең маңызды
кезеңге жатады: бала өміріндегі әлеуметтік-психологиялық өзгерістер – жаңа
қарым-қатынастар, жаңа міндеттер, «оқушының» жаңа әлеуметтік рөлі.
Оқушы болу баланы саналы түрде өзінің орнын, мұғалімнің позициясын,
қарым-қатынастағы белгіленген ара қашықтықты, осы қарым-қатынастар
құрылатын ережелерді талап етеді. Мұнда баланың мектепке бейімделуінің
бірінші кезеңінде баланы бірге алып жүретін адамдар – мұғалімдер мен ата-
аналар қандай іс-әрекеттерді таңдайтындығы; қандай да бір қиын жағдайда
тиімді әрі дер кезінде психологиялық қолдау көрсету мүмкіндіктерінің қалай
болатындығы өте маңызды рөл атқарады. Әсіресе алғашкы күндер (кейбір
балалар үшін алғашқы айлар) қиын болады. Бұл уақытта жаңа жағдайға
бейімделудің қиын үдерісі жүріп жатады. Бейімделу кезеңінде баланың
ұйқысы бұзылады, тәбеті тартпайды, ашушаңдық, мазасыздық, тұйық
мінезділік, жылау, балаға тән емес көп сөйлегіштік немесе сөзге сарандық
және т.б. өзгерістер болады. Бұлардың барлығы жүйкесінің шаршауының
сыртқы көрінісі болып табылады, бірақ бұл өзгерістер уақыт өте келе
қалпына келеді, балалар мектеп өміріне үйренеді, аз шаршайды; көңіл-
күйлері көтеріңкі жүреді, ата-аналарымен, құрдастарымен еркін араласады,
тапсырмаларды орындауға тырысады. Көптеген балалардың мектепке
бейімделу үдерісі осылайша орын алады. Ал кейбір балаларда жаңа жағдайға
бейімделу аса ауыр міндет болып табылады: олар жиі әрі ұзақ ауырады,
ауырғаннан кейін ағзалары әлсіреп, қарсы тұру қабілеті төмендейді.
Неліктен көптеген балалар оқудың алғашқы кезеңін бұлай қабылдайды?
Мәселе өте күрделі. Балалардың мектепке бейімделу ерекшеліктерінің
басты себептердің бірі – баланың денсаулық жағдайы, биологиялық жетілу
деңгейі, сондай-ақ оқыту үдерісіне қажетті сол біліктер мен әрекеттердің
дамуы болып табылады.
Баланың мектепке бейімделуіне негізгі үш жақты қиындық әсер етеді:
Біріншісі, мектептің жаңа күн тәртібі – ерте ұйқыдан тұру, тыныш
отыру, сабақтан қалуға болмайды, дер кезінде сабақта орындау және т.б.
Мұндай дағдылар балада бұрын қалыптаспағандықтан, олар шамадан тыс
шаршайды, сабақтан қалғысы келіп тұрады , мазасызданады және т.б. Көбіне
алты-жеті жастағы балаларда өзіндік әдеттердің алғышарттары қалыптаса
бастағандықтан, кейбір жаңа құбылыстарға бейімделу қиынға соғады. Ең
бастысы, мұғалім мен ата-ана осы жағдайларды дұрыс ескергендері маңызды.
Екіншісі, баланың мектеп мұғалімімен, құрбыларымен және отбасымен
өзара қатынасына байланысты туындаған мінез-құлықтар. Жай ғана
мейірімділіктен мұғалім өзінің авторитарлық стилі: қаталдық, мінез-құлықта
қажетті әрекеттердің орындалуын талап етуші болып көрінеді. Ол үнемі
баланың жұмысын бағалап отырады. Кей жағдайда бала өзін құл ретінде
сезінуге дейін барады. Нәтижесінде кейбір балалар жасқаншақ, ал біреулері
үйде басқа, ал мектепте мүлдем басқаша қылық көрсетеді. Кейбір оқушылар
жаңа ортада өздерін дұрыс меңгере алмай, басқа балалармен танысуы бірден
болмағандықтан, өзін жалғыз сезінеді. Тәжірибелі мұғалім барлық балаларға
бірдей талап қояды, бірақ әр баланы жеке-жеке қадағалайды. Бала мектепке
келгеннен соң оның үйдегі орны да өзгереді. Оның міндеттері де және
құқықтары да жаңаша құрылады. Мысалы: оның сабақ орындауына ерекше,
бөлек уақыт қажет болғандықтан, үлкендер оның күн тәртібімен санасады.
Үшіншісі, бірінші сынып оқушылары оқу жылының ортасына қарай
сезінеді. Олар басында мектепке бірден жүгіріп, уақытынан ерте баратын
болса, кейіннен ересектердің ықпалымен ғана барады. Өздерінің әрбір алған
бағасына қуанып, сабақты қызығушылықпен орындаса, осы кезеңде оқу
үлгерімі төмендейді және бейжайлыққ ауысады. Мұғалімдер бұл кезеңде
оқушымен сыртқы жағдайларына да әсер ететін тапсырмалар береді.
|