Поэмасы. «Абай қазақ әлемінің терезесі»


-көрініс. Ескендір рөлінде Айнара,әскерлері Біржан,Бекзат,Саят,Гүлнұр) (Сахнада Ескендір әскерлерімен тұрады) Ескендір



бет4/10
Дата28.12.2022
өлшемі32,83 Kb.
#60009
түріПоэма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1-көрініс. Ескендір рөлінде Айнара,әскерлері Біржан,Бекзат,Саят,Гүлнұр)
(Сахнада Ескендір әскерлерімен тұрады)
Ескендір.
Уа, менің жеңілмейтін әскерлерім,
Біздер үшін нұрын төксін көктегі күн
Жарты әлемді соғыспен мен жауладым,
Мына бізді қолдай берсін, Хақ тәңірім!
Есімде ғой әрбір күннің есебі,
Ауыр күндер артта қалды кешегі.
Аз емес қой жаулап алған жеріміз,
Бағындырам жер жүзін, оған күшім жетеді
Әскерлер. (Бірнеше дауыс қосарлана: «Жасасын біздің даңқты қолбасшымыз!» деген сөзді бірнеше рет қайталап айтады )
Біржан.
Әміршіміз қолбасшы ғой даңқты,
Жер жүзін өзі өзі танытты.
Мына саған тең келетін ешкім жоқ,
Бар мадақтау саған ғана лайықты
Бекзат.
О, әміршім! Сөзіңе құлақ ұрамыз,
Біз ереміз, айтқан сөзде тұрамыз!
Автор.
Жүре-жүре бір елсіз шөлге түсті,
Алып жүрген суының бәрін ішті.
Адам, хайуан бәрі де бірдей шөлдеп,
Басына құдай салды қиын істі.

Сандалды сар далада су таба алмай,


Шөлдеген жұрт қайтеді бос қамалмай?
Қызметкердің бәрін де өлтірмекші
Болыпты, шөлдегенге шыдай алмай.

Мысалы, астындағы ат о дағы ұшты,


Ескендір де атының жалын құшты.
Жалтырап сәуле берген бір нәрсеге
Патшаның ат үстінде көзі түсті.
2-көрініс (Ескендірдің әскері шөл далада шаршап-шалдығып келе жатыр,
Біржан.
Әміршім, айдан асты, шөл далада келеміз,
Тығырықтан жол таппаймыз неге біз?!
Шөлдедік біз, атымыз да болдырды
Бүйте берсек қырыламыз, өлеміз!


Біржан. О, әміршім! Өзіңсің ғой қорған да,
Артта қалды таулар менен орман да
Шөл далада өлеміз бе осылай,
Тығырықтан шығатұғын жол бар ма?!


Ескендір. (Сарбаздарының рухын көтере сөйлейді)
Асыл текті сарбаздарым, шыдаңдар!
Қиыншылық артта қалған бұдан зор!
Жеңілмейтін әскерімнің бағын бер,
Бұдан шығар жол да бізге табылар!


Гүлнүр. (алыстағы таудың етегінен бұлақ сылдырын естігендей болады)
Әміршім! Ана таудың етегінде, күн нұры
Естіледі бір бұлақтың сылдыры!
Бірнеше адам қайталап айтады. Қәне, қайда?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет