Поэмасы. «Абай қазақ әлемінің терезесі»


Жауабы: И.А.Крыловтан аударған 6.Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе… Кімнің қай өлеңінен алынған үзінді? Жауабы



бет2/10
Дата28.12.2022
өлшемі32,83 Kb.
#60009
түріПоэма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Абай даналығы[1]

Жауабы: И.А.Крыловтан аударған
6.Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе…
Кімнің қай өлеңінен алынған үзінді?
Жауабы: С.Торайғыровтың «Асыл сөз» өлеңінен алынған үзінді
10. Абайдың қанша қарасөзі бар
Жауабы: 45
Ендеше Абай кім?
Абай –ақын.
Ендеше, мен сіздерге ақынның «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңін тыңдап көріңіздер.
Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол — ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы?
Ескі бише отырман бос мақалдап,
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.
Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел,
Сендерге де келейін енді аяңдап.


Абай –аудармашы.

Абайдың Лермонтовтан аударған шығармасын тыңдаңыздар.


Мұғалім.Абай ақындық өнермен қатар әншілік, сазгерлік өнерді де жоғары бағалаған. Абайдың өзі шығарған 20-дан аса өлең-әні бар. «1889 жылы А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романын өлеңмен аударды, ол қазақ даласына «Татьянаның әні» болып таралды.
Абай шығарған «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы», «Қор болды жаным», «Бойы бұлғаң», «Айттым сәлем, Қаламқас» сияқты әсем әндері бар. Абайдың сырлы әндерінің бірі «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін Алисаның орындауында тыңдаңыздар.
Мұғалім .Абай шығармаларының тағы бір өзгеше саласы — дастандары. Абайдан қалған үш дастан бар. Олар «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі» Соңғысы аяқталмаған.Ақынның дастандары ақынның бұрынғы шығармаларындай қазақ өмірінің шындығын суреттеуге құрылмаған. Шығыс халықтарының аңыз, ертегілері сюжетіне дастан үлгісінде жазылған. Оқиғалары шағын, көлемі аз келеді. Аңыздарды ақын, көбінесе, өзіне қажет ұстаздық, тәрбиелік ой-мақсаттарға бейімдеп, көпке үлгі етуді ойлаған.
Мұғалім
«Сегіз ұлым бір төбе, Ер Төстігім бір төбе» дегендей, Абайдың әр дастаны бір төбе, сондықтан біз бүгін тек бір дастанына тоқталамыз. Ол — «Ескендір» дастаны. «Ескендір» дастаны — Абайдың гуманистік көзқарасын тереңірек танытатын елеулі сюжетті туындысы. Ескендірді Еуропа ақындары да, Шығыстың Фирдоуси, Низами Әлішер,Науаи, Жәми сияқты ұлы ақындары да жырларына косқан. Абай бұл тақырыпты ескі үлгінің ешқайсысын алмай, өзінше жырлаған.
Абай, Осы «Ескендір» дастаны қалай басталатын еді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет