Поэмасы. «Абай қазақ әлемінің терезесі»



бет10/10
Дата28.12.2022
өлшемі32,83 Kb.
#60009
түріПоэма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Абай даналығы[1]

Мұғалім. Абай үні – жүрек үні. Абай сөзі – жүрек сөзі. Арада қанша уақыт өтсе де шығармаларын оқығанда оның жүрек соғысын кез – келген көзі ашық, көкірегі ояу адам баласы сезе алады. Абай – бар болмысымен, шын жүрегімен жырлап өткен ақынның бірі. Сондықтан да болар оның әр өлеңі жүрегімен жазылған, өлеңі мен әндері мәңгі жасап келеді.
Өзі өлсе де, өлеңдері халық жүрегінен еш өшкен емес. Абай сөздерінің әр сөзіне үңіліп қараған жан, оның әр сөзінен үлкен ғибрат, өнеге, ұлы сабақ алары хақ. Абай уағызын ұққан адамның қоғамның қадірлі азаматы болары даусыз.
Абай өзінің саналы ғұмырында ылғи да адамшылыққа тәрбиелеу адам құқының басты мақсаты екенін аңғартты.Ақынның терең мәнді туындылары бағдар тұтар темірқазығымыздай тың биіктерге шақырады да тұрады. Өлмейтұғын артына сөз қалдырған ойшыл данышпан ақынның жүрегін тербеген тамаша әндері өзінің қалың елі – қазағымен бірге жасап келе жатыр. Абайдың өнер мектебінен тараған әсем әндері қазақ сахарасында қалықтап, ұрпақтан – ұрпаққа жетті.
Ендеше бәріміз қосылып Абайдың әнін шырқайық.
Ән: «Көзімнің қарасы».

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет