Пму хабаршысы


ISSN 1811-1831. Вестник ПГУ



Pdf көрінісі
бет10/21
Дата11.01.2017
өлшемі1,78 Mb.
#1617
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21

94
ISSN 1811-1831. Вестник ПГУ
95
серия
 ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ. 2015. №3
fоr rеаdіng (Іntrо, Bооks 1-4). 3rd еd. Bоstоn: Hеіnlе ЕLT. 2013b. Dеvеlоpіng 
еngаgеd L2 rеаdеrs. Іn Tеаchіng Еnglіsh аs а sеcоnd оr fоrеіgn lаnguаgе, еd.  
M. Cеlcе-Murcіа, D. M. Brіntоn, аnd M. А. Snоw. 4th еd. Bоstоn: Hеіnlе Cеngаgе. 
Bаmfоrd, J., аnd R. R. Dау, еds. Еxtеnsіvе rеаdіng аctіvіtіеs fоr tеаchіng 
lаnguаgе. – Cаmbrіdgе : Cаmbrіdgе Unіvеrsіtу Prеss, 2004. 
Blаchоwіcz, C., аnd D. Оglе. Rеаdіng cоmprеhеnsіоn: Strаtеgіеs fоr 
іndеpеndеnt lеаrnеrs. 2nd еd. – Nеw Уоrk : Guіlfоrd Prеss, 2008. 
10 Cоhеn, J. Buіldіng fluеncу thrоugh thе rеpеаtеd rеаdіng mеthоd. – Еnglіsh 
Tеаchіng Fоrum 49 (3) : 20-27. – 2011.
11 Grаbе, W. 2009. Rеаdіng іn а sеcоnd lаnguаgе: Mоvіng frоm thеоrу tо 
prаctіcе. – Cаmbrіdgе : Cаmbrіdgе Unіvеrsіtу Prеss, 2010. // Fluеncу іn rеаdіng 
– thіrtу-fіvе уеаrs lаtеr. Rеаdіng іn а Fоrеіgn Lаnguаgе 22 (1) : 71-83. 
Material received on 07.09.15.
М. Қ. Қазбекова
Ағылшын  тілі  сабағында  түсіне  оқытуда  метакогнитивті 
стратегияларын қолдану
Л. Н. Гумилев атындағы 
Еуразия Ұлттық Университеті, Астана қ.
Материал 07.09.15 баспаға түсті.
М. К. Казбекова
Использование  метакогнитивных  стратегий  в  понимании 
прочитанного на уроке английского языка
Евразийский национальный университет  
имени Л. Н. Гумилева, г. Астана. 
Материал поступил в редакцию 07.09.15.
Бұл  мақалада  автор  сабақта  оқудың  түсіну  үдерісіндегі 
метакогнитивтік  стратегияларды  пайдалану  бойынша  өзекті 
мәселелердің шолуын жүргізіп отыр. Оқыған мәліметтің түсінушілігі 
аса маңызды рөлді атқарады, өйткені ол оқудың жалғыз мақсаты 
болып  табылады.  Біз,  мақалада  немесе  кітапта  жазылған 
ақпаратты, оның мазмұнын түсіну үшін оқимыз. Алайда, Сіз өзіңізге: 
Біз оқығанда қалай түсінеміз немесе басымызда не болып жатыр, 
– деген сұрақты қойдыңыз бе? Осы мақалада біз ақпаратты қалай 
түсінетінді  талқылаймыз.  Біз,  қазіргі  кезде  оқудың  түсінушілігі 
үдерісі барысында білетін барлық қадамдар туралы егжей-тегжей 
әңгімелесеміз.  Бұдан  маңызды  не  бар,  мақаланың  авторлары  оқу 
кезіндегі метакогнитивтік стратегияларды қолдануды ұсынады, бұл 
студенттерге материалдың мәтінін түсінуге көмектеседі.
В данной статье автор проводит обзор важных вопросов по 
использованию метакогнитивных стратегий в обучении пониманию 
чтения на уроке. Понимание прочитанного играет самую важную 
роль, поскольку оно является единственной целью самого чтения. 
Информацию, представленную в статье или книге, мы читаем, чтобы 
понять его содержание. Но вы когда-нибудь задавались вопросом, как 
мы понимаем или то, что происходит в нашем мозгу, когда мы читаем? 
В этой статье мы рассмотрим то, как мы осмысливаем информацию. 
Мы будем говорить подробно обо всех шагах, которые мы знаем сейчас 
при процессе понимания прочитанного. Что еще более важно, в статье 
авторы рекомендуют применять метакогнитивные стратегии при 
чтении, что поможет студентам понять текст материала.
ӘОЖ 378.4
Э. І. Қалиева
пед.ғ.к., доцент, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік 
технологиялар және инжиниринг университеті, Ақтау қ.
ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕГІ ЖОБАЛЫҚ ОҚЫТУДЫҢ 
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мақалада еліміздің жоғары мектеп тәжірибесінде жобалық 
оқытуды жүзеге асыру мәселесінің маңыздылығы қарастырылған. 
Осы  орайда  автор  жобалық  оқытуды  ұйымдастырудағы 
шетелдік жоғары мектеп тәжірибесін және бұл оқыту түрінің 
технологиялық ерекшеліктерін негізге алып отыр. Жобалық оқытудың 
артықшылықтарына оқу үрдісінің тәжірибеге барынша көп жақындауы, 
білім алушылардың білім алудағы позициясының өзгеруі (жаңаны өз 
бетінше танып, ашады, ойластырады және сол білімді іс жүзінде 
қолданады), олардың жан-жақты әлеуметтік өзара әрекеттесуі, 
топтық ойлау стилі мен әрекеттерінің қалыптасуы, жобаны ұжымдық 
жүзеге асыру үрдісін басқару мүмкіндігі жатады. Сонымен қатар 
жоғары оқу орнында студенттердің педагогикалық білімді меңгеру 
барысында жоба әдісін пайдалану тәжірибесі келтірілген.
Кілтті сөздер: жоғары мектеп, жобалық оқыту, оқу үдерісі, білім 
алушылар, топтық ойлау стилі, педагогикалық білім.
Замануи қоғам жоғары білімді мамандарға ерекше талаптар қоюда, 
олардың  арасында  әсіресе,  шығармашылық  зерттеушілік  потенциалдың 

96
ISSN 1811-1831. Вестник ПГУ
97
серия
 ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ. 2015. №3
қалыптасуы ерекше орын алады. Ойлаудың мұндай стилін қалыптастыру 
педагогикалық ғылымда ЖОО-дағы білім беру үрдісінде оқытудың жаңа 
технологияларын  пайдаланумен  байланыстырылады.  «Инновациялық» 
технологиялар деп аталатындардың көбісінің бұрын отандық білім беру 
жүйесінде  қандай  да  болсын  үлгіде  қолданылғанын,  бірақ  бірқатар  
себептермен тұрақты еңгізілмегенін ескерген жөн. Осылардың қатарында 
жоба әдісі де бар. 
Жоба әдісі әлемдік педагогикада  әлдеқашан белгілі болған. Жобалық 
оқытуды  ұйымдастырудағы  шетелдік  ЖОО-ның  тәжірибесі  неғұрлым   
қызығушылық  тудырады.  Финляндия,  Дания,  Швеция  жоғары  оқу 
орындарында  жобалық оқыту былайша жүзеге асады. Біріншіден,  семестрлік 
топтық жобаны міндетті орындау, екіншіден бірлескен жоба аясындағы  
студенттің топтық жұмысын, сондай-ақ оны жүзеге асырудағы жеке үлесін 
бағалау талап етіледі.
Жобалық оқытуды жүзеге асыруда дәстүрлі дәріс, семинар сабақтармен 
қатар  мынадай  ұйымдастыру  түрлері  де  орын  алады:    шығармашылық 
шеберханалар, лабораториялар  және жобалау бюросы.
Шетелдік білім беру тәжірибесін талдау көрсеткендей  инновациялық 
университеттер  болашақ  мамандарды  дайындауда  жобалау  дағдыларын 
қалыптастыруды ең маңызды міндет етіп қояды. Негізінде топтық жоба 
жұмыстары оқытудың барлық мерзімі барсында жүзеге асады. Сонымен 
бірге,  оның  білім  беру  үрдісіндегі  үлесі  біртіндеп  артып  отырады  
(25-тен 75 пайызға дейін). Семестрдің басында оқытылатын жалпы білім 
беретін және  арнаулы пәндер мазмұнына жобаға қатысты мәселер енгізіледі. 
Бұл білім алушыларды жоба жұмыстарына дайындауға мүмкіндік береді. 
Сонымен қатар бірлескен топтық жұмыстарға үйрету үшін студенттерге 
кіріспе семинарлары мен тренингтер ұйымдастырылады.
Топтар  өз  ілгерілеуін  жоба  тақырыбы  бойынша  шығармашылық 
есеп, презентациялар жасау арқылы көрсетеді. Бұл нәтижелер студенттер 
аудиториясында  белсенді  талқыланады.  Сонымен,  жоғары  оқу  орнында 
білім  алушылардың  академиялық,  кәсіптік  және  әлеуметтік-тұлғалық 
құзыреттіліктерін  қалыптастыруға  мүмкіндік  беретін  университеттік 
орта қалыптасады. Жоба жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында әр топқа 
оқытушы бекітіледі. Ол студенттерге консультация беріп, іс-әрекеттерін  
реттейді.
Шетелдік  тәжірибеде  топтық  жобаға  ерекше  назар  аудара  отырып,  
студенттерді жобалау әрекетіне бейімдеу ісі бірінші курста басталса, отандық 
тәжірибеде  зерттеушілік  және  жобалау  әрекеттерімен  танысу  жоғары 
курстарда басталатыны белгілі.  Және мұнда ұжымдық жобалардан басым 
болатын жеке жобаларға аса мән беріледі. 
Жоғары мектеп жұмысына жобалық оқытуды  ойдағыдай енгізу білім 
беру  үдерісінің  құрылымы  мен  мазмұнын    бірізді  жаңарту,  ЖОО-дағы 
оқытуда бар стереотиптерден арылумен  байланысты екендігі анық.
Сонымен, XX ғ. басында Дж. Дьюидің прагматикалық педагогикасы 
негізінде пайда болған жоба әдісі қазіргі заманғы ақпараттық қоғамда ерекше 
маңызға ие болуда. Бүгінгі таңда еліміздің жоғары оқу орындарында жобалық 
оқытуға деген  қызығушылық едәуір арта түсті. Бұл әдістің мәнін түсіну, 
оны заманның және жоғары оқу орындары қызметіндегі жаңа талаптарына    
сай  коррекциялау істері  жүзеге асып келеді.
Қазіргі  кезде  «жоба  әдісі»  дидактикалық  ұғымына  көптеген 
анықтамалар берілген. Оны педагогикалық технология  (Е. С. Полат), оқыту 
әдісі (А. Н. Щукин, Э. Г. Азимов), білім алушылардың өзіндік іс-әрекеттерін 
ұйымдастыру тәсілі (З.Х. Ботамева) деп түсіндіреді.  
Е.  С.  Полат  өзінің  «Новые  педагогические  и  информационные 
технологии  в  системе  образования»  (2005)  атты  еңбегінде  жобалау 
жұмысын 7 «П» принципі  негізінде жүзеге асыруды ұсынды: проблема 
(жобаның  тақырыбын,  проблемасын,  болжамын,  мақсаттарын  анықтау);  
проектирование (топтарды құру, тапсырмаларды бөлу, міндеттерді белгілеу); 
планирование (зерттеу міндеттерін, ақпарат көздерін анықтау, жобаның 
мазмұнды  бөлімін  құрылымдау,  соның  ішінде  әр  кезеңнің  нәтижесін 
белгілеу  және  рөлдерге  бөлу);  поиск  информации  (білім  алушылардың 
зерттеу іс-әрекеті - жобаның міндетті шарты ретінде);  продукт (жобаның 
нақты нәтижесі: баяндама, альбом, жинақ, фильм және т.б.); презентация  
(өнімді ұсынып, таныстыру және жобаны қорғау,  оппоненттеу); портфолио  
(барлық жұмыс материалдары жинақталған папка: жоспар, зерттеу және 
талдау нәтижелері,  презентация материалдары т.с.с. [1].
Теориялық  зерттеулердегі  авторлардың жобаны дайындау кезеңдерін 
анықтау  жөніндегі  көзқарастары  сәйкес  келеді.  Олар  4  кезеңді  атайды: 
ұйымдастырушылық-дайындық (топтарды кұру, тақырыпты таңдау және 
т.б.); жоспарлау (жоспар құру, тезистер жасау және т.б.); технологиялық 
(топтағы  болжамды  растау  немесе  жоққа  шығаратын  фактілерді  іздеу 
жұмысы және т.б.); қорытындылау (нәтижелерді рәсімдеу,  көпшілік алдында 
презентациялау,  талқылау, өзіндік рефлексия және т.б.). 
Жобалық оқыту проблемасы жөнінде зерттеу тәжірибесіне негізделе 
отырып,  жобаны  жасаудың  әдістемелік  үлгісін  ұсынамыз,  негізі  мұнда 
оқытушы  мен  білім  алушылардың  іс-әрекеттер  жүйесі  қарастырылады 
(1-кесте).

98
ISSN 1811-1831. Вестник ПГУ
99
серия
 ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ. 2015. №3
Кесте  1  –  Жобаны  дайындаудағы    оқытушы  мен  білім  алушылардың  
іс-әрекеттер жүйесі
Оқытушының 
қызметі
Кезеңдер
Білім 
алушылардың 
қызметі
Жұмыс түрі
Сөйлеу жанры
Студенттерді 
біріктіру  
бойынша 
ұйымдастыру 
жұмысын 
жүргізеді 
(шығарма- 
шылық топтар-
ды құру: белгілі 
бір мәселеге 
қызығушылық- 
тарының болуы  
немесе оқу 
үлгеріміне 
қарай).
Мәселені қояды. 
I. Даярлық кезең
а) шығарма- 
шылық топтар-
ды құру
Студенттер өз 
қызығушы- 
лықтарына 
қарай топта-
лады.
Сабақта 
оқытушының 
басшылығымен 
(10-15 мин.)
Оқытушының 
сөзі, диалог
Оқытушы 
тақырыптарды 
бірлесе 
таңдауды 
ұсынады. 
Талқылауға 
қатысады.
б) тақырыпты 
таңдау;  
жобаның түпкі 
ойын, мақсаты 
мен міндеттерін 
анықтау
Студенттер 
оқытушының 
ұсынған 
тақырыптарын 
таңдайды, оны 
талқылап, тал-
дайды немесе  
өздерінің 
нұсқаларын 
ұсынады
Оқытушының 
басшылығымен
Әңгіме
Оқытушы 
жеке тақырып-
шаларын 
белгілеп, ұсы-
нады. Оларды 
талқылауға 
қатысады. 
Тезистерді 
құруға көмек- 
теседі, студент-
терге бағыт 
беріп отырады.
в) мәселелерді 
ұсыну, жеке 
тақырып- 
шаларды 
белгілеу, 
бастапқы 
тезистерді құру
Студенттер 
ұсынылған жеке 
тақырып- 
шаларды 
қарастырып, 
талқылайды. 
Оларға 
негізделеді  
немесе өз 
тақырыпша-
ларын ұсынады
Оқытушының 
басшылығымен
Тезистер
Оқытушы 
консультация 
береді, түзетулер 
жасайды, оқу 
диалогын 
ұйымдастырады. 
Шағын топтарға 
алдын-ала 
тапсырмалар 
дайындай-
ды, қажетті 
әдебиеттерді 
таңдап алады. 
Оқытушы сту-
денттермен бірге 
жоба тақырыбы 
бойынша жеке 
тақырып- 
шаларын 
талқылауға 
қатысады.
II. Жобаны 
жүзеге асыру 
(орындау) 
кезеңі.
а) ресурстар-
ды анықтау, 
жобадағы өз 
орны мен рөлін 
анықтау
Студенттер 
материал 
жинақтайды. 
Өз бетімен 
жобаның 
мақсатын 
белгілейді. Ма-
териалдарды 
жинап, талдайды 
және жүйелейді, 
тезис-терді  
дайындайды. 
Студенттер жеке 
тақырып- 
шаларды 
белсенді  түрде 
талқылайды, 
өзіне рөл 
таңдайды.
Өз бетінше, ау-
диториядан тыс, 
топтық жұмыс
Жоба жоспары
Оқытушы 
студенттерді 
бағыттайды, 
қажетті және 
маңызды 
ақпаратты ойла-
рына салады, 
консульта-
ция береді, 
үйлестіреді.
б) зерттеу 
әдістерін таңдау
Студенттер 
мәселедегі 
себеп-салдарлық 
байла-ныстарды 
анықтайды.
Өз бетінше, ау-
диториядан тыс, 
топтық жұмыс
Мәтінмен 
жұмыс (талдау, 
синтез, жалпы-
лау)
Оқытушы 
консульта-
ция береді, 
үйлестіреді және 
бағыт береді. 
Қатысушы 
рөлінде болады.
в) студенттердің 
өз топтарында 
жеке тақырып-
шалармен, жоба 
тапсырмалары-
мен жұмысы
Студенттер 
фактілер мен 
мысалдар 
келтіреді, 
дәлелдер іздейді, 
мәселені шешу 
нұсқаларын 
салыстыра-
ды, табылған 
материалды 
құрылым-дайды.
Өз бетінше, ау-
диториядан тыс, 
топтық жұмыс
Конспект, 
дәйексөздерді 
іріктеу
Оқытушы 
консульта-
ция береді, 
үйлестіреді, 
бақылаушы 
рөлін атқарады.
г) пайда болған 
шығармашылық 
өнімді немесе 
мәтінді ресімдеу
Студенттер 
шағын топта-
рында алынған 
материалды 
ресімдейді.
Өз бетінше, ау-
диториядан тыс, 
топтық жұмыс
Шағын жоба-
ның жоспары, 
тезистер, пре-
зентация және 
т.б.

100
ISSN 1811-1831. Вестник ПГУ
101
серия
 ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ. 2015. №3
Оқытушының  
алғашқы  
тексеруі, ма-
териалды ре-
дакциялайды,  
қажет болса  
нақтылайды, 
кем-шіліктерін 
көрсетеді. Жи-
налған матери-
алды жүйе-леуге 
көмектеседі.  
Ша-ғын топ 
жобасының 
жос-пары мен 
сөйлеу мәтініне  
түзетулер жа-
сайды. 
III. Топ ішінде  
алғашқы  пре-
зентациялау 
кезеңі
Студенттер 
дайындаған 
интеллек-
туальдық 
өнімін алғаш 
рет өз тобын-
да ұсынады 
(презентация, 
мәтіндер, ке-
сте, сұлба т.б.). 
Әдебиеттерді 
талдап, 
сілтемелер жа-
сайды
Оқытушының 
басшылығымен 
консультация
Көпшілік ал-
дында сөйлеу: 
пікірсайыс, ха-
барлама, презен-
тация негізіндегі 
баяндама, та-
рихи анықтама, 
бейнеролик, 
әңгіме, ... хат, ... 
туралы сөз және 
т.б.
Оқытушы экс-
перт рөлінде бо-
лып, ұсынылған 
презен-тацияны, 
студенттердің  
баяндамаларын  
бағалай-ды. 
IV. Көпшілік 
алдында қорғау 
кезеңі 
Студенттер өз 
жұмысы-ның 
соңғы нәтижесін 
көрсетеді.
Сабақта
Оқытушы 
сабақты қоры-
тындылайды, 
студенттер-дің 
жұмыстарын 
талдап, 
бағалайды.
V. Рефлексия 
кезеңі
Студенттер 
өздерінің ба-
яндамалары,   
жобаны жасау  
барысындағы 
рөлдері туралы 
өз пікірлерін 
білдіріп, талдай-
ды (өзін-өзі 
бағалау жә-не 
өзара бағалау 
іскерлігі)
Талдау, өзін-өзі 
талдау, диалог, 
комментарий
Оқытушы 
тьютор рөлін 
атқарады. 
VI кезең. Жоба 
қорытындысы- 
«тақырыптық  
портфолио»
Студенттер 
жобаның 
ресімделген 
өнімін мәтін 
түрінде ұсынады 
(эссе, жазба, 
ғылыми хабар-
лама, баяндама 
және т.б.). Жаңа 
мәсе-лелер, 
болжамдар ұсы-
нылады.
Аудиториядан 
тыс жұмыс (кон-
сультация, жеке 
немесе топтық 
сынақ және т.б.)
Тақырыптық 
портфолио, бей-
нефильм және  
т.б.
Ендеше, жоба әдісінің  бірқатар артықшылықтарын анықтап көрейік:  
оқу  үдерісі  тәжірибеге  барынша  көп  жақындайды;  білім  алушының 
білім алудағы позициясы өзгереді, өйткені ол жаңаны өз бетінше танып, 
ашады,  ойластырады  және  сол  білімді  іс  жүзінде  қолданады  [2];  білім 
алушыларды  жобаға  дайындық  кезеңінде  тиімді  шешімді  ойластырып 
іздеуге және қабылдауға мәжбүр етеді; жоба қатысушыларының топтық 
жұмыс барысында  кең және көпжақты өзара әрекеттесуі жүзеге асады, 
топтық ойлау стилі қалыптасады; олар ақпараттық және коммуникативті 
құзыреттіліктерін жетілдіру мүмкіндігіне ие болады, сонымен бірге кәсіби 
құзыреттіліктерін қалыптастыруға әсер ететін жағдайлар  жасалады; білім 
алушылардың  қажетті ақпаратты шығармашылықпен меңгеруі жүзеге асады; 
жобаны ұжымдық жүзеге асыру үрдісін басқару  мүмкіндігі [3].
Нақты  айтқанда,  жоба  әдісі  оқу  үрдісін  жеке,  дараландыруға  және 
оны  неғұрлым қарқынды етуге және  білім алушыларға оқытудың соңғы 
нәтижесіне жетудегі жұмыс темпін таңдауға  мүмкіндік береді, сондай-ақ  мұндай 
жағдайда оқу іс-әрекеті ізденушілік және шығармашылық сипатта болады [4].
Мысал ретінде педагогика мамандығының бірінші курс студенттеріне  
(болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдері)  «Педагогикалық    мамандыққа 
кіріспе» курсын оқыту барысында жоба әдісін қолдану үлгісін  келтірейік. 
Студенттерге төмендегі тақырыптар ұсынылады (таңдау бойынша): 
1. «Педагог мамандығы жайында жаңа білімім» (мұнда мыналар орын 
алуы мүмкін: педагогтардың ой-пікірлері, мектеп мұғалімдерімен сұхбат, 
газет пен журналдардың  қиындысы және т.б.); 
2.  «III  мыңжылдықтағы  мұғалім»  (мұнда  педагогикалық  қызметтің 
ерекшеліктері,  жеке  тұлғалық  қасиеттері  көрсетіледі  және  болашақ 
педагогтарға  кеңес, ұсыныс беріледі);
3. «XXI ғасырдағы мектеп»; 
4. Тақырыпты студенттердің өздері тұжырымдайды. 
Есеп  беру  формасы:  газет,  журнал,  педагогикалық  оқу  орнының 
жарнамасы,  кітапша,  электронды  презентация,  сахналау    және  т.б.  Әр 
тақырып микрозерттеуді қажет етеді. Студенттер тапсырмаларды орындау 
барысында  зерттеу  бағдарламасын  құрып,  мақсаты  мен  міндеттерін 
белгілейді, қажетті сауалнамалар дайындайды, алынған  мәліметтерге түсінік 
береді, зерттеу нәтижелері негізінде мәтінді дайындап, ресімдейді (кесте, 
диаграмма, графиктер енгізіледі). Мысалы, бір топтың дайындаған «Біздің 
педагогикалық  ұстанымыз»  атты  кітапшасы,  мұнда  тақырып  мазмұнын 
ашатын қысқаша мәтіндер, суреттер мен фотосуреттер қамтылған. Алдымен, 
«миға шабуыл» әдісі негізінде кітапшаның үлгі жоспары әзірленді:  Не 
себептен мұғалім мамандығын таңдадық?; Мұғалім мамандығы жайында 
қандай  жаңа  мәліметтер  алдық?;  Қазіргі  мұғалім  бейнесі;  Мұғалім 
мамандығындағы  шығармашылық; Мансап баспалдағы және т.б.

102
ISSN 1811-1831. Вестник ПГУ
103
серия
 ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ. 2015. №3
Әр  топтың  жұмыс  барысында  белсенділігі  пен  қызығушылығы, 
материалдарын  ұсыну  мен  ресімдеудегі  өзгешілігі  байқалады,  сонымен 
қатар  студенттердің  кәсіби-тұлғалық  құзыреттілік  туралы  түсініктері 
қалыптасады.  Осылайша,  жобалау  әрекеті  жеке  тұлғаны  пән  негізінде 
дамыту мүмкіндігімен қамтамасыз ететіні анық. Жоба әдісі оқытудың кейінгі 
курстарында да өз маңыздылығын жоймайтыны белгілі. Тек әр курс сайын 
студенттердің кәсіби бағыттылығы жетіліп отыруы  қажет. Бұл өз кезегінде 
олардың нәтижелі оқуында уәжді фактор ретінде  болмақ.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1  Новые  педагогические  и  информационные  технологии  в  системе 
образования / под ред. Е. С. Полат. – М., 2005. – 272 с.
Позднеева, С. И., Кузнецова, Т. В. Проектная деятельность в практике 
учителя начальной школы //Вестник ТГПУ. Сер. Педагогика. – 2006. – Вып. 
10 (61). – С. 65-66.
Боков, Л. А.  Технология группового проектного обучения в вузе как 
составляющая методики подготовки инновационно-активных специалистов 
//Современные проблемы науки и образования. – 2013. – № 6. – С. 56-64.
4 Бобиенко, О. М. Ключевые компетенции профессионала: проблемы 
развития  и  оценки.  Казань  :  Изд-во  КазГУ  им.  В.  И.  Ульянова-Ленина, 
2006. – 146 с.
Материал 07.09.15 баспаға түсті.
Э. И. Калиева
Технологические  особенности  проектного  обучения  в  высшем 
образовании
Каспийский государственный университет 
технологий  и инжиниринга имени Ш. Есенова, г. Актау.
Материал поступил в редакцию 07.09.15.
E. I. Kaliyeva 
Technological features of the project-oriented study  in higher education
S. Yesenov Caspian State University of Technologies and Engineering, Aktau.
Material received on 07.09.15.
В  данной  статье  подчеркивается  значимость  проблемы 
использования проектного обучения в высшей школе, опираясь на 
зарубежный опыт приобщения студентов к проектной деятельности 
и  технологические  особенности  этого  вида  обучения.  К  числу 
достоинств  проектного  обучения  автор  относит  возможность  
максимального  приближения  процесса  обучения  к  практике, 
изменения  позиции  учащегося  в  образовании  (сам  познает,  сам 
открывает,  осмысливает  и  применяет  полученные  знания),    
разностороннее социальное взаимодействие участников проекта, 
формирование группового стиля мышления, возможность управления 
процессом коллективной реализации проекта. Приводится опыт его 
использования при усвоении студентами педагогических знаний в вузе.
The present article determines the significance of the project-oriented 
study at high school, taking into account foreign experience in involving 
students into the project-oreinted activity and technological peculiarities of the 
study. The author points out the following advantages of the project-oriented 
study: a possibility of maximum proximity of the study process to practice, 
changing of the student’s point of view (he realizes, reveals, applies himself), 
social interactions between project participants, group-style thinking forming, 
management of collective realization process. The experience of using the 
method by students, while taking pedagogical knowledge is revealed.
UDC 372.8:811.111
G. Karlkyzy
student, L. N. Gumilyov Eurasian National University, Astana
МODERN PEDAGOGICAL BASIS 
OF GAME METHODS REALIZATION 
IN ENGLISH CLASSES OF 7
TH
 GRADE
In the given article the author examines the role and place of game 
technologies in teaching English, their advantages and disadvantages, 
gives the classification of language games and examples of tasks to use 
in classes of 7
th
 grade.
Key words: language games, game methods, classification of games, 
teaching English, compulsory education, 7
th
 grade.
Contemporary  stage  of  teaching  foreign  languages  is  characterized  by 
dynamic variable and resourceful approach. The necessity to bring the studying of 
a language in the correspondence with requirement of the modern world demands 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет