4-көрініс (Сахнада Аристотель, Ескендір, сарбаздары)
Аристотель ролінде біржан.
(Аристотель бас сүйекті қолына алып ойланып отырады)
Аристотель. Тегін сүйек емес екен расында
Сүйек тұрсын таразының басында
-Қазынадан алтын, күміс алыңдар
Бір басына тегіс соны салыңдар
Салыңдар да қару-жарақ барлығын
Таразылап көріңдерші әрбірін.
(Таразы әкелінеді. Таразының бір басына бас сүйекті, екінші басына қазынадағы бар байлықты, тіпті қару жарақтарды салады, бірақ бас сүйек ауыр тартып тұрады)
Ескендір Өз көзіме сенбей тұрмын әлі мен
Бір қу сүйек басым түсті бәрінен
Не бар енді қу сүйектен асатын
Зат қалды ма қу сүйекті басатын?
Аристотель Бір уыстай топырақты алып кел
Сосын оны бас сүйекке шашып көр!
(Топырақ шашылады, сол кезде бас сүйегі бірден жеңіл тартып, таразының келесі жағы ауыр тартады)
Ескендір. Данышпаным, таң қаларлық ісің бұл,
Бізге енді құпиясын түсіндір!
Аристотель Бұл адам көз сүйегі білген жанға,
Тоя ма адам көзі мың мен санға?
Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да
Өлсе тояр көзіне құм құйғанда
Кәпір көздің дүниеде араны үлкен
Алған сайын дүниеге тоя ма екен?!
Қанша тірі жүрсе де өлген күні
Өзге көзбен бірдей ақ болады екен
Ашуланба, ей патшам, айтайын дат:
Алтын қақпа бермеді Сізге рұқсат
Сый сұрадың – бергені бір қу сүйек
Мұны көріп алсаңыз Сіз де ғибрат!
Ескендір. Бұл өмірде болмас деп ем арманым
Жалған дүние жартысын да жауладым
Бірақ бұл да аз боп маған көрінді
Тек соғысқа бастай бердім елімді
Бір ашкөздік жайлап алды денемді
Алған беттен қайта алмадым мен енді.
Айтыңдаршы, тоқтау айтар маған кім?
Әлі талай елді жаулап алармын.
Қу сүйектей топырақ басса жүзімді
Сонда ғана мен тыныштық табармын