Поэмасы. «Абай қазақ әлемінің терезесі»


(Ескендір әскерлерін ертіп қақпаға келеді, барлығы қақпаны сартылдатыр ұра бастайды)



бет6/10
Дата28.12.2022
өлшемі32,83 Kb.
#60009
түріПоэма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
(Ескендір әскерлерін ертіп қақпаға келеді, барлығы қақпаны сартылдатыр ұра бастайды)


Ескендір
-Кім бар мұнда, ар жағында қақпаның?
Жөн болады, жылдам маған ашқаның!
Қақпаның ар жағындағы адам. (Қақпаның ар жағындағы адамның рөлінде Алиса)
Алиса .
-Бұл кім өзі? Тыныштықты бұзған кім?
«Қақпаны аш»!- деп айқай салып тұрған кім?
Ескендір
Білмесең, мен Ескендір, саған келген
Жер жүзінде соғыста бәрін жеңген
Қақпаны аш, хабарыңды айт, білдір маған
Қорлық қой, ешқашан да көз көрмеген!
Алиса
Ей, падишаһ, әдептен аспа енді
Бұл құдайға бастайтын қақпа еді.
Ескендір
Қақпаны ашу мына менің қолымда,
Қақпаны аш! Бөгет болма жолымда!
Алиса
Мықтымын деп мақтанба, ақыл білсең,
Мықты болсан өзіңнің нәпсіңді жең.
Іші тар, көре алмайтынның біреуі-сен,
Ондай кісі бұл жерге келмейді тең.
Ескендір
Талпынған, талаптанған, мен де бір ер,
Көп жүрдім, кездей келді көрмегендер
Ең болмаса халқыма көрсетейін
Сый болсын, белгі болар, бір нәрсе бер!
Алиса . (азырақ ойланып тұрып)
Сыйым осы, падишаҺ, мынаны ал,
Саған керек құнды зат ішінде бар!
Ішінде бір нәрсе бар ақыл берер,
Апар-дағы ойланып, көзіңді сал!
(Алиса орамалға түйілген бір нәрсе береді, Саят берген сыйды алып, сахнаға жақындай келіп, көрермендерге мақтана көрсетіп, Ескендірдің алдына алып келеді)
Ескендір.
Уа халқым! Кереметті қараңдар,
Әрбіріңнін беретұғын бағаң бар
Мына мені кіргізбеді қақпадан
Бірақ құр қол қайтармады бәтшағар!
Өздерің-ақ айтарсыңдар төрелік
Қане не бар, ішін ашып көрелік.
Сарбаздар. (қосарлана сөйлейді) Иә, көрелік
(Бекзат орамалды ашады, ішінен адамның бас сүйегі шығады)


Ескендір. (ашулы түрмен)
Мынауың не? Қу сүйек қой қуарған,
Маған лайық сый болмады бұлардан!
Апар дағы лақтырыңдар далаға,
Маған лайық осындай сый бола ма?!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет