П/п Наименование дисциплины


Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы ЖАН БАСПАС



бет12/33
Дата07.01.2022
өлшемі1,61 Mb.
#17642
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33
198
Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
ЖАН БАСПАС
Қара -ай көзің сүзіліп, 
Қынай белің үзіліп.
Сіз-біз деген отыз тіс
Меруерттей тізіліп;
Ұйықтамадым ой ойлап,
Жүре алмадым той, тойлап.
Санаменен сарғайдым,
Қарағым, қалқам, сені ойлап.
Үйден шықтым аттанып. 
Барайын деп баптанып, 
Ақ дидарын бір көріп, 
Қызыққа қандым шаттанып. 
Жадырап кеттім жайнадым, 
Жəннатын жердің жайладым. 
“Жан баспас” атгы əнімді 
Өзіңе,
 
қалқам, байладым.


199
Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
ЕЛДІ САҒЫНҒАНДА
Мүдіртпе қызыл тілімді, 
Көңілге алып білімді. 
Айтып бір халқым өтейін, 
Өсіп бір өнген жерімді. 
Аса самал қоңыр жай, 
Есмырза өзен, көлім-ай. 
Шілдеде келіп жайлайтын, 
Қоңыр салқын көк орай. 
Тізілтіп бие байлаған, 
Қызыл, жасыл киініп, 
Қыз-келіншек жайнаған, 
Ерлер қайда сондағы-ау. 
Айтар созге тоймаған. 
Колчак деген жау шығып, 
Қазақты жерден айдаған.
Қайырмасы:
Өзен-суың бал татыр, 
Ақ шабағың май татыр, 
Қайткен-сүйткен жерім-ай 
Атығай мен Қарауыл, 
Артта қалдың, елім-ай...
Қызыл аяқ жас бала, 
Сексендегі кемпір-шал, 
Өмірі байлық көрмеген, 
Сондай сорлы жəне бар. 
Мынау шалың кім дейді, 
Бір құдайым білмейді. 
Безіп байдан партияға, 


200
Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Оның аузын тілдейді.
Жалған дүние, тағдыр-ай, 
Күтіп алдым зарменен. 
Одан басқа дəрмен жоқ, 
Бұған қылар пəрмен жоқ.
Қайырмасы:
Өзен-суың бал татыр, 
Ақ шабағың май татыр, 
Қайткен-сүйткен жерім-ай
Атығай мен Қарауыл, 
Артта қалдың, елім-ай...




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет