Поэмасы. «Абай қазақ әлемінің терезесі»


(Ескендір ауыр ойға шомып отырып қалады



бет9/10
Дата28.12.2022
өлшемі32,83 Kb.
#60009
түріПоэма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
(Ескендір ауыр ойға шомып отырып қалады)
Ескендір. (басын көтеріп, сарбаздарына қарап сөйлейді)
Әрқашанда барға қанағат етейін
Сарбаздармен еліме тез жетейін.
Сарбаздарым, бағытымыз ендігі
Туған жердің топырағы, елдігі
Айнара
Туған жерге ораламыз! Туған жер!
Бізге жұмақ туған жерім, думанды ел!
(Сарбаздар қуана қостайды)
(Сахна жабылады)
Автор .
Ойлап-ойлап патшаның мойны түсті,
Құдайым көрсетті деп бұл бір істі.
Бекерлік екен менің бұл ісім деп,
Қолын алып жұртына қайта көшті.

Аз-ақ сөз айттым, бітті бұл әңгіме,


Мұны бір өзге сөздің бірі деме.
Қарның тойса, қайғырма мақтан үшін,
Тоймас кезің толар деп қайғы жеме.

Қу өмір жолдас болмас, әлі-ақ өтер,


Өз күлкіңе өзің қарық болма бекер!
Ұятың мен арыңды малға сатып,
Ұятсызда иман жоқ, түпке жетер.

Мақтанасың біреуге мақтасын деп,


Шаужайымнан еш адам қақпасын деп,
Сен кеткен соң артыңнан күліп қалар,
Антұрғаннан құдайым сақтасын деп.
Ақылсыз өзін мақтап былжырайды,
Бойыңа өлшеп сөйлесең,нең құрайды?
Жақсы болсаң, жарықты кім көрмейді,
Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?!
Мұғалім.Достар, дастанда негізгі екі кейіпкер бар екенін көрдіңдер. Олар Ескендір және Аристотель. Осы кейіпкерлерге мінездеме беріп көрейік. Алдымен Ескендірден бастайық. Дастанда Ескендірді қай қырынан байқадық? Ойларыңызды дастаннан үзінді келтіріп дәледесеңіздер тіпті жақсы болады.
(Оқушылардың жауабын тыңдау. Бір оқушы микрофон беріп тұрады)
Аристотель туралы не айта аламыз?
Кез келген шығармада автор өзінің айтпақ ойын кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы береді. Шығарманың идеясы осында. Солай емес пе? Ендеше, «Ескендір» дастанының идеясы қандай. Абай атамыз осы дастан арқылы бізге не айтқысы келді екен?
(Залдағы оқушылардың пікірін тыңдау)
Мұғалім . Ескендір дастанда дәріптелмейді, сыналады. «Мақтан сүйгіш, қызғаншақ, қанішер, тойымсыз, қаһарлы, өзімшіл, тоқтау көрмей өскен жан, даңғой, долы, кекшіл, есер» деп суреттеледі.
Ескендір тойымсыз, қанағатсыз, оған жаулап алған жері соншалықты көп болса да, өзіне аз болып көрінеді
Өз жұрты аз көрініп көршілерге
Көз алартып қарады оңды-солды
Абай өз дастанында әділетсіздікке, басқыншылықты сынады. Басқыншылықтың салдарынан туындаған ашкөздікті, тойымсыздық, қанағатсыздықты сынады.
Мұғалім: «Ескендір» поэмасының идеясы әділетсіздікке, басқыншылыққа ғана қарсы шығу емес, адамгершілік қасиеттерін ашып, кісілік мұраттарға жетелейтін қанағат атты сипатты дәріптеп, ұрпақтарына серік ету. Тойымсыздық, ашкөздік, қанағатсыздық, қатыгездік, өзінен басқаны көрмеу, өзгені мойындамау, қырып-жою ұлылық па? Жоқ, бұл осалдық, патшаның өзі байқамаған сорақы әлсіздігі.
Майқы би бабамыз да «Қанағат қарын тойғызар, Қанағатсыз жігіттің жалғыз атын сойғызар» деп, қанағатшыл болуға шақырады.
Абайсыз қазақты, қазақсыз Абайды көз алдымызға елестетудің өзі қиын, өйткені ол жалпақ жұртты жақсылыққа үйретіп, жамандықтан жиренткен қазақ халқының кемеңгер ақын – шешені, кең толғар дана көсемі. Оның шалқар дария шабытынан туған таңғажайып шығармалары — жан азығының кәусар бұлағы, сөнбес шырағы.

Абай шығармашылығының тағы бір саласы – қарасөздері. ол қарсөздерін 1890-98 жылдары аралығында жазған. Өзінің көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі.


Ендеше, Махаббат сіздерге Абайдың 15 қарасөзін түсіндіріп береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет