Поэмасы. «Абай қазақ әлемінің терезесі»



бет3/10
Дата28.12.2022
өлшемі32,83 Kb.
#60009
түріПоэма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Мұғалім. Дастан былай басталады.
Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?.. (аздап тоқтап, ойланып қалады) Шынында, осы жұрт Ескендірді біле ме екен?
Қайсы жұрт?
Мұғалім.Осы бүгінгі шараға жиылған жұртты айтып тұрмын.
2-мұғалім.Білмейтіндер бар деп ойлайсың ба? Онда біз алдымен негізгі кейіпкеріміз туралы түсінік берейік. Абай жырға қосқан Ескендір тарихи тұлға, тарихта болған адам. Ендеше, Ескендір туралы мәліметпен тарихшы ұстаздарымыз таныстырса, сенімдірек болар.
(мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Жанабилова Тотия Жанабиловнаның түсіндірме сөзі тыңдалады)
Мұғалім .Тотия апайларың Ескендір туралы деректермен таныстырды. Ұстазымызға рақмет айтамыз.
Ескендір” поэмасының сюжетін алғаш рет неміс романтикалық әдебиетінің көрнекті ғалымы болған француз Альберт фон Шамиссо Талмудтан алады. Шамиссодан В. А. Жуковский 1844 жылы аударады. Мұнда А. Македонскийдің қырып-жоюы туралы жырлайды. Бұл сюжет Абайды да қызықтырады. Абай сюжетінде өзгеріс бар.
Поэмада Ескендірдің аты-жөнін, әкесін, тұрған жері мен патшалығын, Ескендірдің ұстазы – Аристотельді қосады. Абай шығармасы тұпнұсқаға ұқсас.
Ал, оқырмандар күтіп қалған шығар, «Ескендір» дастанын бастайық онда.
Автор.
Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?
Македония шаһары — оған мекен.
Филипп патша баласы, ер көңілді,
Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен.

Филипп өлді, Ескендір патша болды,


Жасы әрең жиырма бірге толды.
Өз жұрты аз көрініп, көршілерге
Көз алартып қарады оңды-солды.

Сұмдықпен әскер жиып қаруланды,


Жақын жерге жау болды, тұра аттанды.
Көп елді күтінбеген қырды, жойды,
Ханды өлтіріп, қаласын тартып алды.

Жазасыз жақын жердің бәрін шапты,


Дарияның суындай қандар ақты.
Шапқан елдің бәрін де бодан қылып,
Өкіметін қолына тартып апты.

Ескендір елде алмаған хан қоймады,


Алған сайын көңілі бір тоймады.
Араны барған сайын қатты ашылып,
Жердің жүзін алуға ой ойлады.

Қан ішер қаһарлы хан ашуы көп,


Атағынан қорқады жұрт қайғы жеп.
Сол күнде қошеметші айтады екен,
Ханның ханы, патшаның патшасы деп.

Атағы талай жерге оның жетті,


Жердің жүзін алуға талап етті.
Есепсіз әскер ертіп, жарақтанып,
Есіткен елдеріне жүріп кетті.

Алдынан шыға алмады ешкім мұның,


Бәрін де алды, қорқытты жолдағының.
Жан шықпады алдынан, тоқтауы жоқ,
Жер жүзін жеке билеп алмақшының.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет